Баланы тапсырма міндеттерімен таныстыру: Тапсырманы қалай орындау керек екенін балаға түсіндіріңіз. Алдымен, тек екі бағанды ашып көрсетеді. Педагог айтқан екі сөзді (мысалы, «екі бала»), бала естіп, соған сәйкес суретті көрсетуі керек немесе қайталауы тиіс. Егер бала тек суретті ғана көрсетсе (қайталамай), онда жауап берді деп есептеледі. Ұсынылған екі сөзге бала дұрыс жауап берген соң, сөздердің санын 3 немесе 4 сөзге дейін көбейтуге болады. Егер бала тапсырманы мүлде түсінбесе, онда қалай орындау керек екенін педагог немесе көмекшісі көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |