Авторлары: Archbold S. Nottingham Pediatric Cochlear Implant Programme, Nottingham, England, 1993.
Орыс тілді нұсқа – Королева И.В., Дмитриева И.В. Санкт –Петербург, Ресей, 1999.
Мақсаты: кохлеарлы имплантталған балалардың тұрмыстық дыбыстар мен сөйлеуді естіп қабылдауын бағалау.
Жасы: Барлық жастағы балалар (өте кішкентай балалар үшін дыбыстарды табуды ғана бағалайды).
Материалдар: Екі суреттен тұратын топтама. Міндетті түрде екеудің біреуі таңдалуы керек. Екі жауап парағы және нұсқаулар.
Тест барысын сипаттау: Тест ұсынылып отырған сипаттамаға сәйкес жүргізіледі. Баланың дыбысқа берген реакциясын тікелей немесе жанама түрде бақылауға болады. Тікелей бақылауға тестті жүргізіп отырған педагогтың бақылауы жатады. Алынған мәліметтер 1-ші парақтың «Тікелей бақылау» бағанына жазылады. Жанама бақылауға, тесттен тыс уақыт кезіндегі баланың дыбысқа берген кез келген реакциясы жатады. Кейбір жағдайда бала экспериментальды жағдайға қосылмаса, яғни ешқандай реакция бермей, бас тартса, онда көп реакцияларын бақылау мүмкін болмай қалады. Ондай жағдайда ата –анасынан немесе оқытып жүрген педагогтан сұрап, солардың берген мәліметтері жанама бақылау ретінде тіркеледі. Бірақ, қандай жағдай болса да, тікелей бақылау арқылы мәлімет жинауға тырысу керек. Егер тікелей бақылау арқылы мәліметтер алынса, онда «Жанама бақылаулар» бағанын толтырудың қажеті жоқ. 2-ші жауап парақтың мәліметтеріне қарап толтырылатын 1-ші парақтың алғашқы екі жолын міндетті түрде толтыру керек болады.
Барлық мәліметтер (көру арқылы қабылдаусыз) тек қана есту арқылы алыну керек. Кері байланыс болмау керек (бала өзінің дұрыс не бұрыс жауап бергенін білмеуі керек). Тестілеуге үйрету кезінде (тестілеуді жүргізуге дайындық кезінде) кез келген көру арқылы қабылдауды қолдануға болады.
Қоршаған орта дыбыстарын тану және табу жайлы жанама бақылаудың мәліметтерін алу үшін «Қоршаған орта дыбыстары» деген екінші сауалнаманы қолданамыз. Ол сауалнаманы ата – аналарға толтыруға беру керек. Барлық жауаптар қосылады да, шыққан суммаға байланысты әр бағанның («Табу», «Тану») көрсеткіші анықталып, парақтың төмен жағында белгіленген жерге жазылады. Осы жалпы көрсеткіштерді бірінші параққа, ЕҚД тестіне кіргіземіз. ЕҚД тестінің 1-ші парағының бірінші жолына «Табу» бағанының жалпы көрсеткіші, ал екінші жолына «тану» бағанының жалпы көрсеткіші жазылады. Сондай–ақ дыбыстық сигналдарды кестедегі кезектілікпен беру шарт емес. Баланың жауабына және жағдайға қарай әртүрлі кезектілікпен ала беруге болады.
Бағалау: Тестілеу кезінде әр дыбыстық сигнал көп дегенде 5 рет беріледі. Егер бала 3 рет қатарынан дұрыс жауап берсе, онда 2 балмен бағаланады (әрқашан). Егер олай болмаса, онда 5 ретке дейін жеткізеді. 5 рет берген кезде, 2 рет және одан да көп жауап берсе, бірақ бірден емес (мысалы, 2 рет дұрыс сосын қателесіп, қайтадан дұрыс жауап берсе), онда 1 баллмен бағаланады. Бұдан да аз дұрыс жауап болса, онда 0 баллмен бағаланады.
2-ші парақты толтырған кезде, тест тапсырмасын орындаған кезде қайталап дұрыс жауап берсе және баланың жауабы нақты болса, онда 2 балл қойылады. Егер кейде ғана дұрыс жауап берсе және баланың жауабы тұрақсыз болса, онда 1 балл қойылады. Егер реакция немесе жауап болмаса, онда 0 балл қойылады.
Бұл тест баланың түрлі дыбыстарға реакциясының динамикасын және осы реакциялардың тұрақтылығын бағалайды. Баланың жауабы сенімсіз болса, онда баланың ата – анасынан немесе сол баламен жұмыс істеген педагогтан сұрап, солардан алынған мәліметтерді «Жанама бақылау» бағанына енгізу керек.
№2 Тест Сөздің буындық құрамын қабылдау
Достарыңызбен бөлісу: |