Диастазаға зәрді жинау
Мақсаты: диастазаның мөлшерін анықтау (ұйқы безі ферменттерін).
Қолдану көрсетілімдері: ұйқы безі аурулары (панкреатит), өт жолдары аурулары.
Дайындаңыз: қақпағы бар бір рет қолданылатынконтейнердіэтикетканы жазып, контейнерге желімдеп, жапсырыңыз (науқастың аты-жөнін, зерттеу мақсатын, алған күнін көрсетіңіз).
Іс әрекет алгоритмі:
Науқасқа алда болатын емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. Зәрді жинауға контейнер беріңіз.
Таңертең жаңа бөлінген зәрдіңмөлшерін контейнерге жинаңыз.
Лабораторияға жолдаманы жазыңыз(бөлімін, палатасының №, зерттеу мақсатын, науқастың аты-жөнін, зерттеу мақсатын, күнін, мейірбикенің қолын көрсетіңіз).
Жиналған зәрді жылы түрінде 10 минут ішінде лабораторияға апарыңыз.
Ескерту: қалыпты зәрде диастаза азғана мөлшерде 16-64 ЕД болады. Диастаза санының көбеюі ұйқы безінің патологиясы және өт жолдарының ауруын бар екендігін көрсетеді. Бүйрек жетіспеушілігінде зәрде диастаза болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |