«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ



бет80/254
Дата22.04.2020
өлшемі499,1 Kb.
#63800
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   254
Байланысты:
Кәсіби стандарт МІ

Су балансын анықтау және есептеу
Мақсаты: жасырынды ісіктерді анықтау, олардың қозғалыс күшін және диуретиктердің қолдану әсерлігін бақылау.

Дайындаңыз: сұйықтыққа арналған өлшемді бөлшек белгісі салынған шыны ыдысты және көлемі 0,5 л, 3 л зәрді жинауға арналған ыдысты, су балансын есептейтін парақты, қаламсапты, қызу парағын.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа су ішуге және зәрді жинауға арналған өлшемді ыдысты даярлаңыз.

  2. Науқасқа емшара мақсатын және орындау іс-әрекетін түсіндіріңіз. Науқас бір тәулік бойы көлемі 3 л ыдысқа зәрді жинауы қажет және бір уақытта ішілген және шығарылған сұйықтыққа есеп жүргізеді.

  3. Әдеттегі су-тамақ және қозғалыс тәртібін сақтау қажеттілігі туралы науқасқа түсіндіріңіз.

  4. Су балансын есептейтін параққа жазу тәртібі туралы науқасқа толық мәліметті беріңіз. Парақты толтыра білуіне көзіңізді жеткізіңіз.

  5. Науқасқа таңертең сағат6:00-де зәрінунитазға жіберу қажеттігін түсіндіріңіз.

  6. Келесі зәрдің үлесін тәулік бойы 3 л бөлшек белгісі салынған ыдысқа келесі күннің таңертеңгі сағат6.00дейінгі зәрді қоса санап жинаңыз.

  7. Өлшемді ыдыстағы зәрдің жалпы мөлшерін анықтаңыз. Осы -тәуліктік диурез болады.

  8. Бөлінген сұйықтықтың мөлшерін есептеу парағына жазыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   254




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет