Модулдік программалау концепциясы.
Құрылымдық технология сияқты мұнда да, модульдік программалау концепциясын бірнеше түсініктемелер және тәртіптер түрінде қалыптастыруға болады:
1) Есептің функционалдық декомпозициясы – үлкен есепті кіші есептерге бөлу, олар функционалды өз бетінше орындалатын ішкі есептер - модульдер. Модульдер өзара кіріс және шығыс деректерімен байланысқан.
2) Модуль - модульдік программалау концепциясының негізі. Әрбір модульдің функционалдық декомпозициясы бір кірісі және бір шығысы бар "қара жәшік" ретінде қаралады. Модульдік көзқарас программаның модернизациясын процестің эксплуатациясы кезінде ешбір қатерсіз орындауға мүмкіндік береді және оны қолдап отырады. Қосымша модулдік программалау бір жобаның программасының әртүрлі бөліктерін әртүрлі программалау тілдерінде орындауға мүмкіндік береді, одан кейін жинау құралдары арқылы оларды бір жүктемелеу модуліне біріктіреді.
3) Таратылатын шешімдер қарапайым және түсінікті болуы керек. Егер модульдің атқаратын қызметі түсініксіз болса, онда бастапқы немесе аралық декомпозиция есептері дұрыс, керек еткен деңгейде, сапалы жүрмегендігін білдіреді. Бұл жағдайда есепті қайта талдау керек, мүмкін, қайта бөлулер жасау, яғни ішкі есептерге бөлу жұмыстарын орындау керек болады. Жобада қиын орындалатын орындар кездессе, онда оларды жүйемен ойластырылған түсініктемелер арқылы құжаттау керек. Бұл процесс модульдердің жұмысының толық түсінікті, қызметтері анықталған және байланыстырылғанға дейін қайталана береді.
4) Модульдің барлық айнымалыларының қызметі түсініктеме көмегімен анықталуы және жазылуы керек.
Объектіге бағытталған парадигма.
ОБП идеясы негізінен осы деректерді өңдейтін процедураларды бір бүтін - объектіге байланыстыру үшін жасалған. ОБП маңызды үш принцип негізінде құрылған, олар объектілерге жаңа қасиеттер береді. Бұл принциптер ретінде инкапсуляция, мұрагерлену және полиморфизм алынады.
Инкапсуляция – осы деректерді өңдеу алгоритмдері мен деректерді бір бүтінге біріктіру. ОБП деректері көлемінде – объект өрісі, алгоритмдері – объектілік әдістер алынады. Өрістермен алгоритмдер іштен қолданылады, - жалпы, сырттан немесе тек объект ішінде – соған тәуелді, ішкілер немесе байланысқан объектілер – қорғалған.
Мұрагерлену – объектілер қасиеті өздерінің мұрагерлерін туындайды және оларға өздерінің қасиеттерін үнсіздікпен ұсынады. Объект - мұрагерленуші, ол қасиеттерді толықтыра алады немесе басқамен оны ауыстыра (орынбастыра) алады.
Полиморфизм – туыстық объектілердің қасиеттері (яғни бір объектіден тараған бір түбірі бар объектілер) негізінен бір-біріне ұқсас, мәні жағынан бірдей проблемаларды әртүрлі әдістермен, оның уақытына және орналасу ретіне байланысты шешу.
Программаны өңдеу үшін алынған аспап таңдалған деңгей негізімен, бағытымен, өңдеу категориясымен анықталады және мәтінді немесе визуалды түрде беріледі. Қазіргі заманғы программалау – компоненттік (объектілік), уақиғалық және визуалды болып алынады.
Программаны өңдеу мемлекеттік және шетелдік стандартқа сәйкес, өңдеуші ұсынған технологиялар мен әдістемелер немесе типтік программалар арқылы орындалады.
Аспаптық құралдардың жіктелімі.
Аспаптық құралдардың жіктелімі өңдеу процесі және таратылуының орны бойынша, уақытша принципі бойынша, қолданылатын технологиялары мен әдістемесі бойынша, өнім сапасы бойынша және т.б. жүргізіледі.
Программаны өңдеу процедурасындағы аспаптық құралдардың орны мен атқаратын қызметі.
Әрбір программаны өңдеу кезеңінің өз аспаптар жиыны бар. Әрбір қадам өңдеу нәтижесімен анықталады – негізгі құжат, және қосымша құжат болып, кезеңді жабу алынады. Аспап, сәйкесінше, негізгі немесе қосымша болады.
Сапа мінездемесі және аспапты қолдану.
Жазықтықтағы, уақытша, тұрақты, берік, қазіргі заманғы, интуитивті түсініктер, визуалды, статикалық және динамикалық, өңдеуді түзету және өзгертуді қамтамасыздандыру, нәтижеге байланысты, сәйкес стандарттар мен технологиялар, мақсатын орындалуымен және т.б. болып бөлінеді.
Аспаптық құралдардың дамуына қысқаша түсініктеме.
Кезеңдер 1960 – 1975 – 1985 – 2000 жылдар болып табылады. Тілдер, компиляторлар, компоновщиктер, құрастырушылар, жүктемелегіштер, операциялық жүйелер, өңдеу құралдары және тестілеу, енгізу құралдары және программаны қолдау қамтамасыздандыру туралы түсініктер кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |