Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


ТҰЛҒАҒА БАҒДАРЛАНҒАН ОҚЫТУ – 12 ЖЫЛДЫҚ МЕКТЕПТІҢ БАСЫМ БАҒЫТЫ



бет610/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   606   607   608   609   610   611   612   613   ...   679
ТҰЛҒАҒА БАҒДАРЛАНҒАН ОҚЫТУ – 12 ЖЫЛДЫҚ МЕКТЕПТІҢ БАСЫМ БАҒЫТЫ


Жаңабаева А.Р. (Ақтөбе)

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді.


Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс.
Қазақстанның тәуелсіздік алып, егеменді ел ретінде жаңа дамуында жолына түсуі қоғамның жалпыадамзаттық құндылыққа бағдарланған жаңа идеологиясының қалыптастыруды қажет етеді. Саяси-әлеуметтік өмірдегі көңілге қонбайтын жағымсыз жағдайлардың өзі де жастарды адамгершілікке, жоғары идеялық сенімге, экстремизмге қарсы күресуге, қоғамның рухани және адами құндылықтардың бағдарлай білу іскерлігін қалыптастыруды патриотизм негізінде дамытуға шақырады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» еңбегінде: «Қазақтар ұлы өркениеттердің мұрагерлері тарихтың сан-сапалық құз-қияларынан өзінің ұлттық «МЕН» дегізерлік қасиеттерін алып шыға алды. Жай ғана алып шығып, жай ғана сақтай білген жоқ, сонымен бірге еселеп жаңғырта да білді»,- деп қазақ халқының ұлылығын, ұлы қасиеттерін айрықшалаған. Ата-бабаларымыздың осындай алтын қасиеттері даламыздан шыққан сансыз ғұлама-ғалымдардың еңбектеріне арқау болған және олардың өздері де ұлттың ұлылығын сақтап қалу жолында еңбек сіңірген.
Осылайша, әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу-ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы.
Қоғамның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Еліміз оқытудың «Нәтижеге бағытталған білім беру» моделіне көшті. Ал,нәтижеге бағытталған білім беру дегеніміз жеке тұлғаның құзырлығын қалыптастыру. Білім берудің басты мақсаты – білімге, білік пен дағдыға қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде лайықты ақпаратты өзі табу, талдау және оны пайдалану сөйтіп қарқынды дамып жатқан заманға лайықты өмір сүру болып табылады. 12 жылдық білім мазмұнының негізгі өзегі – қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, сондай-ақ, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту болып табылады. Білім алушы білім алудың белгілі бір сатысымен (мектеп немесе жоғары оқу орнымен) шектелмейді. Бүгінгі таңда, демек, болашақта да білім қажеттілігі адамның белсенді өмірін қамтиды. Сондықтан жастардың бүгінгі білімі – болашақта өз білімін жетілдірудің және өз бетімен білім алуларының тек қана негізі. Мұнан шығатын қорытынды оқушыларды үздіксіз білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын іздестіру өзекті мәселелердің бірі екендігі сөзсіз
Осыған байланысты жан-жақты тұлғаны қалыптасстыру қажеттілігі туындайды.
Тұлға – мазмұнды күрделі ерекше әлеуметтік ұғым. Оның өсуі мен қалыптасуы ортасы мен қоғамдық өмірге тәуелді. Демек, оқушыға білім бере отырып, біз оқушының жан-жақты дамуына мүмкіндік жасауымыз қажет. Білім беру барысында оқушының жеке тұлға ретінде ерекшеліктерін ескеру – баланың өзін-өзі жан-жақты дамыту мәселесін оңтайлы шешуге мүмкіндік береді. Бүгінгі ұрпаққа әлемдік білім беру стандартына сәйкес жаңаша білім беруімізді өркениетті дамудың өзі талап етіп отыр. Сондықтан да бүгінгі таңда жалпы 12 жылдық білім беру жүйесіне көшумен жеке тұлғаның бойында мәдени, рухани құндылық қасиеттерін қалыптастыра оқытумен қоса тәрбие де аса маңызды орын алады. Жеке тұлғаның бойында мәдени құндылық қасиеттерін қалыптастыруда оқыту мен тәрбиенің теориясы мен практикасын ұштастыра отырып жүргізу қамтамасыз етілуі керек. 12 жылдық оқу мерзіміне көшу жауапты жұмыс екені даусыз. Оны жүзеге асыру арқылы білім беру жүйесі жалпы әлемдік білім аймағына ене алады. Осындай деңгейде болу ұрпағымыздың жер шарының кез-келген жеріне барып қалаған мамандығын игеруіне мүмкіндік береді.
Оқушылардың оқудағы белсенділігі оқуға қажетті білім, білік, дағдыны саналы меңгеруінен, оны тәжірибеде пайдалана алуынан көрінеді. Ол оқу үрдісінің барлық кезеңіне қажет. Оқу тапсырмаларын орындау нәтижес ішкі белсенділікке байланысты. Ішкі белсенділікке оқушының белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Адамның қандай да болмасын әрекеті белгілі бір қажеттіліктерден туындайтыны баршамызға белгілі. Демек, оқушыларға ұсынылатын тапсырмалары олардың және қоғамның қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталуы тиіс.
Қазіргі уақытта білім берудің алғашқы парақтарында «адам проблемасы» өзекті мәселелердің біріне айналып, «адам проблемасы» қазіргі ғылымда білім беру саласында толығымен зерттеуді қажет ете бастады. Білім берудің мақсатында – адамның өмір сүру ортасының мағынасы мен бейнесіне сәйкес, тұлғаны қалыптастыруға назар аударылуда. Білім беру саласының проблемаларының болжамдарында,әзірленген білім беру жүйесінің көмегімен – биосфералық, адамдағы ізгілікті, жоғары биологиялық және әлеуметтік сапаларды жасай, қазіргі заман талабына сәйкес білім беру қарастырылған.
Қазіргі заманғы тұлға кеңейген әлеуметтік кеңістікте , ішкі икемділігі мен түрлі мүдделерін көрсете, өзін жетілдіруге ұмтыла, адамзат тұрмысының маңызын сезінуге бағдарлану керек.
Орыстың ұлы педагогы В.А.Сухомлинский мектептің басты міндеті - әрбір адамның дарындылығын ашу, оны толыққанды шығармашылық, интеллектуалдық еңбек жолын бағдарлау. Әрбір оқушының қайталанбас дарынын дөп басып табу, аша түсу, қастерлеу бұл – тұлғаны адамзат қадір-қасиетінің өркендеуінің жоғары деңгейіне дейін көтеру деген сөз деп атап көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   606   607   608   609   610   611   612   613   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет