Икемді автоматтандырылған өндірістерді ұйымдастыру ерекшеліктері мен даму перспективалары. Өндірістің конструкторлық және технологиялық дайындығын ұйымдастыру
3.Икемді автоматтандырылған өндірістерді ұйымдастыру ерекшеліктері мен даму перспективалары. Өндірістің конструкторлық және технологиялық дайындығын ұйымдастыру. Өндірістік циклдің ұзақтығы өндірістік үрдісті ұйымдастыру деңгейінің маңызды көрсеткіші болып саналады және кәсіпорын экономикасына елеулі әсер етеді. Өндірістік циклдің ұзақтығын қысқарту аяқталмаған өндіріске байланысты айналымдағы құралдардың қажеттілігін азайтады, және олардың айналымдығын шапшаңдатады, жабдықтың өте толық пайдаланылуын қамтаммассыз етеді, бөлімшелердің, цехтардың және жалпы кәсіпорынның өндірістік қуатын өсіреді.
Аяқталмаған өндірістің азаюы, өз кезегінде еңбек заттарын сақтаумен айналысатын өндірістің ауданды үнемдеуге және қойма шаруашылығының персоналдар санын азайтуға әкеледі. Сонымен өндірістің циклдің ұзақтығын қысқарту тауарлық өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне және өндіріс тиімділігінің жоғарылауына мүмкіндік береді. Сонымен бірге өнімді шығаруды тездету де елеулі пайда келтіреді.
Тәжірибе жүзінде өндірістік циклдің ұзақтығы екі бағыт бойынша қысқарады: жұмыс кезеңін азайтады және әртүрлі үзілістерді ең азға жеткізеді. Нақты жағдайларда өнім мен оны өндіру ерекшеліктеріне байланысты цикл ұзақтығын қысқартудың көптен-көп елеулі көздері ерекшелінеді. Олардың ішіне жалпыланатыны: бұйымдарды қалпыландандыру мен стандарттау деңгейін көтеру; саналық бөлшектердің конструкцияларын жеңілдету; бөлшектердің, тораптардың, агрегаттардың өзара алмасулық деңгейін көтеру, өйткені құрастырғанда қиюластыру жұмыстарын ең аз шамаға жеткізуді қамтамассыз етеді; көптен-көп жоғары тиімді технологиялық үрдістерін енгізу, олардың механикаландыру мен автоматтандыру деңгейін көтеру; қосалқы жұмыстарды – тасымалдауды, бақылауды, - даярлық - қорытындылауды орындауды ұтымды жүргізу; операцияаралық пен цехаралық үзілістердің және бақылаудың қысқаруын қамтамассыз ететін жедел-күнтізбелік жоспарлаудың тиімді жүйелерін қолдану саналады.