Мектеп және студенттік пікірсайыс қОЗҒалысының даму стратегиясы


Қазақстандағы пікірсайыс қозғалысының даму ерекшеліктері



бет2/4
Дата25.10.2022
өлшемі24,89 Kb.
#154849
1   2   3   4
Байланысты:
2 Мектеп және студенттік дебат қозғалысының даму стратегиясы
10 сынып Химия КМЖ, Урок №9
Қазақстандағы пікірсайыс қозғалысының даму ерекшеліктері

Қазақстан Республикасында оқушылар мен студент жастар арасында дебат қозғалысын дамыту бойынша жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы іске асырылуда. Жоба шеңберінде Қазақстанда дебат қозғалысының тұжырымдамасы, оқушылар мен студенттер арасында дебат турнирлерін өткізу қағидалары әзірленді, 120 мыңнан астам оқушылар мен студенттерді қамти отырып, 6 778 пікірсайыс клубы (5905 – мектептерде, 733 – колледждерде, 140 – ЖОО-ларда) жұмыс істейді.


Осы жобаны үйлестіруді Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының базасында құрылған Қазақстан Республикасында пікірсайыс қозғалысын дамыту жөніндегі жобалық кеңсесі (бұдан әрі-жобалық кеңсесі) қамтамасыз етеді.
Жыл сайын «Ұшқыр ой алаңы» республикалық пікірсайыс турнирінің пікірсайыс ойындары өңірлік деңгейде еліміздің 50 мыңға жуық үздік пікірсайысшы оқушыларын қамтиды. Қазақстанның барлық өңірлерінде өткізілетін он мыңдаған мектеп және студенттік пікірсайыс турнирлері пікірсайыс қозғалысының оң дамуын көрсетеді. Дебат клубтарының үздік жаттықтырушыларынан халықаралық телекөпір, мастер-класс өткізу, дебаттық маусымдық марафондарға, «Балдәурен» лагеріндегі жазғы ауысымдарға қатысу, қоғам қайраткерлерімен, спортшылармен, мәдениет және өнер өкілдерімен, ғалымдармен кездесулер өткізу қызығушылықты, жетілуге ұмтылысты арттырады, қатысушыларды жаңа білім алуға ынталандырады.
Қазақстан Ресрубликасында пікірсайыс қозғалысын одан әрі дамыту мақсатында Мектеп және студенттік пікірсайыс қозғалысының лигасы (бұдан әрі – Лига) құрылды.


Лиганың мақсаты, міндеттері, принциптері мен функциялары

Лига қызметінің негізгі мақсаты республикадағы мектеп және студенттік дебат қозғалысын дамыту, ортақ мүдделер негізінде пікірсайыс клубтарын біріктіру болып табылады.


Лиганың міндеттері:
1) мектеп және студенттік дебат қозғалысын насихаттау, қолдау және дамыту;
2) мәдени және ағарту қызметінің инновациялық модельдері мен технологияларын пайдалана отырып, еліміздің әрбір өңірінде, әрбір білім беру ұйымында пікірсайыс орталықтарын, клубтарын құру арқылы білім алушыларды пікірсайыс қозғалысына жаппай тарту;
3) пікірсайыс қозғалысының барлық қатысушылары мен пікірсайысты дамытуға мүдделі тұлғалардың өзара қарым-қатынастары үшін ортақ платформа құру;
4) білім алушыларда құқықтық мәдениетті, азаматтық белсенділікті, жауапкершілікті, шығармашылық және сыни ойлау, даулы жағдайларды дипломатиялық жолмен шешу қабілеттерін қалыптастыру;
5) педагогтер мен білім алушыларды пікірсайыс ойынының технологияларына оқыту үшін платформа құру;
6) дебаттық қозғалысты дамыту үшін әдістемелік база құру.
Лига қызметін жүзеге асыру кезінде мынадай принциптерді басшылыққа алады:
1) корпоративтік этика;
2) өзара көмек;
3) ынтымақтастық;
4) ашықтық;
5) лиганың әр мүшесінің пікірін ескеру;
6) мәселелерді еркін талқылау;
7) ұжымдық шешім қабылдау.
Лига функциялары:
1) пікірсайыс қозғалысын дамытуға мүдделі білім беру ұйымдарын, қоғамдық, үкіметтік емес және басқа да ұйымдарды тарту;
2) пікірсайыс қозғалысын дамытуға бағытталған пікірсайыс турнирлерін, біліктілікті арттыру курстарын, семинарларды, вебинарларды, шеберлік сыныптарын, академияларды, бейнетренингтерді, марафондарды, баспасөз конференцияларын ұйымдастыру;
3) стратегиялық жоспарлар мен жобаларды іске асыруға бағытталған дебат клубтарының, лига мүшелерінің қызметін топтастыру;
4) лига мүшелері-дебат клубтарына ұйымдастырушылық және шығармашылық қолдау көрсету;
5) республикада пікірсайыс қозғалысын дамыту жөніндегі қызметті үйлестіру;
6) республикалық және өңірлік пікірсайыс турнирлерін ұйымдастыру;
7) оқушылар мен студенттер арасында республикалық және облыстық турнирлердің бірыңғай кестесін дайындау;
8) дебат клубтарының жаттықтырушыларын сертификаттау;
9) студенттер мен оқушылардың өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
10) дебаттық турнирлердің тақырыптары бойынша ұсыныстар енгізу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет