4-жұмыс
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңын тексеру
Жұмыстың мақсаты: тізбектің бөлігіндегі ток күшін, кернеуді, кедергіні өлшеу.
Құрал-жабдықтар: ток көзі, өткізгіш сымдар, қыздыру шамы, амперметр, вольтметр, кілт.
Жұмыс барысы:
амперметр мен вольтметр шкалаларын қараңдар және бір бөліктің құнын есептеңдер;
сұлба бойынша электр тізбегін жинаңдар (194-сурет)
тізбекті тұйықтаңдар;
тізбектігі кернеу мен ток күшін біртіндеп ұлғайтыңдар. Құралдардың көрсетулерін кестеге жазыңдар:
-
5)Ом заңын пайдаланып қыздыру шамының кедергісін есептеңдер;
6)есептеу нәтижелерін кестеге түсіріңдер;
7)тәжірибе нәтижесін қорытындылаңдар.
Тапсырма. Өлшеу нәтижелері бойынша ток күшінің кернеуге тәуелділік графигін тұрғызып, сол функцияғасипаттама беріңдер.
5-жұмыс
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауды зерделеу.
Жұмыстың мақсаты: тізбектей және параллель қосу жаңдарын тексеру.
Құрал жабдықтар: ток көзі, 2 сым резистор, реостат, 3 амперметр, 3 вольтметр, өткізгіш сымдар.
Жұмыс барысы:
Тізбектей жалғау
амперметрдің және вольтметрдің шкалаларымен танысып, бір бөліктің құнын анықтаңдар;
электр тізбегін сұлба бойынша жинаңдар(195-сурет);
A1,A2 амперметрлерінің көрсетулерін жазыңдар;
V1,V2 ,V3вольтметрлерінің көрсетулерін жазыңдар;
Uж = U1 + U2 есептеңдер;
Бөліктің жалпы кедергісін R’ж = ; Rж=R1+R2 формулалары бойынша есептеңдер;
Өлшеулердің нәтижелерін кестеге түсіріңдер:
-
I1,A
|
I2,A
|
U1,B
|
U2,B
|
R1,Ом
|
R2,Ом
|
R’ж,Ом
|
Rж,Ом
|
|
|
|
|
|
|
|
|
қорытынды жасаңдар
Параллель жалғау
электр тізбегін сұлба бойынша жинаңдар(196-сурет)
V1, V2 вольтметрлерінің көрсетулерін жазыңдар;
A1, A2, A(I1 ,I2 Iж) амперметрлерінің көрсетулерін жазыңдар;
Iж = I1 + I2 есептеңдер;
бөліктің жалпы кедергісін Rж=;= + формулалары бойынша есептеңдер;
өлшеулердің нәтижелерін кестеге жазыңдар;
-
I1, A
|
I2, A
|
Iж, A
|
U1,B
|
U2,B
|
R1,Ом
|
R2,Ом
|
R’ж,Ом
|
Rж,Ом
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
қорытынды жасаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |