Мазмұны Алғы сөз І тарау. Сурдопедагогиканың теориялық негіздері және даму тарихы


Тәрбие заңдылықтары, мақсаттары, міндеттері, қағидалары



бет109/146
Дата19.05.2020
өлшемі0,96 Mb.
#69691
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   146
Байланысты:
surdopedagogika kazaksha okulyk

Тәрбие заңдылықтары, мақсаттары, міндеттері, қағидалары

Тәрбие адамдардың - түрлі өмір әрекет сферасында өзара әрекет жасау процесінде, соның ішінде басты рөлдегі мектепте жүзеге асады.

Тәрбие қоғамдық дамудың осы кезеңінде жаңа көріністер тапты. Адам тәрбие жүйесінің орталығында өмірдің жоғары, бағалы құндылығы болып табылады. Оқыту және білім беру тәрбиенің құрамы болып табылады. Адам тұлғасының қалыптасуында таңдалған еркіндік тәрбие мәселесінің негізгі әдістемелік шешімі болып табылады.

Тәрбие процесінің негізгі бір сипаттамасы – оның мақсатты бағытталуы. Тәрбиенің мақсаты – бала тұлғасын жан-жақты дамытуға көп образды әрекет түрлері жатады (интеллектуалды, қоғамдық, еңбек, спорттық, ойындық, коммуникативті).
Қойылған мақсаттармен байланысты тәрбиешілердің алдына келесі міндеттер қойылады:


  • Оқушыларға өмірдегі өз орнын табуға және анықтауға көмектесу ;

  • Баланың болашақтағы руханилылығын жүзеге асыру, талаптарын қалыптастыру;

  • Қызметтің түрлі сферасында баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • Еңбекті құрметтуге тәрбиелеу және еңбекке деген құлшынысын қалыптастыру;

  • Қоршаған ортамен барлық тұлғалық қарым-қатынасын қалыптастыру;

  • Заңды құрметтеуге тәрбиелеу, адамның азаматтық және әлеуметтік жауапкершілігін дамыту;

  • Өзіне-өзі баға беру қабілетін дамыту;

  • Салауатты өмір сүру салтындағы талаптарға тәрбиелеу;

  • Жақсы жанұяға ие болып, толық бақытты өмір сүре білу қабілеттілігін дамыту.

  • Естімейтін және нашар еститін оқушыларды еститіндер ортасында қабылданған сөйлеу қарым-қатынасында оқыту керек.

  • Ауызша сөйлеу тілін өз ұжымында үйрету, ұжымның кез-келген мүшесімен диалогтық дағдыны қалыптастыру.

  • Тәрбиеші мектеп-интернаттың педагогикалық ұжымдық бірлігінде тәрбиешінің тұлға аралық және рөлдік қарым-қатынасында қалыптастырады.

  • Тәрбие-бұл қажетті әлеуметтік, рухани-адамгершілік, эмоционалды

құндылықтарды меңгере отырып, адам тұлғасының дамуы үшін

жағдай туғызуды ұсынатын мақсатты бағытталған процесс.



  • Жасөспірімдер мен балаларда рухани адамгершілік қалыптасуы-қоғамдық дамудың маңызды бөлігі.

  • Қазіргі уақытта білім беру сферасында мемлекеттік саясат принципін жетілдіру жолында Қазақстанның білім беру жүйесінде тәрбие бағдарламасы жасалған және қабылданған. Ол тәрбиенің әлеуметтік институтының қоғамдық статусын жоғарлатуға мемлекеттік, қоғамдық, жанұялық тәрбиенің өзара байланысына, білім берудің барлық түрінде тәрбие механизмін бекітуге бағытталған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет