Ата – аналар/педагогтарға арналған сауалнама
«Есту интеграциясының шкаласы»
Баланың аты –жөні: Туылған күні Жасы КИ сөйлеу процессорын 1-ші түзеткен күні оң/сол құлағы
КИ жасы________________ Сауалнама жүргізілген күні________________
Белгілейтін санды дөңгелектеу керек.
0=ешқашан, 1=сирек (<50%), 2=кейде (>50%), 3=жиі (>75%), 4=әрқашан
1а. Балаңыз еш қарсылықсыз КИ үнемі (ұйықтамаған кезде) тағып жүре ме?
0 1 2 3 4
1б. Балаңыз КИ-ді тағып беруін сұрай ма, әлде есіне салмай-ақ, өзі барып тағып ала ма? 0 1 2 3 4
1в. Балаңыздың дауысын қолдануына КИ таққанның әсері бар ма? 0 1 2 3 4
2а. Балаңыз КИ-дің бірнәрсесі дұрыс болмаса сізге хабарлай ма, әлде белгілі себептерге байланысты істемей қалса, балаңыздың көңіл – күйі түсіп кете ме? 0 1 2 3 4
2б. Балаңыз буындар мен буындар қатарын «сөйлеу» деп қабылдап, соларды айта ма? 0 1 2 3 4
3. Балаңыз тыныш жерде атын (есімін) атап шақырғанда (шақырып тұрған адамды көрмей), бұрылып қарайды ма? 0 1 2 3 4
4. Балаңыз шулы жерде есімін атап шақырғанда (шақырған адамды көрмей), бұрылып қарай ма? 0 1 2 3 4
5. Балаңыз үйдегі тұрмыстық дыбыстарға (есік қоңырауы, телефон, т.б.), арнайы нұсқаусыз, өз бетімен назар аудара ма? 0 1 2 3 4
6. Балаңыз басқа жерлерде (дүкенде, көшеде, қонақта) таныс емес дыбыстарға өз бетімен назар аударып, «Бұл не?» деп сұрай ма, немесе сұраулы көзбен сізге қарай ма? 0 1 2 3 4
7. Балаңыз үйде күнделікті кездесетін тұрмыстық дыбыстарды, мысалы, есік қоңырауы немесе телефон шырылын таниды (біледі) деп есептейсіз бе?
0 1 2 3 4
8. Балаңыз екі сөйлеп тұрған адамды (анасы мен әкесі) дауыстарын қарап ажырата ала ма? 0 1 2 3 4
9. Балаңыз тілдік және тілдік емес дыбыстарды есту арқылы ажырата ала ма? Мысалы, баланың арт жағында біреу сөйлеп тұр, ал бала одан «Не?» деп сұрайды. 0 1 2 3 4
10. Балаңыз сізді көрмей, сіздің көңіл-күйіңізді (ашу, алаңдаушылық, қуану) даусыңыз арқылы біле ме? 0 1 2 3 4
Жалпы бағасы: 0 - ______ 1 - _____ 2 - ______ 3 - ______ 4 - ______
Жауаптарды талдау
Бағалау шкаласы (0 – 4): 0=ешқашан, 1=сирек, 2=кейде, 3=жиі, 4=әрқашан
Жалпы нәтижелері:
Негізгі көрсеткіш (баланың КИ тағуға деген мұқтаждығын бағалайды): 1 – 2 сұрақтар =______
Дыбыстарға еріксіз назар аударуының көрсеткіші (баланың дыбыстарға еріксіз назар аударуын бағалайды): 3 – 6 сұрақтар = ______
Қоршаған орта дыбыстарын білуінің көрсеткіші (баланың дыбыстарды білуін бағалайды): 7 – 10 сұрақтар = _______
Жалпы бағасы:
Достарыңызбен бөлісу: |