Қолданылған әдебиеттер:
Б.И.Иманбекова. Тәрбиеге жетекші. Алматы, 2004.
С.Әбішқызы, Ж.Сарманов. «Ұлттық тәрбие – құндылығы мол дүние». 2008 ж.
С.Әбішқызы, Ж.Сарманов. «БАҚ және Ұлттық тәрбие». 2004 ж.
М.С.Керімбаева. «Ұлттық мәдениетті қалыптастырудағы мектептің қызметі». Астана, 2008 ж.
Қазақ тарихы / 2003, №1.,2009-2012ж.
ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢБІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ МАҢЫЗЫ
Есжанова Р.С. (Актөбе)
Бүгінгі басты мәселеміз – білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы- білім беру жүйесінде түрлі ақпараттық технологияларды қолдану. География ғылымы өте қызықты да күрделі. Осы пәнге қызықтыру арқылы, оқушыға географияның күрделі құбылыстары мен заңдылықтарын ұғындырып сапалы білім беру мұғалімнен үлкен шеберлікті оған қоса ғылым мен техника жаңалықтарын, яғни жаңа педогогикалық технологияларды әр сабақта тиімді қолдануды талап етеді.Ал біздің алға қойған мақсатымыз:Заман талабына сай білімді, жан-жақты ойлай білетін, өз елінің, халқының қамын жейтін, қоғамды алға дамытатын ұрпақ тәрбиелеу .
Келешек қоғамымыздың мүшелері-жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет болса, біздің міндетіміз:
-қоғам мен табиғат арасындағы байланысты түсіндіру;
-түрлі географиялық ақпарат көздерімен өз бетінше жұмыс жасау: ақпараттарды алу, оны жеткізу, талдау жасау, салыстырып оны қолдана алу біліктерін дамыту;
-географияның пәндік мүмкіндіктерін пайдаланып оқушыларды ақпараттандырылған қоғамда өмір сүруге бағдарлау;
-аумақтық (өлкетану), кешенді, тарихи проблемалық және көп структивті тәсілдер арқылы географиялық ойлауын қалыптастыру;
Г.К.Селевко:«Технология-бірізді, жалғастыру процесінде, ғылыми негізде жасалған қандай да бір өндірістік және әлеуметтік проблеманы шешу үшін қолданатын ілім» -десе білім беру жүйесінде түрлі ақпараттық технологияларды білім сапасын арттыруда тиімді қолданамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |