Ht = (tn - t + 1) / tn (tn + 1)
мұндағы: Ht – t –ші жылдың амортизациялық мөлшері %;
tn –берілген еңбек құралының мөлшерлі қызмет ету мерзімі, жыл;
t - амортизациялық аударымы мөлшері анықталатын жылдың реттік (пайдалану басынан) нөмірі.
Мысалы, еңбек құралының мөлшерлі қызмет ету мерзімі 10 жыл болса, кумулятивтік әдіс бойынша алғашқы пайдалану жылы үшін амортизациялық аударымы мөлшері 18 пайызды (бірқалыпты әдістегі 10 пайыздың орнына) құрайды, яғни екі еседей жоғары, ал мұның өзі техниканы алғашқы пайдалану жылдарында кәсіпорынның инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтіп, сапалық тозудан келетін шығынды төмендетеді.
Азайып отыратын қалдық әдістерін іс жүзінде пайдалану деген алғашқы пайдалану жылдарында амортизациялық қордағы қаржыны айтарлықтай кеңейтуді білдіреді, мұның нәтижесінде өзіндік құндағы амортизацияның үлесін күрт өзгертеді. Бірақ кейінгі жылдарда өзіндік құнның өзгеруі бірқалыптанады.
Амортизацияның біртіндеп азаю мөлшерлі әдісін қолданған кезде алғашқы жылы амортизациялық аударым сомасын есептеуге жоғары амортизациялық мөлшері белгіленеді де, ол таңдап алынған кему ережесі бойынша біртіндеп әрбір кейінгі жылда төмендеп отырады. Әрбір жыл бойынша біртіндеп кемімелі амортизация мөлшеріне төмендегі мысалды келтірілген. Амортизациялық аударымының айлық мөлшері әр жыл үшін 1/12 жылдық мөлшері түрінде анықталады.
Мысалы:
Жыл
|
Амортизациялық мөлшері, %
|
А нұсқасы
|
Б нұсқасы
|
1
|
50
|
30
|
2
|
25
|
25
|
3
|
12,5
|
20
|
4
|
6,25
|
15
|
5
|
6,25
|
10
|
Сандарды жинақтау әдісін қолдануда әр жылдағы амортизация мөлшері амортизация мерзімінің аяқталуына дейінгі қалған амортизациялық құн ішіндегі үлесі ретінде анықталады. Бұл үлес амортизациялық аударымдар төлеу уақыты аяқталғанға дейін қалған толық жылдар санын амортизациялық мерзімін құрайтын жылдар санының қосындысына бөлу арқылы есептеледі. Әр жыл үшін бір айға келетін амортизациялық аударымдар мөлшері жылдық мөлшерін он екіге бөлумен анықталады. Төменде мүліктің бес жыл ішіндегі амортизациялық мерзіміне сүйене отырып жылдар санын жинақтау әдісімен жылдық мөлшерін есептеу мысалы келтірілген.
Мысалы:
Көрсеткіштер атауы
|
Көрсеткіштер мәні
|
Сандардың қосындысы
|
Жылдар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
15
|
Амортизациялық құндағы үлесі
|
5:15
|
4:15
|
3:15
|
2:15
|
1:15
|
15:15
|
Амортизациялық аударымдардың жылдық мөлшері, %
|
33,3
|
26,6
|
20
|
13,3
|
6,8
|
100,0
|
Отандық тәжірибеде қазіргі уақытта негізінен тек бірқалыпты әдісті қолдану басым.
Достарыңызбен бөлісу: |