ҚОСЫМШАЛАР
Ата – аналарға/педагогтарға арналған сауалнама
«Ауызша сөйлеу тілін қолдану шкаласы» (АСҚШ)
Сауалнаманың мақсаты: баланың ауызша сөйлеуді қолдануын бағалау.
Сауалнаманы жүргізу барысын сипаттау:
1-3 сұрақтары баланың өз дауысын бақылауын бағалауға арналған. Осы сұрақтарға «жиі», «әрқашан» деп жауап берсе, онда бала өз дауысын естиді және өзгелердің де оны еститінін түсінді.
4-8 сұрақтары баланың сөйлеу қабілетінің пайда болуы мен дамуын және оны қарым – қатынаста қолдануын бағалайды. Осы сұрақтарға «жиі», «әрқашан» деп жауап берсе, бала өзінің айтқандарын басқалардың түсінетінін түсінді.
9-10 сұрақтары баланың қарым – қатынас жасау тәсілін бағалайды. Егер осы сұрақтарға «жиі», «әрқашан» деген жауап берілсе, онда баланың айналасындағы адамдармен тек сөйлеу арқылы ғана қарым –қатынасқа түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |