Түрі : сайыс сабақ.
Көрнекілігі: Абай портреттері, өлең, нақыл сөздер жазылған плакаттар, гүлдер, шарлар,жоспар.
Сайыстың барысы: Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы, алуан өлеңдер үлгісін қалдырды. Абай мұралары адамгершілікті, имандылықтың, биік парасаттылықтың асыл қазынасы. Осыған орай Абай шығармашылығын жинақтау, жүйелеу мақсатындағы сайысымызды бастайық.
I. Мұны білген жөн
1. Абай Құнанбайұлы қай жылы, қай жерде дүниеге келді?
2. Абайдың мұражайы қай жерде?
3. Абайдың қоңыраулы балуан атанған атасы?
4. Абай ең алғаш дәріс алған татар молдасы?
5.Абай алғашқы өлеңдерін кімнің атынан жариялап отырды.
6. Абайдың қанша өлеңі бар?
7. Абайдың поэмасын ата.
8. Абайдың жеті атасын атаңыз.
9. Абайдың қанша әні бар?
10. Абайдың неше күйі бар?
11. Құнанбай қайда мешіт салдырды?
12. Абайдың ең алғашқы аудармасын ата.
13. Абайдың руы.
14. Абайдың атақты әншісі.
15."Медғат-Қасым"поэмасын Абайдың қай баласы жазған?
16. Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы, қай жерде басылып шықты?
17. Абай ел билеу ісіне неше жасынан бастап араласты?
Мұғалім: Абай өлеңдері- құты қашпас қазына, аудармасы- осының айғағы жақсы аударма халық пен халықты жақындастырады, ұлт пен ұлтты бауырластырады. Абай ақындықты ерекше жоғары бағалап, құдірет тұтқан. Ақын жастардың оқу оқып, білім алып немесе белгілі бір өнер үйреніп, халыққа пайдасын тигізетін азамат болуын аңсаған ақын.
" Белестер жайлы сыр" ( Орындаған: Дидар)
II. Поэзия - жүрек тілі
Мұнда оқушылар Абайдың өлеңдерін мәнерлеп айтудан жарысады.
Мұғалім: Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы,ерінбе!
Адамдықты көздесең,
Жастан тоқы көңілге! - деп Сұлтанмахмұт айтқандай, Абай- туған халқының, болашақ ұрпақтың өнегелі тәрбиешісі, ана тілінің, қазақ поэзиясының өсіп гүлденуіне зор үлес қосқан қамқоршысы.Даналық ойға құрылған, шешендік қасиеті мол өнегелі сөздеріне назар аударайық.
Достарыңызбен бөлісу: |