Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет565/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   561   562   563   564   565   566   567   568   ...   679
Негізгі бөлім.
Біріншіден, оқыту өндірістің нақты сұранысына сай жүргізіледі және жұмыс берушілер өздеріне қажетті мамандарды алады.
Екіншіден, болашақ мамандар өз кәсібін қызығушылықпен оқиды және бітірген соң сол кәсіпорында қалуға ұмтылады.
Үшіншіден, бітірушілерге деген сұраныс пен оларды жұмысқа орналастырудың деңгейі жоғарылайды.
Бұл – еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына барынша әсер етеді.
Осылайша, бизнес, адам мен мемлекет мүддесін біріктіріп, үш жақты әріптестік орнатамыз.
«Білім туралы» Заңға «кооперативтік оқыту» деген жаңа ұғым және «Кәсіптік білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік» деген жаңа бап енгізілді.
Мамандарды даярлау, кәсіптік практиканы ұйымдастыру, жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс берушілер мен білім ұйымдары арасындағы өзара байланыстың бағыттары анықталды.
Бүгінде білім мен бизнес қандай маман қажет деген сұрақты емес, оны қалай бірлесіп даярлау керек деген мәселеге көп көңіл бөліп отыр.Бұл – үлкен жетістік.
Кәсіпорындарда оқушы орындары, шеберханалар ашуды немесе бөлуді қамтамасыз ету керек.
Білім мекемелерінде оқу уақытының 60-70%-ын практикада өткізуді қамтамасыз ету бойынша кәсіпорындармен шарт жасалуы қажет.
Оқушылар кәсіпорындарда міндетті түрде стажировкадан өткізуді енгізу қажет.
Әріптестікті дамытудың келешегі зор.
Сондықтан ұсынымдарын барлық техникалық және кәсіптік құрылымдарға, бизнес-қауымдастықтарға, кәсіпорындарға, жергілікті атқарушы органдарға жеткізу қажет.
Елбасының "Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы" атты жаңа бағдарламасында дуалды білім беру жүйесін енгізу қажеттілігіне баса мән беріледі. Осының арқасында мемлекетімізде білім беру деңгейі жоғарылап, білікті мамандар қатары көбеймек. Экономикалық-техникалық білім беру кешенінің ұжымы Елбасы мақаласында белгіленген міндеттерге қолдау білдіріп отыр. Оқытушылар осы күннен теория мен тәжірибені ұштастырып, білім сапасын басты назарға алған.
Мамандарды даярлау жүйесінде оқытудың дуальды жүйесі маңызды орын алуы керек. Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуальды жүйесі – кәсіптік-техникалық кадрлар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі.
Оның ерекшелігі сол, кәсіптік оқыту үдерісінің басым бөлігі оқу орнында емес, кәсіпорындарда өтеді.
Мақсаты –кәсіби білім беру мазмұнын арттыру және мамандарды заманауи өндіріс талаптарына сәйкес дайындау.
Дуалды оқу жүйесіне кез келген мамандық келе бермейді, екіншіден, компания мүмкіншіктері шектеулі. Оқып жатқан балаларды түгелімен қамтуға. Кейбір оқу орындары, компаниялары дуалды жүйенің элементтерін енгізеді, кейбірі толық жалғасады, қалай болғанда да жұмыс жалғасады.
Білім берудің дуалды жүйесі диплом алған әрбір жастың кәсіби білікті маман болып шығуына септігін тигізбек. Әрі саланың бәсекелестікке қабілеттілігін арттырады. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыс жалғаса бермек.
Айта кетейік, дуалды жүйе бірқатар Еуропа елдерінде мектеп бағдарламасына енген. Елімізде тәжірибелік оқыту енді қолға алынды.
Теориялық біліммен қатар практикалық дайындыққа ие болатын білікті мамандар дайындау мәселесін шешуге бағдарланған және бизнес – құрылымдармен, сондай ақ білім беру мекемелерімен сұранысқа ие болатын дуалды білім беру жүйесін енгізу мәселенің негізін қалаушы принциптері:
Оқу үрдісіне дуалды білім беру жүйесін сәтті енгізу келесі мәселелерді шешуге мүмкіншілік береді:
1. Талапкерлердің кәсіби өзін өзі билеуі;
2. Оқу мекемесінің тартымдылық беделінің артуы, студенттер контингетінің жоғарылауы;
3. Оқушылардың қызығушылығы мен сұранысына қарай бағдарламалар, элективті (икемді) курстар бағдарламаларын әзірлеу;
4. Мамандықты тереңірек ойланып таңдауға, социализация, тапқырлық пен шығармашылыққа бейімдейтін біліктіліктің дамуы;
5. Дуалды жүйе бойынша оқытылатын тұлғаның қажетті біліктілік пен еңбек дағдыларына, кәсіби білімге ие болып еңбек нарығында сұраныс деңгейінің жоғарылуы;
6. Бітірушілерді дайындау деңгейінің жоғарылауы;
7. Бітірушілерді одан әрі жұмысқа орналастыру, жұмыссыздықтың қысқаруы;
8. Бітірушілердің әлеуметтік бейімделуі;
9. Білім беру мекемелерінің жобаларды жүзеге асыру кезеңдерінде қосу арқылы кәсіпорындармен өзара әрекеттесу аясын кеңейту;
10. Білім беру мекемелерінің бәсекелесуге қабілеттілігін жоғарылату.
Халықпен және әлеуметтік серіктестермен ақпараттық – түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Дуалды білім беруді жүзеге асыратын мекемелерді ресурстық қамтамасыз ету, эксперименталдық модульдерді жүзеге асыру.
 кәсіби – бағдар қызметі;
 оқу – теориялық қызметі;

  • кәсіби – практикалық қы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   561   562   563   564   565   566   567   568   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет