Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»



бет53/292
Дата05.02.2022
өлшемі6,93 Mb.
#4779
түріБағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   292
ӘЛІШЕР НАУАИ
(1441-1501)


Әлішер Науаи (Низамиддин Мир Алишер) шығыстың данышпан ақыны, философ, мемлеет қайраткері. Пәни (өткінші) бүркеншік атымен парсы тілінде жазды, алайда басты шығармаларын Науаи (сазды) бүркеншік атымен шағатай тілінде жарыққа шығарды. Науаи 15 жасында түркі және парсы тілдерінде бірдей жазатын белгілі ақын ретінде танылды. Ғиратта, Мешхедте, Самарқанда оқып, логика, пәлсапа, математика пәндерінен мағлұмат алды.
Әлішер Науаи есімі әдебиет пен мәдениет тарихында Гомер мен Данте, Рудаки мен Фирдоуси, Низами мен Шота Руставели, Шекспир мен Бальзак сияқты ұлы сөз зергерлерінің есімдерімен қатар тұрады.


АДАМ ПАРҚЫ

Жақсылардың жүрегіне тез қонар,


Өлгенді де тірілтетін сөз болар.

Өмір нарқы, адам парқы тіл болар,


Айтқан сайын жақұттайын нұрланар!

Аңдағанға, сөз –құлақтың сыңары,


Талғап ішсең, таусылмайтын бұлағы.

Кім-кімнің де білмек болсаң жан-ділін,


Жадыңда ұста айтқан сөздің әрбірін.

Тыңдаушы жұрт ұқсын десең мән-жайын,


Сө салмағын таразылап ал дәйім.

Көптің бәрі деп ойлама періште,


Өсекші де, есепші де – бәрі іште.

Ақиқат сөз кішіге де, үлкенге:


Не көрсе де тілден көрер бұл пенде.

Жас кезіңнен жадыңда ұста, біліп ал:


Бұл өмірдің бірі у да, бірі бал.

Қартайғанда өкініш көп, айлаң аз,


Ақылыңа жарасатын қайда наз?..

Ес кіргенде ескіреді адамзат,


Бәрін, бәрін кеш біледі адамзат.

Бұл дүниенің дүмі шолақ екенін,


Мен де білгем, білгеніммен нетемін?

Аңдағанға, адалдық та – бір ерлік,


Ертелі-кеш есіне алып жүрер жұрт...

Елемеді деп ойлама ел мені,


Әр адамның әділ биі – еңбегі.

Табиғатта таусылғанша жарасым,


Бұл фәнидің бәрі ғажап, бәрі асыл!

Ақиқаттан хабар беріп тұрмаса,


Айтқан сөзің ұнай қояр кімге аса?!

Біле-білсең, жақсы сөзде жан байлық,


Қапы қалма, шөліңді бас, қанбай жұт!
Аударған И. Сапарбай. (Әлемдік педагогикалық ой-сана. 10 томдық. 2-том: Шығыс әлемі (орта ғасыр)/Жетекшісі Ә.Н. Көшербаева. – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2009– 400 бет. 266-275 - беттер.)

Каталог: upload -> Book
Book -> «Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»
Book -> Өмірді бағалап үйренейік балалар суицидін алдын-алу бойынша ата-аналарғА, педагогтерге арналған қҰрал алматы
Book -> «Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты
Book -> Рухани-адамгершілік білімге байланысты әндер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет