Дегенімен, Ежелгі Русь мәдениеті – орыс мәдениетінің қайнар бұлағы болып саналады. Оның басты мәдени құндылықтары – қасиетті жырлар, мифология, аңыз-ертегілер. Ежелгі славяндар пұтқа табынушылықты бастан кешірген, сондықтан да болар Ресей топырағынды пұтқа табынушылық мәдениетінің дамуы жоғары болды.

Олар әр орманды, бұлақты, құдықты, тіпті жекелеген ағаштарды да жанды нәрсе деп түсінген. Табиғатқа, жер-анаға бауыр басып, етене жақын болған аңғырт славяндардың табынған құдайлары да табиғаттың құпияларына байланысты болып келеді.
Кейінгі Русьтің Византиядан христиан дінін қабылдауы орыс мәдениетінің тарихындағы бетбұрыс кезең болды. Ол 988 ж. князь Владимирдің басшылығымен қабылданды. Шіркеулер Русьте таңғажайып ғимараттардың көптеп салынуына, атап айтқанда барлық салаларының жан-жақты өркендеуіне алғашқы мектептердің ашылуына, тарихи шежірелердің жазыла бастауына айрықша ықпал етеді. Мысалы, князь Ярослав (X ғ.) кезінде тұрғызылған киевтік София соборы – таңғажайып ескерткіштердің бірі болды.