Қазақстандық патриотизмнің негізгі компонентері
Қазақстандық патриотизм – көп ұлтты Қазақстан халқының өзін-өзі тануының күрделі жолы. Өзін -өзі тану - өзіндік өсу мен өзіндік даму процесі арқылы жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгеруге, бағалауға алып келеді. Ең бастысы – жас ұрпақтың бойында Отанға туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру.[3,5-8,49-54 б]
Отаншылдық сезім- адамда туа біткен қасиет емес. Ол адамның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық саяси - әлеуметтік құбылыс. Патриоттық сезім жалпы адам баласының еліне, жеріне, өз тілі мен мәдениетіне, ұлттық құндылыұтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын түйсінуін, қуаттап қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады. Осыған орай ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев патриотизмді «Әр этностың ұлттық сезімін сыйлап, бірде-бір ұлтпен қарама-қайшылық туғызбау» -деп атап көрсетті.
Көп ұлтты Қазақстан халқы үшін Отансүйгіштік сезімнің рухани саладағы тату-тәтті тірлік,азаматтық келісімде ғана емес, мемлекетің материалдық негізін нығайтуда да тікелей ықпалы бар. Отансүйгіштік рух-қазақ елінің әлемдік өркениеті елдер көшіне қосылып,дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орын алуына мүмкіндік беретін күш..Біздің елімізді ықылым заманнан-ақ мойындаған,қазірде мойындап отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |