Пайдаланылған әдебиеттер
Бейсенбаева А.А. Теория и практика гуманизации школьного образования. Монография. –Алматы: Ғылым, 1998. -225 с.
Тұрғынбаева Б.А. Біліктілікті арттыру жүйесінде мұғалімдердің шығармашылығын дамыту //Білім берудегі менеджмент, 2004. -№3.
МЕКТЕПІШІЛІК БАҚЫЛАУ НӘТИЖЕСІ - МЕКТЕП ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖЕМІСІ
Жиенбаева Л.А., Сарина Ғ.А. (Ақтөбе)
Оқу-тәрбие үрдісін ғылыми негізде басқару және бақылау-жалпы оқу үрдісінің ішкі механизмі болып табылады. Мектепішілік бақылаудың негізгі бағыттарын дұрыс анықтау мүмкіндігі оқушы білімінің деңгейін нақтылауда, тәрбие деңгейі, баланың жалпы дамуына, оқыту сапасының нақты бағалауында, мұғалімнің оқу үрдісін ұйымдастыруда болады.
Демек, бақылау процесінде жинақталған нақты материал педагогикалық талдауға негіз болады. Сондықтан мектепішілік бақылау мен педагогикалық талдау мектеп қызметінің бір бағыты деп есептелінеді.Мектепішілік бақылаудың ерекшелігі оның бағалау қызметімен байланысты. Ол бағалау мұғалім тұлғасының ерекшелігін ескеруге бағытталған.Егер бақылаушы жас мұғалім болса, бағалау оның кәсіптік қалыптасуына, еңбек өтілі мол мұғалім болса, оның кәсіпқойлық позициясының нығаюы немесе әлсіреуі және мектептің беделіне байланысты болмақ.Сондықтан тексеру барысында тексерушіні кәсіпқойлығы мен ісін жете білуінің маңызы зор.Тексерушілік қызметті орындайтын қазіргі мектеп басшылары кісілік келбеті мығым тұлға болуы қажет.
Олардың міндеті мұғалімді қорқытып-үркіту емес, қайта істің мән-жайына әділ баға беріп, педа-гогикалық қызметті ынталандырып, қолдап, әдістемелік қолдау көрсетуі тиіс.Осы тұрғыдан алып қарағанда мектепішілік бақылауда бірқатар кемшіліктерді атауға болады.Біріншіден, директор мен орынбасарлары арасында тексеру нысандарының бөлінбеуі, тексерудің есеп үшін немесе өзара сабақ-қа енудің санын анықтау мақсатында ұйымдастырылуы-байқаудың жүйесіздігі.Екіншіден, бақылауды ұйымдастырудағы немқұрайлылық, ол жүргізілген тексеру мақсатының анық қойылмауы, бағалаудың әділ критерийлерінің болмауы, немесе қолданылмауы түрінде көрінеді.Үшіншіден, тексерудің педагогикалық процестің бір ғана бағытын қамтудан көрінетін мектепішілік бақылаудың біржақтылығы. Мысалы, тек оқу процесі немесе қазақ тілі пәнінің берілуі т с с.Төртіншіден, тексеруге тек лауазымды адамдар ғана қатыстырылып, оның есесіне тәжірибелі мұғалімдер мен әдіскерлердің тыс қалуы.
Мектепішілік тексеруді ұйымдастыруда осындай және бұдан басқа да кемшіліктер мен түсінбеушіліктерді болдырмау үшін бірқатар жалпы талаптарды білу керек.
Жүйелілік – бұл талап мектептегі оқу процесінің бүкіл барысын басқаруға мүмкіндік беретін бақылау жүйесін құрып, бақылау мен тексерудің тұрақты жүргізілуіне бағытталады;
Әділдік – бұл талап бойынша мұғалімдердің немесе педагогикалық ұжымның әрекеті мемлекеттік стандарт және білім бағдарламалары талабына сай жасалған және келісілген өлшемдермен бағала-нуы тиіс.
Ықпалдылық – тексеру нәтижелері анықталған кемшіліктерді жойып, оңды өзгерістер жасауды талап етеді.
Құзіреттілігі – тексеретін тақырыпты білу, тексеру әдістемесін меңгеру, тексеру нәтижесінің дамуын болжай алуды талап етеді.
Бақылау қызметі мектепішілік басқаруда күрделі болып табылады. Оның күрделілігі білім беру процесті бағалаудың негізділген өлшем критерийлерінің болмауында. Қазірде оқушылардың оқыту мен тәрбие сапасын бағалау мектепке жүктелгендіктен, бағалаудың мәні өсе түсті. Бақылау процесінде жинақталған нақты материал педагогикалық талдауға негіз болады.
Достарыңызбен бөлісу: |