Зерттеу жұмысы: Балабақша ауласындағы басқа да өсімдіктерді туып, оларды бақбақпен салыстыру. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу.
Еңбек: Гүлзар айналасын қоқыстар мен түскен жапырақтардан тазалау. Мақсаты: Балалардың үлкендерге көмек көрсетулерін қолдап, ынталарын арттыра түсу, үлкендер еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Қимылды ойын: «Гүлді кім тез табады»
Мақсаты: Балаларды аңғарымпаздыққа, зейінділікке, сезгіштікке тәрбиелеу.
Жаттығу ойындары: «Баскетбол»
Мақсаты: Баскетбол ойынындағы қимылдарды жасап,жаттығу. Допты оң, сол қолмен жерге ұрып, жаттығулар жасау.
Халық болжамы:
Күндіз бақбақ «басын» жапса - жаңбыр болады.
Шілде
Серуен №4
Кұстарды бақылау.
Мақсаты: Балалардың құстардың жазғы тіршілігі туралы білімдерін молайту. Құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.
Бақылау барысы
Балаларға сұрақтар
Қандай құстарды білесіңдер?
Қыстап қалатын құстарға қандай құстар жатады?
Ұшып кететін құстарға қандай құстар жатады?
Біздің ауладан қандай құсты жиі көруге болады?
Құстардың ең көп мекендейтін жері қай жер деп ойлайсыңдар?
Құстардың адамға, табиғатқа қандай пайдасы бар?
Құстар жайлы қандай тыйым сөздерді білесіңдер?
Құстар – аса ұшқыр, қанат қауырсындары әдемі табиғаттың ғажайып бір мүшесі. Құссыз орман, көлдердің сәні келмейді. Құстар табиғатқа тек көрік беріп қана қоймайды, орман, бау-бақша зиянкестерін жойып, адамға көп көмегін тигізеді. Құстардың «тазалықшы» ролі де ерекше. Ұсақ құстар аса қатерлі ішек ауруларын тарататын, адам, малға зиян келтіретін көптеген шыбын-шіркейлерді, маса, соналарды жояды. Құстар жазда балапан басып шығарады, оларды өз бетінше өмір сүруге үйретеді. Балапандары аяқтанып, өз беттерінше тамақтанып, қауырсындары қатайып, ұшуға жараған кезден бастап алыс жолға дайындала бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: |