МәШҺҮр-жүсіп шығармалары тілінің морфологиялық ерекшеліктері



бет11/25
Дата06.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#36239
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25
Үрген сөздері есімшелі тұлғада тұрып сын есімді сөздің қызметін атқарып тұр. Көне сөздің бірі – шоралар да М-Ж. Көпеевтің ауыз әебиетін жинаған жадығатында ұшырасады. -Лар қосымшасы зат есімді сөзге жалғанып көптік ұғымды береді.
Азаматтар, шоралар,
Ақ шалмалы қожалар (Мәшһүр-Жүсіп).
Көн дабылды байлатып,
Байлар ұғлы шоралар (Бұқар жыра
М-Ж. Көпеевтің жинағандарында дыбыс ауытқулары да кездеседі: гөр//көр, қаюан//хайуан бүгінгі әдеби тіл нормасында й+у қосар әріпін ю әріпімен ауыстырмай айуан, хайуан түрінде жазылады. Себебі: и,й -ден кейін тұрған у дыбысы сонар дыбыс болады да буын құрай алмайды (Р.Сыздықова. Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайында анықтағыш. Алматы, 1974, 22 б.).
Эпитезалық құбылыс: …мына ақсақал осы көптің алдында құр /ы/ қайтса, тахқа//таққа, әрі//ары дыбыс алмасулары да көнеден жеткен құбылыс.
-Ші, -шы қосымшалары да белгілі бір рөл атқарып сөз тудырушылық қабілеті байқалады: даушы, кезуілші, тосқауылшы // тасқауылшаға (барыс септікті сөз) Абай шығармаларына байланысты проф. Р.Сыздықова барыс жалғаулы есімшелі сөздер туралы айтқан болатын (Әдеби мұра және оны зерттеу. Алматы, 1961, 269 б.). Сол сияқты «сөйлеуші», «айтушы» туынды зат есімдер ұшырасады. «Алаш алаш» болғанда, Алаша хан болғанда, үйіміз ағаш, ұранымыз Алаш болғанда үш жүздің баласы қазақ емес пе едік» – деген ауыз әдебиетінен алынған мақалдағы «үйіміз ағаш» – деген сөз көңіл аударады. Бұл дегеніміз түрік құрамында жүргенде қазақ халқы Алтай өңірінде ағаштан үй салып, киіз үйге дейін ағаш үйде тұрғандығын меңзейді. Демек, үлкен қозғалыс кезеңінде қазақ елі де кең далаға иек артып, көшкен сияқты. Бұл туралы М.Аджи өзінің еңбегінде түріктердің «У кипчаков же именно ель издревне была священным деревом» – дейді (Полынь половецкого поля. Москва. 1994, 236 с.).
Сілтеу есімдігі мен белгісіздік есімдігінің сұрау есімдігінің орнында жүріп ІІ жақтағы түрленісі кездеседі. Мысалы, … Арғында Едіге деген бір жас бала бар деп естуші едім, солмысың, басқа біреумісің өзіңді танытшы, – деді. -Мы, -мі көне сұрау мағынасындағы демеуліктертердің әсерінен сұрау есімдігіне айналып тұр. Айталық, -мі демеулік деп берілген. «Онан соң» септеулік шылауының көне түрі «Анан соңыратын» түрі кездеседі. (С.Ж.Құдасов «Дана хикар сөздігінің тілі» 64-бет). Шағатай үлгісіндегі ғариплігінен, ханларына -лі, -лар формасы арқылы қолданыстағы сөздер. Мына сөздер кейіннен М-Ж. Көпеевтің өз стилі болса керек: ғақылды, жанлар, ақпарат (қазірігі қолданыстағы сөз) лоғатынын (сөздік) Диуани лұғати ит түрік М.Қашқари дегенде кездеседі. Қазір дұрыс қолданбай «лұғатты адам» дейміз. Байыбында «сөздікті адам» болып шығады.

Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет