О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы Толеш Темирлан Нурлыбекұлы


[Оған тауларды қазық қылған...]



Pdf көрінісі
бет45/50
Дата04.05.2023
өлшемі13,65 Mb.
#176073
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Байланысты:
Mumkindik x Asik

[Оған тауларды қазық қылған...]
жерге алпауыт 
тауларды бекіткен құдірет, сенің басыңа бәле келген 
кезде де бойыңды қуаттандыра алады, ол оған өте 
оңай! Ал енді Алла сені қолдап тұрғанда саған не нәрсе 
зиян тигізе алады?!
[Бір-бірімен тоғысқан қос теңіздің арасына 
(көзге көрінбейтін) бөгет қойған...]
екі теңіз
арасындағы кедергіні, екі су бір-бірімен араласа 
алмайтындай етіп жаратты. Енді осылай екі теңіздің
арасына кедергі қойған Раббың сені алаяқтардың
айласынан, көре алмайтындардың қызғанышынан
сақтай алмай ма?! Дүние қажытқанда әрдайым 
осы аятты есіңе салып отыр. Нәпсің үмітсіздік пен 
шарасыздықты сездірмек болып сыбырлай бастағанда 
оған мына аятты оқы: 
«Жоқ әлде Өзіне қол жайып қысыла 
жалбарынған жанның дұға-тілегін қабыл алып, оны 
басына түскен ауыртпалықтан құтқаратын, сендерді 
жер бетінде халифа қылған Алла қайырлы ма?! Алламен 
қатар басқа тәңір бар ма?! Әрине, жоқ, өздерің неткен 
аз ойланатын, ғибрат алайын демейтін адамсыңдар?»
.
[27:62]
Бұл аят жер, таулар мен өзендердің жаратылысы 
жайлы баяндалғаннан кейін келді. Кейбір кездері 
сынақтар қажытып не қауқарың, не көңіл-күйің 
болмауы мүмкін. Бұл біз білетін өмірдегі мүмін адамның 


МҮМКІНДІК
158
қалыпты күйі мен жағдайы. Бірақ Алла бізге:
 «Алламен 
қатар басқа тәңір бар ма?!»
- деп айтты.
Ол Алла - әлемдердің Раббысы және ол сені дүниенің 
қиындықтары мен бәлесінен құтқарушы. Дүние қандай 
болмасын оның тіліне ермеуге тырыс. Егер дүние саған 
қарсы шықса, оның Иесіне жүзіңді бұрып шағымдан. 
Егер бұл дүниенің жақсылығын қаласаң, онда 
қалағаныңды сол дүниенің Жаратушысынан сұра!


iqup
159


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет