VI-XII ғасырларда Қазақстан аймағын мекендеген халықтар мен ұлыстар мәдениеті туралы жазба әдебиеттен, археологиялық жазбалардан және құлыптастарда жазылған қайнар көздерден білуге болады. Мәдениетің дамуына Қазақстан халқының Қытаймен, Орта Азиямен, Волга Булгариясымен, Киев Русьмен “Ұлы Жібек жолы” арқылы байланысы әсер етті. Бұл кезең мәдениетіне тән ерекшелік қалалардың, қала тұрмысының өркендеуі болды.