Нормативтік сілтемелер



бет28/31
Дата14.09.2023
өлшемі1,1 Mb.
#181073
түріДиссертация
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
ДИПЛОМ Гулсая Рысдаулет
курсера 23-24 1 сем
Әлеуметтік кәсіби құзыреттілік кәсіби қоғамдастықта қабылданған кәсіби қарым-қатынас тәсілдері мен өзара әрекеттестіктің қолдану жолдарын меңгеруді сипаттайды.
Тұлғалық кәсіби құзыреттілік өзін өзі дамыту мен өз ойын білдіру әдістерін, кәсіби деформацияға қарсыласу құралдарын меңгеруді сипаттайды. Бұнда кәсіби әрекетін жоспарлау, өздігінен шешімдер қабылдау, проблеманы көре алу қабілеті де кіреді.
Жеке кәсіби құзыреттілік өзін өзі реттеу, кәсіби өсуге дайындық, кәсіби қартаюға қарсы тұру, тұрақты кәсіби уәждемесінің тәсілдерін меңгеруді сипаттайды [178].
Жалпы кәсіби құзыреттілік ғылыми-зерттеу, жобалау-құрастыру, әкімшілік-басқару, өндірістік, педагогикалық әрекет саласындағы құзыреттіліктерді қамтиды.
Жалпы әлеуметтік-психологиялық кәсіби құзыреттілік әлеуметтік, тұлғалық, ақпараттық құзыреттіліктерден тұрады.
Арнайы кәсіби құзыреттілік педагогтың өзінің кәсіби қызметін атқаруға даярлығын, қажетті құзыреттіліктерді меңгергендігін білдіреді.
Арнайы әлеуметтік-психологиялық кәсіби құзыреттілік педагогтың өз қызметін дұрыс атқару мақсатында өзінің кәсіби маңызды қасиеттерін дамытуды қарастырады.
Педагогтің психологиялық көрсеткіштеріне педагог тұлғасының ішкі және сыртқы әлеуетінің толықтығы, кәсіби бағыттылығы, байқампаздық пен зеректік, педагогикалық әдеп, педагогикалық қиял, өзін-өзі ұстай білу қасиеттері жатады [179].
Алтыншы, педагогикалық әдеп мұғалімнің балаға деген құрмет пен талапты, сенім мен бақылауды, мақұлдау мен айыптауды үйлестіре білуінде.
Жетінші, педагогикалық шеберлік, мұғалімнің білім, іскерлік, дағдылар педагогикалық шеберлікке негіз болады. Педагогикалық шеберлік – мұғалімге оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда қажетті кәсіби білім, білік және дағдылардың жиынтығы. Педагогикалық шеберліктің мазмұнына кәсіби педагогикалық білім, педагогикалық тәжірибе, шығармашылық тәжірибе, тұлғалық қасиеттері, кәсіби педагогикалық бағыты енеді.
Педагогтың кәсіби қалыптасуының нәтижесі мақсаттылығымен және жеке шығармашылығымен сипатталатын кәсіби шеберлігі болып табылады. Педагогтың іс-әрекет шеберлігі оның кәсіби білімінің мөлшерімен анықталады. Педагогтың кәсіби білімі арқылы оқытудың әдіс-тәсілдері жаңа сипатқа ие болады. Педагогтың іс-әрекеті психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік, философиялық ғылымдарға негізделіп, теория мен практиканы байланыстырушы қызмет атқарады.
Педагогикалық қызметтің нысаны педагогикалық үдеріс болса, білім алушы қызмет субъектісі болады. Кезегінде бұдан педагог мамандығының құндылығы туындайды:
- білім алушының тұлғасын, оның құқығы мен бостандығын құрметтеу;
- басқа сенімдерге, әлем мен дәстүрлерге деген көзқарастарына толеранттылық білдіру;
- мәдени алуан түрлілігіне ашықтығы;
- икемділігі, бейімделу қабілеті, эмпатияға деген қабілеті;
- тұлға құндылықтарын, тіл мен коммуникацияны түсіну;
- өз бетімен білім алу, талдамалық және сыни ойлау дағдылары;
- коммуникативтік және тілдік дағдылары;
- ынтымақтастық дағдылары, дауларды шешу қабілеті [180].
Кәсіби дайындық өз кезегінде теориялық, практикалық, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік дайындықтардан құралады.
М.Н. Скаткин және В.А. Сластенин педагогтарды кәсіби даярлаудың мәнін айқындай отырып, білім, іскерлік және дағдылармен қатар педагогтың кәсіби маңызды жеке қасиеттерін көрсетеді [181, 10].
Білім беру жағдайында инклюзивті оқытуға дайын педагогтың кәсіби біліктілігін құрайды (Сурет 13):



Сурет 13 - Инклюзивті оқытуға дайын педагогтың кәсіби біліктілігі


И.А. Зимняяның айтуынша, кәсіби даярлау барысында педагогтар тұлғалық-белсенділік деңгейінде өзгерістерге ұшырап, тұлғалық және моральдық-психологиялық қасиеттері қалыптасады [182].


Білім беру жағдайында инклюзивті оқытуға дайын педагогтарды сапалы даярлау үшін білім беру бағдарламасының мазмұнын еңбек нарығының қазіргі талаптарына сәйкес жаңарту қажет. Ерекше білім беруді қажет ететін білімгерлердің әртүрлі санаттарымен кәсіби қызметке дайындықта [183] оқыту әдістерін жетілдіру, практикалық сабақтардың санын арттыру мәселесі маңызды.
Л.Н. Горбунова педагогтарды кәсіби даярлауды кәсіби қызметінің өзгеруімен, кәсіби қызметін және өзін-өзі жетілдірумен байланыстырады [184].
Білім беру ұйымдарында педагогтарды даярлауда жұмыс берушілердің, стейкхолдердің, бизнес өкілдерінің атқаратын рөлі зор. Сондықтан болашақ мамандардың кәсіби жұмысында жұмыс беруші, оқу орны және болашақ мамандарға қойылатын кәсіби стандарттардың өзара байланысын төмендегідей көрсеткенді жөн көрдік.



Сурет 14 - Педагогтарды даярлаудағы байланыс сипаттамасы


Н.Ф. Талызина қатар білім беру ұйымдарында педагогтарды инклюзивті оқытуға даярлаудың 4 деңгейіне талдау жасады:


Инклюзивті оқытуға даярлықтың оңтайлы деңгейінде педагог кәсіби міндеттерін сәтті орындайды, кәсіби маңызды дағдыларды өте жақсы игереді, кәсіби маңызды қасиеттері толық меңгереді.
Инклюзивті оқытуға даярлықтың дамыған деңгейінде педагог кәсіби міндеттерді қажетті деңгейде орындайды, кәсіби маңызды қасиеттерді игеру көлемі кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін жеткілікті болады, кәсіби қызметтің маңыздылығы қалыпты, алайда мұқтаж толықтыруды, нақтылауды қажет етеді.
Инклюзивті оқытуға даярлықтың рұқсат етілген деңгейінде
педагог
өзінің кәсіби міндеттерін орындауда қиындықтарға ұшырайды, кәсіби маңызды қасиеттерді игеру көлемі кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін жеткіліксіз, кәсіби қызметтің маңызы төмен.
Инклюзивті оқытуға даярлықтың шектік деңгейі кәсіби маңызды қасиеттерді қалыптастырудың бастапқы кезеңін сипаттайды, зиянды мінез-құлық педагогтің жеке басының оңтайлы жұмыс істеуін қамтамасыз етпейді [185].
Педагогтың кәсіби даярлығының объективті сипаттамалары инклюзивті оқыту мақсаттары, оның құрылымы, мұғалім шешетін мәселелер шеңбері және қажетті нәтижеге жету үшін оның кәсіби функцияларын орындау қабілетінде көрінеді.
В.Г. Пищулин болашақ маманның моделін жасауда 2 құрамын атап көрсетеді, олар: кәсіби білімі және тұлғалық сапалары [186].
Педагогтарға келесідей талаптар қойылады:
- өзінің мамандығын жақсы көру және оған жауапкершілікпен қарау;
- білімді және өзінің педагогикалық шеберлігін үнемі арттыру;
- өзінің студенттерінің психологиясын терең білу;
- өзінің міндеттерін адал және шын көңілмен атқару;
- педагогтардың талаптары мен қызығушылықтарын білу;
- өзінің тәжірибесін өзгелердің игілігіне жұмсау;
- барлық уақытта өзгеге үлгі бола білу.
Енді педагогтың атқаратын функциясына тоқталайық.
Қорыта келе ұйымдарында инклюзивті оқытудың отандық және шетелдік диссертациялық еңбектерде, гранттық жобаларда, сондай-ақ аналитикалық құжаттарда зерттелуіне талдау жасалды. Талдау көрсеткендей, инклюзивті оқыту тақырыбына арналған зерттеу жұмыстары баршылық. Сонымен қатар монографияларға, Scopus, Web of Science базаларында жарияланған мақалаларға шолу жасалды. Қазіргі таңда білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытудың зерттелуі толық жүйеленді. Сонымен қатар инклюзивті оқытуды жүзеге асыратын педагог тұлғасына қойылатын талаптар мен қажетті сапалар сипатталды. Нәтижесінде педагогтарды иклюзивті оқытуға даярлаудың ғылыми педагогикалық мәселелері толықтай зерделенді деуге болады. Енді мұны дуальды оқыту ұйымдарында қарастыру арнайы жасалатын құрылымдық модель арқылы жүзеге асатынына көз жеткіздік.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет