Әдістемелік тұрғыдан келгенде мәтіннің белгілеріне мыналар жатады: 1.Сөйлеу түрі
2.Сөйлеу формасы
3.Сөйлеу стилі
4.Шығарма жанры
5.Сөйлеу тәсілі
6.Сөйлеу эмоционалдылығы
Мәтін мынадай түрге бөлінеді: 1.Әңгімелеу
2.Сипаттау
3.Талқылау
4.Пайымдау
5.Аралас
Пайдаланылатын әдебиеттер: 1.Маретбаева М.Әңгімелеу мәтіні : Монография. - Қарағанды : "Болашақ-Баспа", 2013. - 165 б. ;
(ҚР Білім және ғылым мин-гі; Қарағанды "Болашақ" университеті)
2.Әдебиет теориясы: Антология [Мәтін] = Literary theory: An Anthology : Оқулық. 4-ші том / Дж. Ривкин мен М.Райанның ред.; Ауд.: Ә.Шәріп. - 3-ші басылым. - Астана : "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2019. - 452 б. ; ("Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен "Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасы)https://openu.kz/ru/book/adebiet-teoriyasy-antologiya-4-tom
Білімді бекіту, меңгерту сұрақтары: Мәтінді әдеби талдаудың оқушылардың әдеби теориялық білімін қалыптастырудағы ролі.
Монолог, диалог деген не?
Шетел тіл білімі ғалымдарынан кімдерді атай аласыз?
Мәтінді зерттеу бағыттары немен байланысты?
Көркем шығарма ұғымы және мектепте көркем шығарманы оқытудың маңызы.
Дәріс-10.Көркем мәтіндегі суреттеу құралдары 10.1. Бастауыш сыныпта әдебиеттік оқу сабақтарында әдебиет теориясынан берілетін элементтер.
10.2.Мазмұн мен форма.
10.3.Тақырып және идея.
10.4.Композиция және сюжет
Б.Ш.Шалабай «Көркем әдебиет стилистикасы» деп аталатын еңбегінде көркем прозаның талдау түрлеріне - әңгімелеу, суретгеу, ойталқыға тоқталады.
Әңгімелеуде біреу немесе бір нәрсе туралы айтылады.
Ойталқы – кейіпкер туралы немесе оқиға туралы өз ой-толғанысы.