Дем алу қозғалысының жиілігін есептеу Мақсаты: дем алу қозғалысының жиілігін анықтау әдісіне үйрету және алынған нәтижені бағалау.
Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің функционалды жағдайын бағалау.
Дайындаңыз:секунді тілі бар сағатты, қызу парағын, көк стерженді қаламсапты.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.
Гигиеналық деңгейде қолға тазарту жүргізіңіз.
Науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз (жату). Сізге оның кеуде торының жоғарғы бөлігін және ішін көру қажет.
Кәржілік артериясынан тамыр соғуды зерттегендей, оның көңілін аударуға бір қолмен науқастың қолын алыңыз
Екінші қолыңызбен науқастың қолын кеудесіне (кеуде түрімен дем алуда) немесе эпигастрии (төс шеміршегі мен кіндік аралығы) аймағына (іш түрімен дем алуда) қойыңыз.
Секундомерді қолдана отырып, бір минуттағы демді ішке алу немесе демді шығару санын есептеңіз.
Дем алу қозғалысының жиілігін, тереңдігін және ритмін бағалаңыз.
Науқасқа дем алу қозғалысының жиілігін есептегеніңізді түсіндіріңіз, нәтижесін айтыңыз.