Ата –анасы (бауырлары, апасы, атасы, т.б.) білетін оқиғаны айтып беру үшін өз бетімен сөйлеуді қолдана ма? 0 1 2 3 4
Ата –аналарға/педагогтарға сұрақ:
Егер бала өз отбасымен бірге өткізген мейрам немесе оқиға (мысалы, жаңа жыл, туған күн) туралы айтақанда, ауызша сөйлеуді қаншалықты деңгейде қолданады?
Немесе өзінің жақсы көретін кітабын қалай «оқиды», немесе отбасында болған оқиғаны қалай жеткізеді. Жестті қолдана ма? Жестті жиі қолдану бағалауды төмендетеді.
Ата –анасы (бауырлары, апасы, атасы, т.б.) білмейтін оқиғаны айтып беру үшін өз бетімен сөйлеуді қолдана ма? 0 1 2 3 4
Ата –аналарға/педагогтарға сұрақ:
Мысалы, ата – анасы білмейтін оқиғаны (бала – бақшада, көшеде, т.б.) айтып беру үшін, бала ауызша сөйлеуді қаншалықты белсенді қолданады? Жестті қолдана ма? Жестті жиі қолдану бағалауды төмендетеді.
Балаңыз еститін адамдармен қарым –қатынас жасау үшін, ауызша сөйлеуді қолдана ма? 0 1 2 3 4
Ата –аналарға/педагогтарға сұрақ:
Еститін адамдар онымен сөйлесе бастағанда, балаңыз не жасайды? Мысалы, өзімен сөйлескен адамға балаңыз «Сәлем!» деп айта ма, немесе есіне салмай – ақ, өз бетімен «Рахмет» айта ма?
Балаңыз қоштасарда өз бетімен «Сау бол» деп айта ма?
Балаңыздың жақын таныс емес адамдармен сөйлескені туралы айтып беріңіз. Немесе көршілерімен әлде ата – анасының достарымен қалай сөйлесетіні туралы айтып беріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |