iqup
153
Әлемдердің жалғыз Жаратушы Құдайы – ол Алла.
Оның құдіретіне жететін ешбір құдірет жоқ. Сондай-ақ
Құранда:
«Бар мадақ пен шүкіршілік баласы да, күллі
жаратылысқа жүргізген билігінде серігі
де
болмаған, сондай-ақ қамқоршы досты
қажетсінетіндей қауқарсыз да болмаған
бір Аллаға тән», - деп тәкбір айтып, Оны
ұлықта.», - делінеді. [17:111]
Алла мен Оның мұғжизасы
болған Құран өміріңді
бейбіт әрі берекелі етуді үйретеді. «Ән-Нәхл» сүресінде
Алла Тағала мынадай бір мысал берді: «Біреудің қол
астындағы қауқарсыз құл мен өзіне Бізден көркем
ризық берілген әрі оны жасырын я жария түрде игі
жолда жұмсайтын адамды қара. Ол екеуі тең бе?»
Қолында қауқары жоқ құл,
яғни Алла Тағаланың
құлы, тіпті ол алпауыт мемлекеттің басшысы, ең
атақты компанияның директоры,
ең қуатты әскердің
қолбасшысы болса да ол – әлемдердің Раббысы
Алланың алдында әлсіз құл болып қала бермек.
Құдай Тағала оларды «ештеңе істей алмайтындар»
деп сипаттаған, өйткені олар бәріне үстемдік
ететін
Құдіретті Құдайға тиесілі.
iqup