Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Қазіргі таңда білім беру үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың алып отырған маңызы ерекше. Аталмыш технологияның негізгі басымдылығы ақпараттың басым бөлі көру арқылы меңгерілетін көрнекілігінде болғандықтан, оқыту үдерісіне ықпалы зор. Сабақта ақпараттық технологиялар білім беру және оқыту бағдарламаларын қолдана отырып, математикадағы әр түрлі тақырыптық бөлімшелер бойынша слайд-презентациялар, видео көрсетілімдер үшін мультимедиялық құрал-жабдықтарды қолданамын. Математика сабақтарында ақпараттық-коммуникацяилық технологияларды қолдану мультимедиялық мүмкндіктердің негізінде оқу үдерісін қызғылықты, тартымды етіп көрсетуге; сабақты түсіндіруде көрнекілік құралдар мәселесін тиімді шешуге; оқу материалын визуализациялауға мүмкіндік береді.
Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады.
Әрбір педагогтың инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары: инновация туралы білімі; инновацияны жан-жақты меңгеруі; инновациялық іс-әрекет диагностикасын меңгеру; инновацияны тәжірибеге енгізу жұмыстары; инновацияны практикада дұрыс қолдану.
Сонымен жаңа инновациялық технологиялардың негізгі, басты міндеттері:
- әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;
- білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;
- өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;
- аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тұжырымдай келе, жоғарыда аталған қазіргі заманғы инновациялық технологияларды сабақта пайдалану оқу үдерісінің тиімділігін арттыруға, математика пәнін оқытуда тиімді нәтижеге қол жеткізуге, пәнге деген танымдық қызығушылықты арттыруға зор мүмкіндік береді.
Әдебиеттер
Раджерс Э. Инновация туралы түсінік. – //Қазақстан мектебі, №4, 2006.
Қабдықайыров Қ. Инновациялық технологияларды диагностикалау. – А., 2004
Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008
Нағымжанова Қ. Инновациялықтехнологияныңқұрылымы. – А.:Өркен, 2007
Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2008.
Ж.Садуова «Инновациялық технологияларды білім беруде қолдану».// Білім. Алматы, № 5, 2006ж., (22-24).
Достарыңызбен бөлісу: |