iqup
97
Кітап сатып алып оны әлі ашпадың ба?
Бизнес бастағың келді ме?
Жазушы болғың келіп,
бірақ
әлі қалам ұстамадың ба?
Отбасыңа көбірек уақыт бөлгің келді ме?
Таң намазы –жылдар бойы көңіл бөлмей жүрген
мақсатыңды жүзеге асыратын «ғажайып намаз».
Таң намазынан кейін жұмысқа немесе сабаққа
барудың арасында 1-2 сағат уақыт бар. Егер сол
сағатты мақсатыңа жетуге жұмсасаң, өмірің өзгермек.
Таң намазының уақыты ешбір
мезгілдегі уақытқа тең
келмейді. Психология ілімінің ғалымдары
бұл уақытты (Magic Hour) «сиқырлы сағат» деп атап,
мойындап қойған. Егер бұл уақытты басқа уақытпен
алмастырсаң, оның орнын толтыра алмайсың. Тіпті бұл
уақыт пайғамбардың дұғасында келген:
Аллаһым, үмметімнің
таңғы
уақытына береке бер!
iqup
iqup
МҮМКІНДІК
98
Әлемдегі табысты 10 компанияның директорларына
жүргізілген зерттеулер нәтижесінде сол тұлғалардың
бәріне ортақ сипат түнгі 3:00-5:00 аралығында ояну
болған. Көптеген
миллионер мен миллиардердің
өмірбаянын оқи келе жастары 60-қа келсе де сол
ортақ қасиеттерінің өзгермегенін аңғардым. Олар
материалдық тұрғыда жұмысқа мұқтаж болмаса да,
ерте тұру әдетіне бірдей берік болған екен.
Негізінде таңғы уақытты бос өткізіп алу мүмкін
емес, өйткені ол уақытта көп адам ұйықтап жатады.
Өзіңізге арнаған бұл
уақытта сізге ешкім қоңырау
шалмайды, кездесуге шақырмайды. Сол уақытта арман-
мақсатыңызға жету жолында әрекет жасауға кедергі я
болмаса ол жоспарды кейінге қалдыруға мәжбүрлейтін
сыртқы фактор болмайды. Ендеше таңға мүмкіндік бер!
Жер бетінде өмір сүруді бастап кеткен ерекше әрі аз
адамдардың қатарына қосыл.
Алланың жәрдемімен Құрандағы көптеген сүрелерді
жаттап алдым. Оларды жаттау үшін күнде таң ертең
10 минут уақыт бөлдім. Күніне 10 минут бөлсең бір
айда Рағд, Ибраһим, Хадж, Нур, Фурқан, 29 және 30
параларды жаттап ала аласың. Өміріңде қари болуды
армандадың ба? Құран иелері – Алланың достары.
Күніне Алланың сөзін жаттауға 10 минут уақыт бөліп-
ақ толық жаттап шығуға болады. Қараңызшы, бүгіннен
бастап Құран жаттауға 10
минут уақыт бөлсеңіз, 5
жылдан кейін оны толық жаттап аласыз. Керемет емес
iqup
99
пе? Бұрын уақыт өткен сайын руханиятым бір орында
дамымай, жетілмей қалды деп қынжылатын едім.
Бірақ Құран жаттау деген мақсат бақыт сыйлап күн
өткен сайын өзімнің Жаратушыға жақындағанымды
сездіретін.
Осылайша Құран оқу тек Рамазан айында жасалатын
іс болып қалмады. Өйткені күніне 10 минутымды
Құран оқуға арнадым. Құран оқуды Рамазанда бастап
оны келесі Рамазанда бірақ
аяқтаған бір қарт кісіні
білемін. Ол кісі Құран оқығанда әрбір аятына тоқталып,
аудармасымен қатар оқыған.