Пайдаланылған әдебиеттер
Андреев В.И. Педагогика: учебный курс для творческого саморазвития. –Казань: Центр инновационных технологий, 2000.
Дьюи Дж. Демократия и образование: Пер.с англ.- М: Педагогика. –Пресс, 2000.
Гришин А.В Развитие профессиональной конкурентоспособности будущих специалистов в процессе профессиональной подготовки в колледже. г. Челябинск.2003.
ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР НЕГІЗІНДЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Сугурбаев С.С. (Ақтөбе)
Қоғамымыздағы болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер білім беру саласын жетілдіруді талап етеді. Ең алдымен білім беру мазмұнын жаңартуды оны қазіргі заман талаптарына сәйкестендіруді қажет етіп отыр.Қазіргі заманғы инновациялық процесті зерттеушілер инновациялық тәжірибе – бұл жаңалықты ендіру емес, бұл педагогикалық, шығармашылық, новаторлық және зерттеушілік қызмет нәтижелерінің бірін-бірі толықтыруы деп түсіндіреді.
Оқу процесі екі жақты болғандықтан, тек мұғалім өзінің ғана іс-әрекетінің дұрыс болуына қанағаттанып қоймай, оқушылардың да танымдық әрекеті мен белсенділігін дамытуға ерекше көңіл аударуға тиіс.
Соңғы жылдары жеке адамды қалыптастыруды дамыту мен оған жан-жақты терең білім беру мақсатында көптеген технология түрлерін сабақтарда қолданып, баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыра отырып, өз бетінше шешім қабылдауды дадыландыруға жаңа технология түрлерімен де жұмыс жүргізіп келеміз.
Жаңашыл технологиялардың басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.Бұл міндеттердің жүзеге асуы оқушылардың мектеп қабырғасында оқып жүрген кезінен бастап, шығармашылық іс-әрекетке ынталандыруға, соның нәтижесінде дербестігінің қалыптасуына тікелей байланысты. Осыдан шығатын түйін: оқушылардың оқу - танымдық іс-әрекетінде шығармашылық дербестігін дамытатын оқу процесін ұйымдастыру, тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалану, өзіндік жұмыс істеу біліктерін қалыптастыру, іздену аясын кеңіту өзекті мәселе болып табылады [1;78].
Шығармашылық мәселесін қарастыруда «қабілет», «талант», «дарын» ұғымдарын айналып өтуге болмайды. Таланттылық арнайы іс - әрекетте жоғары нәтижеге жетсе, дарындылық ақыл - ой қызметінің ең жоғары дәрежесімен сипатталады. Әрбір бала талантты болады, онда дарындылық та бар, ал дарынды баланың бәрі бірдей талантты болмауы да мүмкін.
Шығармашылық сөзінің төркініне назар аударсақ, «шығару», «іздену», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек, бұрын тәжірибеде болмаған, жоқ нәрсені ойлап, жетістікке қол жеткізу деген сөз. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері - сол шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкіл халықтың әдеби мұрасы немесе жеке тарихи тұлғаның шығармашылығы арқылы көз жеткізуге болады.
Оқушының шығармашылық тұлғасын үш сапалық тұрғыдан қарастыруға болады:
1.Танымдық сапасы - оқушының қоршаған ортаны түсінуге ұмтылу.
2.Шығармашылық сапасы – ойлау белсенділігі, ой тереңдігі, өзекті мәселені табу, шығармашылық қызығуының тұрақтылығы.
3.Ұйымдастырушылық сапасы – берілген тапсырманың мақсаты мен міндеттерін түсіну, мақсатқа жетуге қажетті іс-әрекетті таңдай білу.
Шығармашылық қабілет проблемасы – оқушылардың жекелік айырмашылық мәселесі. Қабілет әрбір балада болатын қасиет, олар өмір сүру барысында дамып отырады. Қабілет дәрежесі әр адамда әртүрлі деңгейде болады.
Шығармашылық қабілет әрекеттің белгілі түрімен айналысудағы мүмкіндік беретін – бейімділікте байқалады. Шығармашылық тапсырмаларын орындау барысында бала шығармашылық ойлауға бейімделіп қуанышқа бөленеді. [2;108].
Жоғарғы класс оқушылары «Неге?» деген сұраққа үнемі табанды жауап іздейді және берілген жауаптың жеткіліктілігіне, әрі негізділігіне өз күдігін білдіріп отырады. Олардың ойлау қызметі әлдеқайда белсенді және еркін. Олар мұғалімдерге сын көзбен қарайды. Пәннің қызықтылығы туралы жастардың түсінігі жасөспірімдерге қарағанда басқаша: алтыншы класта оқитын оқушы пәннің сыртқы мәнін бағаласа, тоғызыншы класта өзінше ойлануды, яғни шығармашылықты талап ететін пәндер қызықтырады. Жоғарғы класс оқушыларымен жүргізілетін жұмыстағы жетекші педагогикалық идея: жеке тұлғаның өзіне тән құштарлықтарына сәйкес, оның мүмкіндіктерін іске қосу үшін, жүзеге асыру үшін жағдай жасау, өз болашағының әлеуметтік-мәнділік жағын анықтап алу үшін көмектесу.
Оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастырудың педагогикалық шарттарын: оқу тәрбие үрдісіндегі жеке тұлғалық- бағдарлық оқыту, мұғалім мен оқушының өзара қарым - қатынасындағы ынтымақтастықтың болуы, жоғарғы класс оқушыларын қазіргі өмірге бағдарлануын жүзеге асыру үшін кластан тыс жеке-ұжымдық жұмыстар ұйымдастырудағы шығармашылық - пәндік апталықтар мен ғылыми апталық, жобалар, пәндік үйірмелер мен факультатив сабақтарының маңызы зор.
Осындай формада жүргізілген жұмыстар арқылы оқушылар өздерінің әр түрлі танымдық және шығармашылық сұраныстарын қанағаттандыра алады,мектеп олимпиадалары мен конкурстарға,көркемөнер көрмелеріне белсене араласады,бұл мектеп ішіндегі оқушылардың арасынан дарынды оқушылардың шығуына ықпал етеді. Кластан тыс жұмыстардың білім беру және тәрбиелеудегі мәні жоғары. Олардың алуан түрлілігі мұғалімдерден шығармашылық шеберлікті талап етеді.
Шығармашылық жұмыстар мынадай тәртіппен орындалады:
-мақсаты құрылады,
-жұмыс барысы көрсетіледі,
-алынған нәтижелері бойынша өзіндік талдауы беріледі,
-мұғалімдердің және оқушылардың пікірлері енгізіледі,
-марапаттау рәсімі жүргізіледі,
-жұмыс мектеп көрмесіне қойылады немесе шығармашылық жұмыс жинақта жарияланады. [3;54].
Қорыта айтқанда, оқушы бойында шығармашылықты дамытуда үздіксіз құлшыныс, білім алуға деген ұмтылыс ұдайы өсіп,дами түсуі қажет. Сонда ғана оқушы бойында білім нұры тасып, ішкі дүниесі, сыртқы ортамен байланысы арта түсері анық. Бұл қасиеттердің барлығы да шығармашылықтан бастау алары сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |