«Макроэкономика» пәнінен ДӘріс жинағы шымкент


Сурет 1. Салыстырмалы түрде қарағанда қатаң ақша саясаты



бет33/68
Дата11.12.2021
өлшемі1,81 Mb.
#79106
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   68
Байланысты:
Конспект лекций по макро каз 2020

Сурет 1. Салыстырмалы түрде қарағанда қатаң ақша саясаты




Сурет 2. Салыстырмалы түрде қарағанда икемді ақша саясаты

Орталық банк бір мезгілде ақша жиыны мен пайыз мөлшерлемесін тіркей алмайды. Мысалы, ақшаға сұраныс өскен кезде тұрақты пайыз мөлшерлемесін ұстап түру үшін, банк ақша ұсынысын кеңейтеді, оны сұраныстың өсуіне байланысты пайыз мөлшерлемесін өте тез өсірмеу үшін жасайды (Бұл құбылыс Р қисығын оңға қозалтады, тепе-тендік нүктеде өзгереді).

мұндағы: К — пайыз мөлшерлемесі.

М— ақша жиыны.

Ақша-несие саясатының табыстау механизмі және оның салық-бюджет, валюта саясаттарымен байланысы. Монетарлық саясат өте күрделі табыстау механизмінен тұрады. Жалпы саясаттың тиімділігі, ол, бөліктің сапалы жұмысына тәуелді. Ақша-несие саясатының төрт түрлі табыстау механизмін қарастыруға болады:

1) Орталық банк саясатының салдарынан нақты ақша ұсынысының
мәнінің өзгеруі;


  1. Ақша нарығындағы пайыз мөлшерлемесінің өзгеруі;

  2. Пайыз мөлшерлемесінің динамикасына байланысты жиынтық шығындардың (әсіресе инвестициялық шығындардың) реакциясы;

  3. Жиынтық сұраныстың өзгеруіне байланысты өнім көлемінің өзгерісі(сурет3).
    Ақша ұсынысының өзгерісі мен жиынтық ұсыныс реакциясының арасында тағы екі аралық баспалдақ жатыр, осы жағдайлар соңғы нәтижеге көп ықпал етеді.

Сурет 3


Нарықтық пайыз мөлшерлемесінің өзгерісі экономикалық агенттердің қоржын активтерінің құрылымының өзгеруіне байланысты болады, ал бұл өзгерістер Орталық банктің ақша саясатын кеңейтуінің салдары. Мұндай саясаттың салдары ретінде активтің басқа түрлерін сатып алу, несиесінің арзандауы, нәтижесінде пайыз мөлшерлемесінің темендеуі байқалады.

Ақша нарығының реакциясы Ld қисығының тікшелеу болуынан ақшаға сұраныстың сипатына, түріне тәуелді болады.



Ақшаға сұраныс пайыз мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты сезімтал болса, онда ақша жиыныңың өсуіне, пайыз мөлшерлемесінің болымсыз өзгеруі әсер етеді. Және керісінше, ақшаға сұраныс пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне элсіз әсер етсе, онда ақша ұсынысының өсуі пайыз мөлшерлемесінің едэуір төмендеуіне алып келеді (суреттер 4,5).

Келесі қадам, пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне байланысты жиынтық сұранысты түзету болады. Әдетте пайыз мөлшерлемесінің динамикасына инвестициялық шығындар әсер етеді деп есептеледі. Егерде ақша нарығында пайыз мөлшерлемесінің едэуір өзгерісі болды деп жорамалдасақ, онда пайыз мөлшерлемесінің динамикасына инвестициялық сұраныстың сезімталдығы байқалады. Басқа жағдайлар тұрақты болса, онда осы шарттан жиынтық табыстың мультипликаторлық мәнінің қеңейуі пайда болады.

Табыстау механизмі қадамдарының бұзылуына байланысты ақша саясатының төмендеуі немесе мүлдем нәтижесіз болуы мүмкін.






Сурет 4,5
Пайыз мөлшерлемесін өзгертуі экономикаға әр уақытта дұрыс әсер ете бермейді, сондықтан да Орталық банк пайыз мөлшерлемесін бір тұрақты деңгейде ұстап тұру арқылы иннестицияны тұрақтандырады, демек мультипликатор арқылы өнім көлеміне әсер етеді. Егер экономикада өрлеу болса және жалпы ұлттық өнім өссе, онда ақшаға трансакциялық сұраныс өседі. Нақты ЖҰӨ ақшаға сұраныстың бір параметрі:

((М/Р)° =кҮ-һ х К) (3)

Ақша ұсынысының тұрақты жағдайында пайыз мөлшерлемесі өседі, демек, ақша ұсынысын бұрынғы қалыпты жағдайда ұстау үшін, Орталық банк ақша ұсынысын өсіруі қажет. Мұндай жағдай ЖҰӨ өсуін қосымша ынталаңдырады және инфляцияның пайда болуына әкеледі.

Экономикадағы құлдырау және ақшаға сұраныстың азаюы жағдайында Орталық банк пайыз мөлшерлемесінің төмендеуін болдырмау үшін, ақша ұсынысын азайтуы қажет. Бірақ мұндай жағдай жиынтық сұранысты төмендетіп, экономикадағы құлдырауды шиеленістіре түседі.

Ақша-несие саясатының жанама әсерлерін де ескерген жөн. Мысалы, егерде Орталық банк ақша ұсынысын өсіру қажет деп есептесе, онда ол құнды қағаздар нарығынан облигация сатып алу арқылы ақша базасын кеңейте алады. Бірақ ақша ұсынысының өсуімен қатар пайыз мөлшерлемесі төмендей бастайды. Бұл жағдай екі коэффициентке әсер етуі мүмкін (сг және гг.). Халық депозиттегі қаржыларының бір бөлігін нақты ақшаға айналдыра алады, онда С/D = сг өседі, банктер артық резервтерін өсіреді, ол R/D = гг мәнін өсіреді [5,23б].

Мұндай шаралардан кейін ақша мультипликаторы төмендейді, бұл жағдай ақша жиының кеңейту тенденциясының төмендеуіне әсер етеді. Ақша-несие саясаты көлемді сыртқы кешеуілдеуге ие бола алады (шешім қабылданғамнан бастап, нәтижеге дейін), өйткені экономикадағы инвестициялық белсенділік өзгерісіне байланысты пайыз мөлшерлемесі тербелістері ЖҰӨ көлеміне әсер етеді, мұндай құбылыстар ұзаққа созылады. Ақша-несие саясатының қазіргі кезендегі тиімділігі Орталық банктің саясатына деген сенімділікпен тығыз байланысты.

Ақша-несис саясаты салық-бюджет және сыртқы экономикалық саясатпен тығыз байланысты.

Егерде Орталық банк тұрақты айналым курсын ұстап тұруды көздесе, онда дербес, тэуслсіз ішкі ақша саясаты болуы мүмкін емес, өйткені айнымалы курсты ұстау мақсатындағы әрекеттер, валюталык, резервтердің көбеюі және азаюы экономикадағы ақша жиыныңың өзгеруіне әкеледі. (Мысалы валюта сатып алғанда экономикадағы ақша ұсынысы өседі). Салық-бюджет және акша саясаттарын бір-біріне сәйксс келтіру белгілі қиындықтарды тудырады. Егер мемлекет экономиканы мемлекеттік шығындарды көбейту арқылы ынталандырса, онда мұндай іс-әрекеттердің нәтижесі ақша саясатымен байланысты болады.

Қазыналық саясаттың нәтижесінде бюджетте тапшылық болса, онда мұндай жағдайда тиімді, тұрақты монетарлык. саясат болмайды.

Ақша -несиелік реттеудің механизмі және құралдары

Ұлттык банк - заңды төлем құралын, яғни банкноталарды шығаруға эмиссиондық құқығы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Ұлттық банкінің эмиссиялауында шығарылады және банктерге сатып, қолма-қолсыз эквивалент алу формасында болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі - теңге болып табылады.

Ұлттық банк банкноталар мен монеталардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардын жасалуын қамтамасыз етеді, сақталу, жою және қолма-қол ақшаның инкассациялау тәртібін орнатады.

Валютаны өзгертуге тек қана Қазақстан Республикасының Парламентінің құқығы бар. Ұлттық валютаның қызмет ету шарттарын, мерзімін,тәртібін анықтау құқығы Қазақстан Республикасының Президен-тіне жүктеледі.



Ұлттық банк Қазақстан Республикасының валютасын шет ел мемлекетгерінің ақша бірліктеріне айырбастау бағамын анықтау тәртібін белгілейді[3].

Қолма-қол ақшаның айналымы, олардың банкінің кассасына үздіксіз оралып отыру жолымен жүзеге асады.

Қазақстан Республикасында ақша банкноталарын өндіру және коммерциялық банктерге инкассациялауға лицензия беру бойынша өз куштерін енгізумен байланысты, қолма-қол ақшаның жағдайы 1996 жылға дейінгі кезеңмен салыстырғанда өзгерді. Екінші деңгейдегі банктер корреспонденттік шоттағы қаражаттарының қалдығы шегінде қолма-қол ақша түрінде қолдау алады, сонымен қатар, операциялық кассадағы қолма-қол ақша қалдығына шек қойылмайды.

Эмиссия - бұл мемлекетпен банкноталардың, монеталардың, бағалы қағаздардың шығарылуы. Ол қолма-қол түрінде де немесе қолма-қолсыз ақша түрінде де болуы мүмкін.

Қолма-қол ақша түріндегі эмиссия - айналысқа банкноталар мен монеталардың қосымша шығарылуын сипттайды.



Қазақстандағы теңгенің көп мөлшерде эмиссиялануының негізгі себептерінің бірі - кәсіпорындар арасындағы дәстүрлі қолма-қолсыз есеп айырысулардың біртіндеп қолма-қол есеп айырысуларға ауысуы, бұны әрине, жағымсыз құбылыс деп есептеуге болады.

Бірақ 1995 жылы жағдай жақсара бастады, бұл кассалық түсімдердің кассалық шығындардан көбеюі нәтижесінде қолма-қол ақшаларды эмиссиялаудың үлес салмағы банк кассасында берілуі қысқарды.

Депозиттік банктердің эмиссиясы депозиттік қарыздық операциялардың процесінде іске асады. Банкідегі депозиттер сомасы несие ақшаны құру үшін қажет потенциалын жасайды. Банк салымдарын чек эмиссиясы немесе қарыз беру арқылы жұмылдырған кезде несие ақшалар құрылады. Бұл операциялардың сызбасы келесідей: 100 ақша бірлігіндегі депозит үшін міндетгі резерв 15 ақша бірлігін құрайды, қалған 85 ақша бірлігі банкі арқылы қарызға берілуі мүмкін.

Сонда айналымдағы ақша массасы: 100+85=185 ақша бірлігі болады. Бұл -сомасы 85 ақша бірлігі болатын жаңа ақшаның құрылуын білдіреді. Осы жолмен кұрылған ақшалар өз кезегінде өздері ақша эмиссиясының себебі бола алатын басқа депозиттердің пайда болуына әкеледі. Яғни ақша мультипликативті көбеюі орын алады[8, 7б].

Депозиттік банктердің эмиссиясын реттеу Ұлттық банкінің ақша базасы сияқты, ақша агрегатын және ақша мультипликациясын бақылау аркылы жүреді .



Ақша базасы - бұл Ұлттық банк шығаратын ақшалары. Оған айналымдағы қолма-қол ақшалар, міндетті және артық резервтер жатады. Міндетті резервтер - бекітілген нормативтерге сәйкес Ұлттық банкідегі арнайы шотта несие корреспонденттік шотында сақталуына міндетті банк депозиттерінің бөлігі (бұл Ұлттық банкінің келісімі бойынша тек қана қаржылық тұрақты банктермен қолданылатын резервтердің баламалы әдісі деп аталады).

Ол ақша-несие саясатының құралдарын пайдаланумен іске асады. Бұл құралдары ақша базасының кеңеюінің шегін көрсететін және ақша массасының, ақша базасына қатынасы арқылы есептелінетін ақша мультипликаторының мөлшеріне әсер етеді.



Ақша мультипликаторының мөлшері міндетті резервтеу нормасына байланысты, өйткені міндетті резервтер банктер мен несие ресурстарының

көзі болып пайдаланбайды, сонымен қатар, айналымдағы қолма-қол ақшаның үлес салмағына байланысты болады.

Бұл - айналымдағы қолма-қол ақшалардың банктерден тыс (болғанда) орналасқанда мультипликацияланбауына байланысты. Ақша мультипли-кациясының интенсивтілігі олардың экономикадағы айналу жылдамдығына әсер етеді, мультипликацияның коэффициенттік жылдамдығы азаяды.

Экономикадағы ақша айналысының жылдамдығы (бұл жағдайда банк жүйесі арқылы жүретін төлем жылдамдығы туралы айтылмайды) Ұлттық банк арқылы тікелей реттелмейді, бірақ оның мөлшері инфляция деңгейіне әсер етеді және ақша-несие саясаты үшін үлкен мәні бар. Экономикадағы ақшалардың айналыс жылдамдығының азаюы ұзақ мерзімді депозиттердің және ұзақ мерзімді инвестициялық несие салымдарының өсуін көрсетеді, бұл тек қана, жалпы экономиканың тұрақтылығы және ұлттық валютаға деген сенім болғанда ғана мүмкін. Керісінше, ақша айналысының жоғары жылдамдығы Ұлттық валютаға деген сенімнің көрсеткіші болып, ақша массасындағы қолма-қол ақша үлесінің өсуіме-нен, ұзақ мерзімді жинақтардың төменгі үлес салмағымен, шаруашылық субъекттерінің ұлттық валютасын сенімді активтерге аударуменен бірге жүреді [4].

Ақша айналысының жылдамды экономикалық монетаризация деңгейіне байланысты болады, ол ақша массасының жалпы ішкі өнімге қатынасымен анықталады. Айналыс жылдамдығы төмен болған сайын, монетаризация деңгейі жоғарылайды.

Ақша саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады.

Ақырғы мақсат:

а)экономиканың өсуі;

ә) толық жұмысбастылық;

б)бағаны тұрақтандыру;

в)төлем балансын тұрақтандыру.

Аралық мақсат:

а) ақша жиыны;

ә) пайыз мөлшерлемесі;

б)айырбас курсы
Құралдары:

а) несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу;


ә)міндетті резервтер нормасының өзгеруі;

б) есептеу мөлшерлемесінің өзгерісі;

в) ашық нарықтағы операциялар.

Тікелей (а) және жанама (ә,б,в) құралдарының арасында айырмашылықтар бар. Жанама құралдарды тиімді пайдалану ақша нарығының дамуымен тығыз байланысты. Нарықтық экономикада эсіресе алғашқы өзгерістер кезеңінде, тікелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын ығыстырады.

Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдык және басқа да саясаттарды ескере отырьтп, несие-ақша саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бір бағыты ретінде қарастырылады.

Аралық мақсаттар нарықтық жағдайда тікелей орталық банктің жанама құралдары арқылы жүзеге асырылады[10,25б].



Бұл мақсаттарға жетуде Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізуде. Нысанаға алатын ақша базасы келесідей ақша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:

  • қайта қаржыландыру мөлшерлемесі: ресми мүдделендіру мөлшерлемесі деңгейін белгілеу; ҚҰБ-те (Қазақстан Ұлттық банкі) жинақталатын ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу, оның ішінде сырттан тартылған қаражаттарды мерзіміне, көлеміне және түрлеріне байланысты жіктеу;

  • мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша
    нарығындағы операцияларды жүргізу;

  • банктерге және үкіметке несие беру;

  • валюталық нарықтағы басқыншылық;

  • кейбір жағдайларда несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу;

  • ресми есепке алу (дисконттык) мөлшерлемесі.

ҚҰБ өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржылан-дыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді.

Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ мүдделендіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланады.

ҚҰБ пайыз саясатының басты мақсаты — айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс.

Қазақстандағы инфляциямен күресудің тағы да бір маңызды факторы -шетел валютасына деген артық сұранысты төмендету. Теңгені енгізгеннен кейінгі жарты жылдай уақыт ішінде, валюталардың бағамдық айырмасы есебінен алыпсатарлық табысқа қол жеткізу мүмкіндігінің салдарынан банктің қысқа мерзімді капиталдары несиелік нарықтан валюталық нарыққа ауысты. Теңгенің айырбас бағамы анықталатын сыртқы көрінісі мен сыртқы құны арасындағы шекті қатынастың бұзылуы ұлттық валютаның тұрақсыздығын одан сайын арттырды.

Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесі ақша нарығындағы қаржылық операциялардың барлық түрлеріне пайыз мөлшерлемесінің белгілеу базасы ретінде қызмет етеді.

Қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің шамасы ақшалай қаражаттарға деген сұранысқа және инфляция деңгейіне байланысты келеді. Ұлттық банк мүдделендіру мөлшерін реттеу арқылы республиқамыздағы ақша жиыныңың шамасына әсер етеді және нссиеге деген сұранысты арттыруға немесе қысқартуға мүмкіндік жасайды. Ресми пайыз мөлшерлемесінің деңгейі екінші деңгейдегі банктер үшін, Ұлттық банк саясатының ақша жиыныңа бақылау жасау шегіндегі негізгі бағыттарын сипаттайтын басты бір керсеткішті білдіреді.

Ұлттық банктің ресми пайыздары, оның тікелей бақылауына жатпайтын несиелік ресурстар нарығының шартына сай банктер дербес белгілейтін нарықтық пайыз мөлшерлемесіне жанама түрде ықпал етеді. Соның негізінде сұраныс пен ұсынысқа байланысты саудада белгіленетін Ұлттық банктің қысқа мерзімді шоттары бойынша, банкаралық несиелер және мемлекеттік қысқа мерзімді несиелер бойынша пайыз мелшерлемелері жыл бойына Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты төмендеп отырған.

Пайыздың нақты бейнелері, өз кезегінде инвестициялау үшін элеуеттік ресурс болып табылатын депозиттердің несиелік мекемелерге ағылуын арттыра түсті.

Ақша жүйесіндегі жанама реттеу құралын қарастырамыз. Коммерциялық банктер Орталық банкке пайыз мөлшерлемесі есептелмейтін салым ретінде ақшаны сақтайды. Бұл депозиттегі ақшаларының белгілі бір бөлігі, мұны міндеіті резервтер деп атайды.

Әр мемлекетте ақшаны сақтау формалары әр түрлі болады. Міндетті резервтердің нормасы депозиттің көлемімен белгілі бір пайыз мөлшерлемесі арқылы тағайындалады. Олар салымның түрлеріне байланысты бөлінеді. Мысалы, жедел салым талап етілген салымнан төмен болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет