Лекциялар жинағы Шымкент-2019 ж. Тақырып 1 Тақырып Нарықты қалыптастыру мәні және қағидалары, теориялық негіздері


-кесте. Негізгі капиталдың амортизациясын өндірістік әдіс бойынша есептеу



бет18/122
Дата07.02.2022
өлшемі254,25 Kb.
#83986
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   122
Байланысты:
Экономика и организация производства

2.2. -кесте. Негізгі капиталдың амортизациясын өндірістік әдіс бойынша есептеу

Мерзімі

Бастапқы құны

Өнім көлемі, дана

Амортизацияның бір жылдық сомасы

Жинақталған жылдық амор- тизацияланған сомасы

Қалдық құны
(теңге)

Өндірілген өнім мерзімдері:

30000000










30000000

1-ші жылдың соңында

30000000

50 000

54,0  50000 = 2 700 000

2 700 000

27300000

2-ші жылдың соңында

30000000

75 000

54,0  75000 = 4 050 000

6 750 000

23250000

3-ші жылдың соңында

30000000

100 000

54,0  100000 = 5 400 000

12 150 000

17850000

4-ші жылдың соңында

30000000

125 000

54,0  125000= 6750000

18 900 000

11100000

5-ші жылдың соңында

30000000

150 000

54,0  150000 = 8100000

27 000 000

3000000

Бұл кестеде жылдық амортизация сомасы мен орындалған жұмыстың өндіріс үдерісінде тікелей пайдалануымен байланысты екенін көреміз. Жинақталған тозу сомасы жыл сайын орындалған жұмыстың көлеміне немесе пайдалануға тікелей байланысты өсіп отырады, ал теңдестік құн қалдық құнына жеткенше орындалған жұмыстың бір өлшем бірлігіне тікелей тепе-тең мөлшерде азайып отырады.


Жалпы бұл әдісті нысанның пайдалану кезіндегі оның істейтін жұмысының көлемін, ол арқылы өндірілетін өнімнің санын айтарлықтай дәлдікпен анықтауға болатын жағдайда ғана қолдануға болады.
Өндірістік әдісті таңдаған жағдайда, нысанның өндірістік қуаттарын пайдалануға тәуелді болатын амортизация мөлшерінің жылдан жылға күрт өзгеріп отыруы амортизацияның өзгеру бағыты туралы толық түсінік бермейтінін, сол арқылы өзіндік құн мен қаржылық нәтижені анықтауға кері әсерін тигізетіндігін ескеру қажет.
Амортизацияны есептеудің жеделдетілген әдістері. Негізгі капиталдың кейбір түрлері пайдалану барысында дәл, тиімді қызмет етеді. Сонымен қоса, технологияның тез жетілуіне байланысты құрал-жабдықтыың сапасы жылдам ескіреді. Сол себепті өндіріске ғылыми – техникалық жетістіктерді енгізуді жеделдетуге қолайлы қаржылық жағдай туғызу мақсатында және негізгі капиталды жаңартуға мүдделі субъектілер амортизацияны есептеудің жеделдетілген әдісін қолдана алады. Жеделтетілген амортизациялық аударым әдістері негізгі капиталды өздерінің мөлшерленген пайдалану мөлшерінен бұрын есептен шығару үшін қолданылады. Бұл әдістерді қолдану барысында негізгі капиталды алғашқы пайдалану жылдарындағы есептелетін амортизациялық аударым сомасынан анағұрлым асып түседі. Өйткені, негізгі капиталдың алғашқы пайдалану, яғни жұмыс істеу жылдарындағы өнім өндіру қабілеттілігі соңғы жылдарға қарағанда едеуір жоғары болып табылады. Осыларды ескеретін болсақ, амортизациялық аударым есептеудің жоғарыда аталған жеделдетіп есептеп шығару әдісі өндірілген өнімнің өзіндік құнына сәйкестендіріліп есептеу қағидасына негізделген. Жеделдетілген әдістің қолданылуы, сонымен қатар техника мен технологияны мейлінше жетілдіруге, яғни жаңартуға орай жабдықтардың, яғни негізгі капиталдың өздерінің сапалық құнын тез жоғалтып алуына байланысты бұрын сатып алынған, сапалық жағынан тозған негізгі капиталды жаңа өнімділігі жоғары басқа да жақтары тиімді болып келетін құралдармен ауыстыруды көздейді. Жеделдетіп есептеп шығару әдісін қолдануға әсер ететін тағы да бір дәлелденген жағдай - негізгі капиталды жөндеу шығындарына байланысты. Олар, яғни жөндеу шығындары, негізгі капиталды пайдалану кездерінің бастапқы уақытына қарағанда пайдаланудың соңғы уақытына қарай өсе бастайды. Егерде негізгі капиталға жеделдетіп есептеп шығару деп аталатын амортизациялық аударым әдісін қолданған жағдайда амортизациялық аударым мен жөндеу шығындарының қосындысы негізгі капиталдың пайдаланылуы барысында бірнеше жыл бойы бір қалыпты деңгейде болады. Нәтижесінде негізгі капиталды пайдалану барысында ұйымға келтіретін пайдасы бір қалыпты мөлшерде болып қалады.
Амортизацияны есептеудің жеделдетілген әдісінің екі түрі болады:

  • сандардың жиынтығы бойынша құнын есептеп шығару әдісі (кумулятивтік);

  • қалдық құнының кеміту (қалдықты азайту) әдісі.

Кумулятивтік әдіс – латын тілінен аударғанда - өсу, жинау деген мағынаны білдіреді, яғни сандарды қосу арқылы тозу сомасы есептелінеді, демек нысанның қызмет ету мерзіміндегі жылдар санын қосу арқылы анықталады.
Құнды сандар сомасына сәйкес есептеу (кумулятивтік әдіс) есептік коэффициенті анықтаудан тұрады. Коэффициенттің бөлімі пайдалы қызмет ету мерзіміне тең жылдар қосындысын көрсетеді, ал алымын қызмет ету мерзімінің қалған жылдарын санау арқылы табады. Берілген коэффициент пайдалану кезеңінде әр түрлі, бірақ амортизация құнының тұрақты шамасына қолданылады. Бұл әдісті қолдануда амортизациялық аударымдар сомасы алғашқы пайдалану жылдарында кейінгі жылдарға қарағанда едәуір жоғары болып келеді.
Мысалы: Дизельді қондырғының болжамды қызмет ету мерзімі – 5 жыл, сонда бөлшектің бөлімі 15-ке тең болады, яғни сандар қосындысы – пайдалану жылдары (1+2+3+4+5=15, мұнда 15 – кумулятивтік сан), әр жыл үшін есептік коэффициент: 5/15; 4/15; 3/15; 2/15; 1/15. Егер дизельді қондырғының бастапқы бағасы – 100 000 теңге, қалдық бағасы - 10 000 теңге, амортизациялық құны 90 000 теңгені (100 000 – 10 000) құрайтын болса, онда әржылдық амортизация келесідей анықталады:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет