Мазмұны Алғы сөз І тарау. Сурдопедагогиканың теориялық негіздері және даму тарихы


Автор: Norman Erber (1978). Орыс тілді нұсқа – Королева И.В., Дмитриева И.В. Санкт –Петербург, Ресей, 1999. Мақсаты



бет69/146
Дата19.05.2020
өлшемі0,96 Mb.
#69691
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   146
Байланысты:
surdopedagogika kazaksha okulyk

Автор: Norman Erber (1978).

Орыс тілді нұсқа – Королева И.В., Дмитриева И.В. Санкт –Петербург, Ресей, 1999.



Мақсаты: Сөздің буындық құрамын тану қабілетін бағалау, соның ішінде буындардың санын анықтау. (бір буынды, екі буынды және көп буынды). Буындық құрамы дұрыс анықталған сөздерді тану қабілетін бағалау.

Жасы: екі жас және одан да үлкен.

Материалдар: Заттың атауын білдіретін 12, 6 және 3 сөзден тұратын топтамалар және соған сәйкес суреттер таңдалған болу керек.

Қойылатын талаптар: Бала қажетті суретті, затты көрсете алу немесе керекті сөз жазылған табличканы таңдай алу немесе сөзді анық қайталай алу керек. Ең маңыздысы, керекті суретті (затты, табличканы) көрсету керек. Дегенмен, ересек балалар сөзді қайталауы мүмкін.

Тест жүргізу барысы: Тексеруші алдымен баланың тесттегі сөздерді білетінін тексеріп алуы қажет. Тексеруді 12 суреті бар беттен бастайды. Алдымен тексеруші суреттерді өзі атайды. Өйткені баланың түсініксіз сөйлеуінен және суреттерді дұрыс атамауының салдарынан түсініспеушілік болуы мүмкін. Өзі атағаннан кейін баладан сол суретті көрсетуін сұрайды. Үйрету кезінде кез келген көру арқылы берілетін жеңілдіктерді қолдануға болады. Осы тексерудің нәтижесіне байланысты тексеруді қай тесттен бастауға болатыны анықталады. Балаға сай келетін сөздер жинағын таңдаңыз. 3 немесе 6 сөзден тұратын тест кішкентай балалар үшін, 12 сөзден тұратын тест ересек балалар үшін.

Ескерту: Тестті қолдануда жас ерекшелігін ескеру қатып қалған заңдылық емес. Кейбір кішкентай балалар он екі сөзді де жақсы білуі мүмкін, ал кейбір ересек балалар ( 5- жастан жоғары) 12 сөзді білмеуі мүмкін. Сондықтан оларға үш немесе алты сөзден тұратын тестті қолдану керек. Тестті жүргізер кезде баланың сол тесттегі сөздерді білетінін міндетті түрде анықтау керек. Тілдік дамуы төмен деңгейдегі балаларды үйде жаттықтыру қажет. Баланың ата – анасына үйде жаттықтыру үшін сөздердің (суреттердің) көшірмесі беріледі. Тиімді нәтиже алу үшін операцияға дейін берген жөн.

Нұсқау:

  • Баланың алдына алдын-ала таңдалып алынған суреттер/сөздер жинағы қойылады. Айтылған сөзді естіген соң, сәйкес суретті көрсетуін сұрайды. Баланың сөзді қайталауы міндетті емес, сәйкес суретті көрсетсе жетеді. Бала жауап ретінде сол суретке сәйкес кішкентай карточкаларды көрсетуі мүмкін.

  • Тестілеу кезінде еріннен оқуға болмайды, демек тек есту арқылы ғана жүреді. Баланың дұрыс немесе дұрыс емес жауап бергенін де айтуға болмайды (кері байланыс болмау керек).

  • Әр сөз бір рет қана айтылады, сосын бала міндетті түрде жауап беруі керек. Бала сөзді түсінбей қайталауды сұраса, сөзді қайталауға болады. Бірақ бірінші айтылудың нәтижесі тіркеледі.

Ұсынылу кезектілігі: Ұсынылу кезектілігі кездейсоқ (ретсіз) болуы керек. Себебі келесі қандай сөз айтылатынын бала білмеуі керек. Негізі бір тестілеуде бір ғана жинақ ұсынылады. Егер бала өте жоғары балл алса, онда осы тестті қайтадан ұсынудың қажеті жоқ. Бұндай жағдай 3 немесе 6 сөзден тұратын тестті ұсынғанда болса, онда көлемі үлкенірек тестке көшеміз. Мысалы, 6 сөзден тұратын тестті бала 100% орындаса, онда келесі кезеңде 12сөзден тұратын тест береміз. Жалғастыру керектігі жайлы шешімді тексеруші қабылдайды. Егер уақыт жеткілікті болса және баланың қызығушылығы болса, онда тесттің келесі күрделірек деңгейіне өтіп жалғастыруға болады.

Егер 12 сөзден тұратын тест қолданса, онда әр сөзді екі реттен береді. 6 сөзден тұратын тестті қолданған кезде әр сөз 3 реттен беріледі.3 сөзден тұратын тестті қолданғанда әр сөзді 4 реттен береміз. Тесттілеуді 12 ай (6 ай аралықта) жиілікте өткіземіз.




  1. 3 Тест Бір буынды сөздерді жабық таңдауда тану



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет