Жылулық құбылыстардың статистикалық және термодинамикалық әдістерін үйрену.
Құбылысты статистикалық әдіспен үйренудің маңыды жағы керекті мен кездейсоқ уақиғалардың қатынасы туралы диалектикалық материализм көзқарасымен сәйкес келуінде. Әрбір молекуланың қозғалысы классикалық механика заңдарына бойсынады, бірақ оның әрбір уақыт мезетіндегі өзіні тұтуы, көптеген себептерге тәуелді болып оларды есепке алу мүмкін емес. Кездейсоқ уақиға берілген жағдайларда бұл уақиға болуы да, болмауы да мүмкін. Олар мынадай белгілерімен сипатталады: а) кездейсоқ уақиғаны нақты болжай алмастығымен, б) кездейсоқ уақиғаны келтіруші, көптеген себептердің барлығымен, в) оларды жинақталған ұжымда ғана процесстің жүруін болжау мүмкіндігімен. Г) кездейсоқтағы процессті болжауға математикалық өрнектерді қолдай алу ықтималдығымен.
Ықтималдық – түрлі жағдайдағы өзгерістердің пайда болу мүмкіндігін санды сипаттаушы. Ықтималдық қанша көп болса берілген өзгерістер де сонша көп болып тұрады. Егер N – барлық өткізілген сынаулар саны болса ∆N – берілген өзгерістің болу ықтималдығы теңдеуімен анықталады.
N – системадағы барлық бөлшектер саны, ∆N – берілген күйде тұрушы бөлшектер саны.
Молекулалардың жылдамдықтарының орташа квадраттық мәнін табу теңдеуі:
Бірақ , ал , , болып және үш ось бойынша молекула қозғалысының бағыттары тең ықтималдығы болғандығы үшін болады да
келіп шығады. Классикалық статистика ХІХ ғасырда келіп шыққан.
2.Термодинамика – феноменологиялық теория болып макроскопиялық денелердің ішкі түзілісні ескермеген түрде макроскопиялық денелердің қасиеттері мен құбылыстарын үйренеді. Термодинамиканы ғылым ретінде 1827ж С. Карно өзінің «Размышления о движущей силе огня и о машинах, способных развивать эту силу» деген еңбегінде танысқан.
Термодинамикалық әдіс негізінде – термодинамикалық жүйе, бұл жүйенің күйі, күйдің термодинамикалық параметрлері, тепе – теңдіктегі күй ұғымдары жатады.
Термодинамикалық жүйе деп – сыртқы денелермен және ішкі денелер жиынтығы арасында бір – бірімен энергия алмасуы болатын денелерге айтылады. Тұйықталған жүйе түсіншесі абстракталған болып модель ретінде қабылданады.
Достарыңызбен бөлісу: |