Байланыстан ажырама
К
ейде өмір сенімен ойнап жатқандай болып
көрінеді.
Кенеттен,
ойламаған
жерден
сырқаттанып қаласың. Осылайша өмір өзінің тосын
жаңалығын әкеледі. Бірақ әлемдердің Раббысы Алла
Тағала бізге бұл
туралы Ибраһим Пайғамбар арқылы баян етті:
«Ауырғанымда маған шипа беретін
де – бір Өзі». [26:80]
Ауру меңдеп жалған өмір қатыгез болып көрінген
кездері саған шипа беретін аса қамқор, ерекше
мейрімді Алламен бірге бол!
Бір дәрігер бірде мына оқиғаны айтып берді. 42
жастағы әйелдің жүрегіне ота жасалатын болады.
Отаның ортасында күтпеген жерден жүрегі тоқтап
қалды. Дәрігерлер барынша жылдамдатып тоқ арқылы
жүрек қағысын қалпына келтіреді. Бірақ сол жүректі
iqup
МҮМКІНДІК
164
қайта соқтырғанша миға 3 минуттай уақыт қан келмей
қалғаны себепті мидың жасушалары өліп қалған екен.
Ал ол ми жасушаларын Құдайдан басқа ешкім
қайтіп тірілте алмайды. Сөйтіп, әлгі әйел отадан не көре
алмайтын, не ести алмайтын, не қозғала алмайтын тірі
өлік күйінде шығады. Осылайша науқас әйел осы хәлде
тоғыз ай бойы жатады. Күндердің бір күнінде дәрігер
ауру әйелдің баласы жылап отырғанын байқайды.
Жақын келіп одан: «Не үшін жылап отырсыз?», - деп
сұрайды.
Сол кезде баласы: «Енді анаммен тек қиямет күні
ғана тілдесе алатыным үшін жылап отырмын», - деп
жауап береді.
Сонда дәрігер: «Саған бұны кім айтты?», - деп сауал
қояды.
Баласы: «Осы аурухананың барлық дәрігерлері
анамның өмір бақи сөйлей алмайтынын айтты», - деп
дәрігерлердің айтқанын айтады.
Сол кезде дәрігер былай деді: «Олар солай дейтіндей
мидың бір тал жасушасын да болсын жаратып па
екен? Олар не айтқысы келсе айта берсін. Ал біз
Жаратушымыздың айтқанын тыңдайық:
«Егер Алла сені қандай да бір қиындыққа душар етіп,
саған зиян тигізсе, сені одан Алладан өзге ешкім де
құтқара алмайды. Ал егер сені жақсылыққа бөлеп, саған
iqup
165
қандай да бір пайда келтірсе, шүбәсіз, Оның құдіреті
барлық нәрсеге толық жетеді»
[6:17].
Осыдан соң ықылас ынтасымен баланың анасының
жанына жақындап Құран аяттарын оқи бастайды, ең
әуелі
«Фатиха» сүресін кейін «Исра» сүресінің мына
аяттарын оқиды:
«Сондай-ақ олар: «Сонда біз қуарған сүйекке айналып
әрі күл болып топыраққа араласқаннан кейін қайтадан
тіріліп, жаңадан жаратыламыз ба?», - деп айтады.»
[17:49].
Сол кезде баласы: «Менің анам шіріген сүйек емес,
тек белгілі бір жасушалары өліп қалды ғой», – деді. Сонда
әлгі дәрігер Алланың қайта тірілтетініне күмәнданатын
адамдарға айтқан жауабын жалғастырады:
«Оларға: «(Шірімек түгіл), тасқа немесе темірге
айналыңдар. Я болмаса, қайтадан жаратылуы
ақылдарыңа сыймайтын басқа бір жаратылысқа
айналып кетіңдер».
[17:50-51]
Бұл жерде Алла Тағала адам баласын тас, темір
немесе адамның ойындағы қайта тірілуі мүмкін емес
нәрсеге айналса да қайта тірілтіп алатынын айтады.
Дәрігер бұл аяттарды «әйелдің ми жасушалары өмір
бақи қалпына келмейді» деп айтқан дәрігерлерге
жауап ретінде айтты.
МҮМКІНДІК
166
Дәрігер одан ары қарай аятты былай деп
ж а л ғ а с т ы р д ы :
«Сонда олар: «Жарайды делік, сонда бізді қайтадан
тірілтетін кім?», – дейді. Оларға: «Сендерді әу баста кім
жаратса, Сол тірілтеді!» - деп айт». [17:51]
Бұл жолы олар таңырқағандай болып, сені мазақ
қыла бастарын шұлғып: «Ал жарайды, сонда ол
қашан?»- деп сұрайды. Оларға: «Бәлкім таяп та қалған
шығар!» - деп айт.
Осы аяттарды оқып отырғанда «Бәлкім таяп та
қалған шығар!» деген тұсына келгенде дәрігердің жүзі
жылып, күлімдеді.
Содан соң «Рум» сүресінен аяттарды оқыды:
«Сонымен қатар көк пен жердің Оның әмірінің
арқасында мызғымай тұрғаны да Оның айқын
дәлелдерінің бірі. Кейін сендерді жатқан жерлерінен
шақырған сәтте-ақ қабірлерінен атып шығасыңдар».
[30:25]
Осы аяттарды оқып жатып: «Көктер мен жер
сенің әміріңмен қызметін қылады, ал науқас әйелдің
жасаушалары әміріңе құлақ аспай ма?» - деп күбірлеп
қалады.
«Жаратылыс атаулыны жоқтан жарататын да бір Өзі.
Ол үшін қайта жарату оп-оңай. Көктерде де, жерде де
жаратылыс атаулыға үлгі боларлық ең көркем сипаттар
iqup
167
мен ең асқақ қасиеттер бір Өзіне тән. Ол ең үстем және
ең дана хикмет Иесі». [30:27]
Ол осы аятты оқып болып қолын жая былай деп
Алладан сұрады:
«Раббым мен Сенен мына мақлұқты қайта тірілтуіңді
сұрамаймын, тек мына бейшараның жасушаларын
қайта тірілтуіңді сұраймын!». Артынша «Бақара»
сүресінен бірнеше аят оқыды:
«Өздері сан-мың көп болса да, (өлімнен қашып
құтылатындай) өлімнен қорқып, атамекенін тастап
кеткендерге қарашы. Алла оларға: «Өліңдер» - деп
өлтіріп, кейін оларды қайтадан тірілтті.» [2:243].
«Немесе мына бір адамның жағдайы: Ол (Үзәйір)
үйлерінің шаңырағы ортасына түсіп, асты-үстіне келіп
қирап, құлазып жатқан елді мекенге ат басын тірегенде:
«Алла бұл мекенді һәм халқын мұншама астан-
кестеңі шығып, күлі көкке ұшқаннан кейін қалай
тірілтеді екен?» - деген еді. Сол кезде Алла оны жүз
жылға өлтіріп, тура жүз жылдан кейін қайта тірілтті.
Сөйтіп Алла одан: «Қанша уақыт өліп жаттың?» - деп
сұрағанда ол: «Бір күн немесе одан да аз уақыт», -
деп жауап берді. Сонда Алла оған: «Жо-жоқ, сен тура
жүз жыл өліп жаттың. Азығың мен сусыныңа қарашы,
мүлдем бұзылмаған. Енді есегіңе қара.Сондай-ақ сені
де адамдарға тірі дәлел болсын деп, жаныңды алып,
қайта тірілттік. Шашылған сүйектеріне қарашы, оларды
қалай жинап, орын-орнына қойып, буын-буынын
МҮМКІНДІК
168
келтіріп, содан кейін үстіне қалай ет қаптап жатырмыз»
- деді. Осылайша ақиқатқа көзі анық жеткенде ол: «Иә,
мен білемін. Шүбәсіз, Алланың құдіреті барлық нәрсеге
толық жетеді», - деді» [2:260].
Аятты оқып жатқан кезде науқас әйелдің
томографиясына қарады да ми жасушаларының тас
талқаны шығып жатқанын көреді. Осы аяттарды оқып:
«Раббым, сен бір еркекті өлтіріп, мың жылдан кейін
қайта тірілттің, ал мына ми жасушаларының өлгеніне
тоғыз ай ғана болды. Медицина мына жасушалар қайта
орнына келмейді деді, бірақ Сенің құдіретің барлық
нәрселерге толыққанды жетеді», - деді.
«Қалай біз оларды жинап орын-орнына қойып,
сонан соң ет қаптаймыз...» деген аяттың осы жеріне
келгенде дәрігер Алланың науқас әйелді тірілтетінін
елестетіп жатқан еді. Осы аятты оқып болғаннан кейін,
әйелге қарап ишарат етті. Әйел де басын изеді.
Дәрігер әйелге: «Аяқ-қолыңызды қозғалтыңыз»,
- дегенде әйел қол-аяғын қозғалта жөнелді. Баласы
анасының алдында тізерлеп, екі аяғын сүйіп отырып
қалғанда, оқиғаға куә болған медбике таңқалғаннан
есі шыға айқайлап жібереді. Бұл оқиға Эр-Риядтағы
әскери госпитальдің жанындағы Ханзада Сұлтан
кардиохирургия орталығында болған.
Әлгі сөзімді қайталағым келеді, дүние қалай өзгеріп
салмасын, сен әлемдердің Раббысы Алладан ажырама!
iqup
169
Достарыңызбен бөлісу: |