О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы Толеш Темирлан Нурлыбекұлы



Pdf көрінісі
бет16/50
Дата04.05.2023
өлшемі13,65 Mb.
#176073
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   50
Байланысты:
Mumkindik x Asik
практика 4, Ет консервілердің жіктелуі және ассортименті, AUES Ungarov, Жанбараков Ж..... 7 СРС, Физика. Тәжірибелік сабақ. №1, aidos ezh zhogary matematika1 2, консерв окулык, 4 наука, Кәсіпкерлік 5, Ақпарат түсінігі ЦТ срсп, физиология, 1топ Осн биотех 9практ, 9 БӨЖ, Виртуальный лабораторный практикум по дисциплине База данных, семестрлик жумыс Толегенова Асем
Reference point –
Ориентациялық нүкте
О
л қариядан өзін-өзі басқаруының сырын 
сұрағанда керемет бір сырымен бөлісті. Кейін 
бұл сырдың «ориентациялық нүкте» деп аталатынын 
білдім.
Ориентациялық нүкте дегеніміз – өте қиын 
жағдайда сәтті жасап шыққан ісің. Кейін дәл сол істі 
қайта жасағанда, бұрынғы қиын жағдайдың естелігі 
стимул болады. Мысалы, әлгі қарт кісі жұмысынан кеш 
шаршап қайтады. Түнде тек бір-екі сағат қана ұйықтап, 
таң намазына оянады. Нәпсісімен күресе жүріп дәретін 
алады да мешітке барады. Күннің суықтығы, аз ұйқы, 
шаршау. Негізінде оның жағдайы таң намазын оқымай, 
жақсылап демалуына жақсы сылтау. Осыған ұқсас 
жағдай қайталаған кезде сол түндерді есіне алып, 
өзіне бұдан да қиын жағдайларда дәрет алып, намаз 
оқығанын айтады. Сол кезде нәпсісі оны тоқтату үшін 
ешқандай айла таба алмайды.
Сол сияқты сен де өзіңе ориентациялық нүктеңді 
қойып ал. Қиын жағдайларда соны есіңе алып отырасың. 


МҮМКІНДІК
56
Бұл әдіс өзіндік тәртіпті ұстануыңа көмегін тигізеді әрі 
намазыңа сақ боласың. Сол себепті де пайғамбарымыз 
мүмкіндігімізше сүннет намаз бен нәпіл намаздарды 
оқып жүруге кеңес берген. Алланың парыз еткенінен 
да артығын істеп жүрген адамдар қалайша парыз 
намазын жіберіп алмақ?!


iqup
57
Бәрі уақытша!
Б
ір патша уәзірінен жүзігіне бір сөзді ойып жазып 
беруін сұрайды. Әлгі сөз мұңайғанда қуаныш 
сыйлап, қуанғанда сабасына түсіреді екен. Ол: «Бәрі 
уақытша!»деген сөз.
Өте керемет сөз емес пе? Таң намазына тұруға 
қиналған кезде осы сөзді есіңе ал. Бұл сезім де өтеді. 
Орныңнан тұрып, дәрет алуға бірнеше минуттар бер. 
Бұл қиын сезім күні бойы мазаламайды ғой. Бар 
болғаны жаңа әдет қалыптастырудасың. Сол уақыттағы 
шаршау, жалығу сезімдері – барлығы өтеді де кетеді.
Таң намазына тұру үшін нәпсіңмен 
күрескендегі сезім...
Бұл уақыт та өтеді!
Намазды ықыласпен оқи алмаймын 
деп қынжылған кез...
Ол да өткінші!
iqup


МҮМКІНДІК
58
Жұма намазында мешіт ішінен орын 
табылмай шыжыған ыстық пен жаңбырдың 
астында намаз оқыған сәт...
Ол да уақытша!
Жұмыс күні ауыр болып, үйге келіп 
демалайын деп жатқанда намаз 
уақыты кірсе, тұр да намаз оқы!
Тек сабырлық таныт!
Бұл сезімдер ұзаққа созылмайды.
Өтіп кетеді.
Алайда ол уақыт өтпей жатып-ақ сені басқа 
адамға айналдырып жібереді. Намаз үшін нәпсіңмен 
күресуің – өлгенше жалғасатын амал деп ойлама. 
Ол – жандүниеңнің шүкірі. Осы кеңесті амалға 
асырар болсаң, өзіңді бұл дүниеге толық иелік 
еткендей сезінесің. Көздерің рухани байлығыңның 
шексіздігін көреді. Өзіңді бір тылсым кеңістікке иелік 
еткендей сезінесің. Ол ауруға, қарттыққа, кедейлікке 
қарсы кепілдігің іспетті. Ол сезім бойыңдағы бүкіл 
қорқыныштарды жойып жібереді. Себебі сен Алламен 
байланыстасың. Егер Аллла сенімен бірге болса, саған 
кім қарсы келмек?!
iqup




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет