Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»


Даналықтың уәде еткен сый-тартулары



бет19/56
Дата22.05.2018
өлшемі6,79 Mb.
#40605
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   56

Даналықтың уәде еткен сый-тартулары


Даналық шақырып жатыр емес пе,

Ақыл-парасат дауыстап түр емес пе?

Жол жиегінде, биік орындарда

Түр һәм жол тораптарында.

Қала қақпаларының төңірегінде,

Халық өтетін кіре берістерде,

Даналық былай деп мәлімдеуде:

«Уа, халайық, сендерді шақырамын,

Бар адамзатқа дауыстап айтамын:

Аңқаулар, енді үйреніңдер,

Аңғалдар, түсінік иеленіңдер,

Тыңдаңдар мені, асыл сөз айтпақпын,

Ақиқат — барлығы да айтарымның.

Шындық — аузымнан шыққан сөздің бэрі,

Өтірік айту маған аса жиренішті.

Менің сөздерімнің бэрі де дұрыс,

Ешқайсысы емес арам не бұрыс.

Саналыға барлығы түсінікті,

Білімдіге мінсіз де эділетті.

Күмістен гөрі ал менен тәлімді,



Саф алтыннан гөрі қабыл ал білімді. 11

Даналық асыл тастардан да қүнды,

Аңсаған еш нэрсең оған тең келмейді».

Даналықтың ақыл-кеңесі мен жемісі

«Мен даналықпын, парасат бар қасымда,

Саналы білім тауып аламын да.

Жаратқанды қастерлеп, мойынсүну,

Бүл — жамандық атаулыны жек көру.

Жек көремін паңдық пен менмендікті,



Жаман іс-әрекет пен бұрма сөзді.

Менде ақыл-кеңес бар, адал сана,

Иемін парасат, күш-қуатқа да.

1Мен арқылы патшалар билік құрады,

Әкімдер әділ заңдар шығарады.

Әміршілер мен арқылы басқарады,



Төрелер әділ үкім шығарады.

Мен де сүйемін өзімді сүйгенді,

Іздеп жүрген тауып алады мені.

Абырой-байлық сыйлайтын бар менде,

Жоғалмас қазына мен эділдік те.

Беретін жемісім алтыннан құнды,

Ол тіпті саф алтыннан да бағалы,

Шығаратын өнімім менің таңдаулы,

Күмістен де әлдеқайда жоғары.

Әділетті жолмен жүре беремін,



Ақиқат жолынан ешбір таймаймын.

Мені суйгендерге игілік сыйлаймын,

Қазыналарын толтыра беремін»

Әділ жанның дана сөзі мен ісі жайлы


Ақылды бала — әкесінің сүйініші,

Ақылсыз бала — шешесінің күйініші.

Арам байлық пайдалы болмайды,

Ал әділдік ажалдан сақтайды.

Әділдің аш жүруіне Жаратқан жол бермес,
Зұлымның аңсағанын беруді қош көрмес.

Жалқау қол жарлы қылар,

Ісмер қол дәулетті қылар.

Жазда өнім жиған — ақылды бала,

Орақ кезінде үйықтаган — арсыз бала.

Әділ жан жарылқауға ие болар,

Зұлымның аузы зорлық жасырар.

Әділді есіне алған жұрт шүкір етер,



Ал зұлымның есімі құрып кетер.

Дана нұсқауларды ықыласпен қабылдар,



Надан ез созінен сүрініп құлар.

Таза жүрген аман жүрер,



Қисық жолдағы эшкереленер.

Көзін қысып белгі берген ыза келтірер,

Ал мылжың бос созінен жапа шегер.

11 Әділдің аузынан өмір қайнар,

Зұлымның аузы зорлықты тасалар.
Өшпенділік араздық туғызар,

Сүйіспеншілік бар күнәны жабар.


3ерделінің аузынан даналық шығар,

Парасаттан бас тартқан жазасын тартар.

Данышпан білімін сақтап қояр,

Ақымақ аузымен пәле шақырар.

Байдың қорғаны — өз байлығы,

Жарлының пәлесі — өз жоқшылығы.

Әділдің өнімі — өмірге,

Зұлымның табысы — күнәға.

Тәрбиеге мойынсұнған өмірге жол бастар,

Ескертуді елемеген өзгені де азғырар.

Қастығын жасырғанның тілі жалған,

Өсек-аяң таратқан — ақымақ жан.

Сөзуар құтыла алмас күнәдан,

Ақылды өз аузына ие болған.

Әділдің тілі —таңдаулы күміс,

Зұлымның ой-ниеті — түкке тұрғысыз.

Әділдің тілі көпке ақыл берер,

Наданның зердесіздігі түбіне жетер.



Жақсы тәрбие алған бақытты


Тәрбиесін ұнатқан – білімді де ұнатқан,

Ескертуді жек көрген – санасыз надан.

Ізгі жанды Жаратқан ұнатар,

Зымиянға Ол үкімін шығарар.

Адам зұлымдықпен аман болмас,

Әділдің түп-тамыры шайқалмас.

Ізгі әйел күйеуінің абыройын асырар,

Арсыз әйел күйеуінің қуатын тауысар.

Әділдің ой-ниеті әділетті,

Арамзаныңкеңесі алдамшы.

Зұлымның сөзі қан төгер тұзақ құрар,

Әділдің сөзі пәледен құқарар.


Зұлым құлап, із-түзсіз жоқ болар,

Әділдің шаңырағы берік тұрар.


Ақылына қарап адамды мақтар,

Ойы бұзық жан жексұрын болар.


Кеуде көтеріп аш жүргеннен гөрі,

Адал еңбек еткен қарапайым жан игі


Ізгі жан малының да қамын ойлар,

Арамзаның жүрегі қатыгез болар.


Жерін өңдегеннің қарны тоқ

Бос қиял қуғанның ақылы жоқ.


Зұлымның олжасына сұрқия көз салар,

Тамыры берік әділ жан жемісті болар.



Абайдың дана ойлары


http://www.adebiet.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=6640&Itemid=35

Адамгершілік  туралы





Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден бөлек

 

Сабыр деген - әр іске шыдамдылық,



Қатты керек адамға бұл- бір қылық.

Қолы жетпей талмай талап ізденеді,

Осыдан кеп шығады адамшылық.
Ақыл-ой туралы
Ақыл - жан қуаты.

Пайда менен залалды - ақыл айырады.

  ***

Ақылмен ойлап білген сөз,



Бойға жұқпас, сырғанар.

Ынталы жүрек сезген сөз,

Бар тамырда қуалар.

***


Ақыл, сезім болмаса,

Тіршіліктің несі сән.



***

Ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда,

Көбінің сырты - бүтін, іші - түтін.

***

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап.

***

Ақылсыз би болмас,

Сәулесіз үй болмас.

***

Ақыл бітпес дәулетке,

Дәулет бітпес келбетке.

***

Әсемпаз болма әр неге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан.

***


Қайрат пен ақыл жол табар,

Қашқанға да, қуғанға



***

Зерек ақыл - суық мұз.



***

Күн артынан күн туар,

Бір күн дамыл еткізбес.

Ой артынан ой қуар,

Желге мінсең жеткізбес

***

Ақыл - тапқыр ой, түбі - жүрек.


Ар-намыс, ұят туралы
Нысап пен ұят әділеттен шығады.

Әділеттілік, арлылық пен махаббат –

қабірден әрі өткендегі үш жолдасың осылар.

***


Арсыз болмай - атақ жоқ.                                                                                                                                                                           

Арын сатқан антұрғанның айтқан сөзі құрсын.



***

Арыңды сатып тапқан мал - харам.



***

Пайда ойлама - ар ойла.



***

Арсыз сөз қыдыртып, жұрт құтыртуға құмар.


Байлық-кедейлік туралы
Кейбіреулерге қанша мал бітсе де, байлық бітпейді.

***


Пейілі кедей байдан сақта.
Ғылым-білім, өнер туралы

Бір ғылымнан басқаның

Кеселі көп асқанға.

***


Өзің үшін үйенсең,

Жамандықтан жиренсең,

Ашыларсың жылма жыл.

***


Артық ғылым кітапта

***


Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақшылық.

Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыт болады.



***

Ғылым - алланың бір сипаты.



***

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба.

***

Білімдіден шыққан сөз,

Талаптыға болсын кез.

Нұрын, сырын көруге

Көкірегінде болсын көз.

Дүние де өзі, мал да өзі,

Ғылымға көңіл бөлсеңіз.

***

Көкірегі - сезімді, көңілі - ойлыға бәрі анық.



**

 Достық туралы


Досыңа достық—қарыз іс.
***

Жаман дос - көлеңке: басыңды күн шалса - қашып құтыла алмайсың,

басыңды бұлт алса - іздеп таба алмайсың.

Досы жоқпен - сырлас, досы көппен - сыйлас.

***

Көп кісі досым жетілсе екен демейді, егерде бірі жетілсе бағанағы досына бітімі жоқ дұшпаны сол болатұғыны қалай?



***

Кей құрбы бүгін - тату, ертең - қату,

Тілеуі, жақындығы - бәрі сату.

***


Біріңді, қазақ, бірің дос,

Көрмесең - істің бәрі бос.



***

Жас күнде кімді көрсең - бәрі.



***

Жақсы дос - білген сырын сыртқа жаймас.

***

Жау қожандап бұртиып,



Дос құбылып әуре етер

***

Жауға - мылтық, досқа - ынтық.



***

Досқа - жаз, жауға - аяз.

***

Жүрегі жұмсақ білген құл,



Шын дос таппай тыншымас,

Пайда, мақтан—тұл ,

Доссыз ауыз тұшымас!

***


Ары бар, ұяты бар үлкенге сен,

Өзі зордың болады ығы да зор.



Әйел, ана туралы
Әйел адам - гүлмен тең.

***


Жақсы әйел - ері ұялар іс қылмайды.
Еңбек туралы

Бейнет көрмей, дәулет жоқ.

***

Еңб ексіз мал дәметпек- қайыршылық,



Ақылды ерге ар болар ондай қылық.

***


Тамағы тоқтық,

Жұмысы жоқтық

Аздырар адам баласын.

***


Баланың мал табары болады, мал шашары болады.

Өзің мал таба алмасаң - балаң мал тапсын.

***

Өзің үшін еңбек қылсаң - өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң - алланың сүйген құлының бірі боласың.



****

Биік мансап - биік жартас: ерінбей еңбектеп жылан да шығады, екпіндеп ұшып қыран да шығады.



***

Әуелі құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп еңбек қылсаң қара жер де құр тастамайды.

***

Қолдан келмес іске ұмтыл - азат басың болсын құл.



Қаракет қыл, пайдасы көпке тисін.

***

Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,

Қардың суы секілді тез суалар.

***

Адамзатқа тірлік - дәулет.



***

Сүйінерлік адамды сүй, қызмет қыл.



***

Еңбек ет, өзіңді, отбасыңды асыра, бала-шағаңның қамын ойла - өзіңе де жақсы, үкіметке де жақсы.

***

Тәуекелсіз, талапсыз мал табылмас



***

Жақсы мен жаман туралы

Құйрығы- шаян, беті-адам,

Байқамай сенбе құрбыға.

**-*


Жаманмен салысып жақсы болмайсың.

***


Жақсылық - ұзақ тұрмайды,

Жамандық - әркез тозбайды.

***

Жақсы - жаны еріп тыңдайды.



***

Жақсының - жолы ашық.



***

Жақсылық- ұмыт,жаңылыс- кек.


* Қоғам, мемлекет, заман туралы
Дүние - үлкен көл, заман - соққан жел.

****


Әркімді заман сүйремек,

Заманды қай жан билемек.

Заманға жаман күйлемек,

Замана оны илемек.


Дін, иман туралы 
Анттың, серттің, адалдықтың, ұяттың бір тоқтаусыз кеткені ме?!

***


Иман - парыз.

Иман сақтауға - қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек.



***

Құдайшылық - жүректе. Қалпыңды таза сақта!



***

Ауруды жаратқан құдай, бірақ ауыртқан құдай емес.



***

Адамды сүй, алланың хикметін сүй.



***

Алланың өзі де - рас, сөзі де - рас.



***

Имансыздың сыртын қанша жусаң да, іші оңбайды.



***

Нені сүйдім, дүниеде неден күйдім,

Қазысы оның - арым мен бір-ақ құдай.

***

Адалды арамға сатқанды құдай құп көрмейді.



***

Сен асыққан екен деп - алла өмірін өзгертпес.



***

О да - құдай пендесі,

Түспей кетер деймісің,

Тәңірінің құрған тезіне!



***

Алла асыраған пенде аш болмайды.   

         

Махаббат туралы

 

Жастықта бір күлгенің - бір қаралық.



Кімді сүйсең де - шын көңілмен сүй.

***


Ғашықтық құмарлықпен - ол екі жол.

***

Махаббат - өмір көркі.

***

Махаббатсыз дүние бос -



Хайуанға оны қосыңдар.

***

Сұлуды сүю - пайғамбар сүннәті.



*** 

Ғашықтың тілі - тілсіз тіл,

Көзбен көр де, ішпен біл.

****


Бұл өмірдің қызығы махаббатпен.

*** 

Махаббат кетті, дос кетті -

Жете алмайсың, тоқтайсың.

***


Сүйсінбесең - сүйме.

***

Біреуді көркі бар деп жақсы көрме,

Лапылдақ көрсе қызар нәпсіге ерме!

Әйел жақсы болмайды көркіменен,

Мінезіне көз жетпей, көңіл берме!

Мінез-құлық туралы
Тірі адамның жүректен аяулы жері бар ма? Рақымдылық. Мейірбандылық, әр түрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек - бұлар жүрек ісі. Асықтық та - жүрек ісі.

****


Адам ақылсыздығынан азбайды, ақылдының сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылық жоқтығынан азады.

***

Көрсеқызарлықпен, жеңілтектікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады. 



***

Ашулы адамның сөзі аз болса - ыза қуаты артында болғаны.



***

Өзімшілдік - адамды бұзатын пиғыл.



***

Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар: олар – надандық, еріншектік, залымдық.



****

Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік - бәрі содан шығады. Бұрынғы ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен: ел басы, топ басыларына тоқтай білетіндігі мен намысқойлығы. 



***

Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі түрлі нәрсе керек: біріншісі - зор билік, екіншісі - есепсіз байлық.



***

Адам баласының ең жаманы - талапсыз. Қайратсыз, қорқақ кісі - мақтаншақ келеді. Жинақылықтың түбі - кеніш. Уайым - қайғының ішіне кіріп алып, шығар есін таба алмай қамалып қалу - антұрғандық.



***

Бірлік малға сатылса - антұрғандықтың басы осы.



***

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ -

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой -

Бес асыл іс көнсеңіз.

*** 


Көп айтса көнді,

Жұрт айтса болды -

Әдеті надан адамның.

***

Кекшіл болма - көпшіл бол.



***

Дұшпаныңа әділ бол.

***

Асығыс түбі - өкініш.



*** 

Түзде - мырзаң, үйде - сырдаң.



***

Момыннан жаман қорқақ жоқ.

**** 

Тұрлаусыздың қолынан түк келмейді.



***

Өзінде бармен көзге ұрып,

Артылам деме өзгеден.

Күндестігін қоздырып,

Азапқа қалма езбеден.

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

***

Күндестік шырық бұзады.



***

Тамағы тоқтық,

Жұмысы жоқтық,

Аздырар адам баласын.



***

Қулық пен құбылудан жалығудың өзі - жақсылық



***

Өзі жат елде қайыршылық құрып жүріп, елін бай деп мақтайтындар- құдай қарғағандар.



***

Өсек тасып құмардан шығатындар болады.



***

Құмарлық - нәпсі құлы.

***

Қулық та - бір дерт.



***

Ішсем, жесем, ұйықтасам - тән құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен - жан құмары.



***

Бақастық күншілдікті зорайтып, адамшылықты азайтады.



***

Көрсеқызар, күнде асық - дуаналық.



***

Қиыны бұл дүниенің - қолы тарлық.



***

Жеңсікқойлық - тез тозар.



***

Ынсапсыз істің ақ-қарасына қарамайды.

***

Ойланып алмақ—сабырлылық сол.



***

Өсекші - ел тыныш болса азады.



***

Досыңмын деп жүріп, дұшпандығын оздырар жамандар бар.

****

Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал жиылмас.



***

Ой кеселдері: уайымсыздық, салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, қайғыға салыну, құмарға берілу.



***

Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт себеп бар: бірінші - көкірегі байлаулы беріктік, екінші - ғибратлану, тұщынып, ынтамен ұғу, үшінші  бірнеше қайтара ойланып, көңілге бекіту, төртінші - ойдың кеселді нәрселерден қашық болуы керек.


Өлең туралы

Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең

***


Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы.

****


Өзгеге көңілім тоярсың,

Өлеңді қайтіп қоярсың.



Тіл туралы
Тіл өнері дертпен тең.

***

Нәпсінің қу мінезін - тіл де үйренеді.


Ынтымақ-бірлік, татулық туралы
Татулықтан артық жолдас жоқ.

***


.

Кемді күн қызық дәурен тату өткіз,

Жетпесе біріңдікін бірің жеткіз.

Күншілдіксіз тату бол шын көңілмен,

Қиянатшыл болмақты естен кеткіз!

***


Кей құрбы бүгін тату, ертең бату.

Тілеуі, жақындығы—бәрі сату.


Төрт түлік мал туралы
Жетім қозы тасбауыр,

****


Мал өмірді жалғамайды.

****

 Малға достың - мұңы жоқ малдан басқа


БАЛЬТАСАР ГРАСИАН



Мінез бен мәдениет – бойдағы бар абырой айқын көрінетін екі негіз. Бір-бірінсіз орны толмайды. Білім аздық етеді – дарын керек. Бірақ наданның соры сол, ол өмірдегі бейімділігін, айналысар ісін, туған өлкедегі, достарының арасындағы алатын орнын білмейді.
Өнеге алуға болатын кісімен араласу.

Сен үшін достарыңмен араласу – білім мектебі, ал әңгімелесу – ұнамды іске үйрену болсын: достарыңа ұстаз ретінде қара және оқудан келер пайданы әңгімеден алар ләззатпен ұштастыр. Ақылдылардың достығы өзара пайдалы: әңгіме айтушы тыңдаушының мақтауын естіп, көңілі өседі, ал тыңдаушыға ақыл қосылады.


Өзіңді әрқашан қүрметтей білу.

Мұны оңаша кезіңде де сақта. Өз ұятың сенің ақтығыңның өлшемі болсын және өз шешіміңнің қаталдығы басқалардың пікірінен маңыздырақ. Адамдардың сөзінен қорқып жөнсіз нәрсе істеме, өз ақылыңның даусына құлақ сал. Өзіңді сыйлай біл, сонда саған Сенеканың қиялындағы ұстаз* керек болмайды (*Сенека, Адамгершілік хаттар).


Өзін-өзі тану.

Өз мінезіңді, ақылыңды, пікірлерің мен құштарлықтарыңды таны. Өзіңді танып болмайынша, өзіңе ие бола алмайсың. Бет үшін айна бар, ал көңіл түкпірін ештеңемен көруге болмайды; осы жерде өз парасатың саған көңіл айнасы болсын. Өзіңнің сыртқы әлпетің туралы ұмытуға болады, бірақ әрқашан жан жайсаңдығын естен шығарма, оны жақсарт, жетілдір. Өз парасатыңды, іс-әрекетке қабілеттілігіңді тексер; қызбалығыңды сына, жан тереңіне бойла, қабілеттеріңді екше.


Рух биіктігі.

Қаһарманның негізгі белгілерінің бірі, әйткені ол ұлылықты бәріне ғашық еткізеді: талғамға нәзіктік, жүрекке кеңдік, ойға шарықтау, мінезге ізгілік береді және кісіні ұлылыққа бейімдейді. Оны қайда болмасын бірден байқайсың; тіпті күншіл тағдыр қудалаған-ның өзінде ол жоғары өрлейді, мүмкіндігі шектеулі болса да, тілектері биік келеді. Ол – кең пейілдіктің, ізгіліктің және бар қаһармандықтың жұрт таныған бастауы.


Үш қасиет адамды керемет етеді.

Бұлар – ұлы жомарттықтың жоғарғы сыйлары: жемісті дарын, сұңғыла ақыл және нәзік талғам. Жақсы ойлап табу – ұлы артық-шылық, әбден ойластырып алу – одан да артық. Бұған жақсыны бағалай білуді қосу керек. Дарын омыртқада болмайды, әйтпесе ол өткір ойдан гөрі ыждағатқа көбірек ұқсар еді; дұрыс пікір – парасаттың жемісі. Жиырма жаста – сезім, отызда – дарын, қырықта ақыл басым болады. Сілеусіннің көзі сияқты сәуле төгіп тұратын ақылдар бар, тун неғұрлым қараңғы болса, олар соғұрлым жарқы-райды; әрқашан ең қолайлыны табатын бақыттылар болады, мұндайларға көп нәрсені жақсы жасаудың сәті түседі: бұл жемісті еңбек етуді сыйлайтын бақытты қасиет. Ал жақсы талғам адамның бүкіл өміріне көрік береді.
Білім де, батылдық та болғаны жөн
Білім мен батылдық өшпейді, сондықтан ол сені де өлтірмейді. Білім адамды дарынды етеді. Нағыз ақылды болсаң, әрқандай істі істей аласың, мардымды білімі жоқтар қараңғылыққа батады. Адамның дене қуатымен тұжырым жасау қабілеті бейне қос қол мен жанар сияқты. Батылдық болмаса, ақылдан түк те шықпайды.
Адамның кемел болғаны жөн
Адам туғанда мінсіз болып тумайды. Ол күн сайын тәрбие алып, тоқтаусыз алға ұмтылып, өзін кемелдендіріп, оны жетілдіріп, өзін әйгілі адам етіп шығарады. Кемелді адам дегеніміз мінез-құлқы мінсіз, пәк, білімді, берік жігерлі, өткір тұжырымды адам болуы керек. Кейбіреулер өзін мәңгі кемелдендіре алмайды, олардың әйтеуір бірдеңесі кем болады да тұрады, ал кейбіреулер көп уақытын өз образын жасауға арнайды. Кемелді адамдардың сөзі ақылды, әрекеті байыпты болады, абайлағыш келеді, оларды жоғары қауым өз қатарына пейілі барады.
Ұлылықтың образына дақ салмау керек
Жеңіліп қалу жексұрын, әрі зығырдан қайнататын іс, сондықтан ұлылықтан артықпын деп ойлауың ақымақтық қана емес, тіпті өзіңе ор қазғандық. Өзін ерек санаушылық қашанда басқаларды секем алдырады, әсіресе ұлықтар мен патшалардың алдында тіпті де солай. Сондықтан кейбір қалыпты артықшылықтарды байқатпаған жөн, мәселен, өте келбеттілікті елеусіз кемістіктің қалқасында қалдырған жөн. Жұрттың көбі басқалардың тәлей, мінез-құлық жақтарынан өзінен артық екенін көп елемегенмен, адамдардың әсіресе патшалардың зейін-зерде жағынан басқалардың артық болғысы келмейтіні жоқ. Өйткені зейін-зерде даралықтың атасы, оған қайшы келу жолдан тайғандық. Патшалар барлық ірі істе басқалардан ақылды екенін көрсеткісі келіп тұрады. Олар басқаларпдың өзінен артық болуын емес, көмекші болуын жақсы көреді. Біреуге ұсыныс айтпақшы болсаң, мүлде білмейтін нәрсені емес, ұмыт қалдырған нәрсені оның есіне салғандай болу керек. Мұның сырын аспандағы жұлдыздардан біле аламыз: жұлдыздардың барлығы жарқырап тұрғанымен, күннің қасында нұр шашуға батылы бармайды.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет