Сурдопедагогиканың мақсатын коррекциялық-педагогикалық жұмыстың, оның жалпы бағытталуын шарттайтын және орындайтын қорытындысы ретінде түсінуге болады.
Есту қабілеті зақымдалған балалардың білім алуының мақсаты - нақты, соңғы және бірдей болып келеді. Сурдопедагогиканың мақсаттарының нақтылығы оқу-тәрбие процесіне, анықталған деңгейіне, пәніне, тақырыптық элементіне жатады. Білімнің кез келген деңгейінде оның мақсаттары объективті және субъективті түрде алға шығады. Ф.Г.Кумбс «Қоғамның және білім беру жүйесінің алдында күрделі қиыншылықтардың бірі болып, нақты, анық және оның негізгі мақсатын, бірінші кезектілік міндеттерін анықтау керек» деп белгілейді.
Педагогикалық жұмыстардың келесі мақсаттары бар: ғылым және өнердің нақты саласында білімді алу, практикалық икемділіктердің, дағдылардың қалыптасуы және жетілдіруі, өз бетімен білім алуы, өз бетімен даму технологияларына оқыту, баланың жеке тұлғасының дамуына, жеке қабілеттерін ашып көрсетуге ең кең түрде шаралар құрау, адамның жан-жақты дамуы.
Педагогикада ең маңызды орын ойлаудың дамуына беріледі. П.П.Блонский былай деп мәлімдейді: «Бала дамитын тұлға, тәрбие де бұл даму. Даму - мақсаты бар, анықталған процесс. Тәрбиенің мақсаты –баланың ойын дамыту». Ч.Куписевичтің көзқарасы бойынша, жалпы білім берудің негізгі мақсаты «барлық оқушыларды олардың қабілеттіліктерін есепке ала отырып, интеллектуалды дамуының оптимальдығын қамтамасыз ету», бірақ «бұл мақсат өзімен-өзі шықпайды, тәрбие мақсаттарының бірлігімен шығады», тек жеке аспектілерін қалыптастыруға ғана емес, сонымен қатар баланың жеке тұлғасын толығымен қалыптастыруға бағытталған» болып табылады.
Сурдопедагогиканың мақсатын анықтау алдында, есту қабілеті зақымдалған баланың дамуы өз алдына индивидтің биологиялық, әлеуметті және психикалық жетілуіне бағытталған. Тек арнайы толық ұйымдастырылған білім беру, есту қабілеті зақымдалған балалардың сақталған анализаторларын, снесорикалық жетіспеушіліктерінің белсендіруін қамтамасыз етуі мүмкін.
Есту қабілеті зақымдалған оқушыларды өз бетімен өмір сүруге дайындау негізінде, олардың өзін дамыту мүмкіншіліктеріне сүйенген дұрыс. И.П.Павлов: «адам жалғыз өзін-өзі реттеуші жүйе» деп көрсеткен. В.И.Бельтюковтың зерттеулерінде «есту қабілеті перифериялық түрде зақымдалған балаларда, басқа мүшелері зақымдалған балалар сияқты, ішкі реттеуші механизмдері сақталған» деп көрсетілген. Басқа сөзбен айтқанда, есту қабілеті зақымдалған балалардың дамуының негізінде тек сыртқы факторлар, коррекциялық әрекеттер ғана емес, сонымен қатар ішкі заңдылықтар, талпыныстар жатыр. Естімейтін және нашар еститін балалардың өз бетімен даму және өз бетінше ұйымдастыру қабілеттіліктері рельефті түрде көрінеді, білім алу процессінде олар таным, қарым-қатынас және іс-әрекет субъектісі бола алады.
Сол себептен, сурдопедагогиканың жалпы мақсаты - есту қабілеті зақымдалған адамның таным, қарым-қатынас субъекті іс-әрекеті ретінде, психикалық және әлеуметті, позитивті физикалық толық дамуымен бекітіледі
Сурдопедагогикада практикалық және теоретикалық міндеттер шешіледі. Сурдопедагогиканың практикалық міндеттері білімділік, тәрбиелік және арнайы болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |