Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет641/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   637   638   639   640   641   642   643   644   ...   679
Қолданылған әдебиеттер
1. А.Гин “Приемы педагогической техники”, “Вита-Пресс”.
2. Рудестам К. Групповая психотерапия / Рудестам К. СПб. : – Питер, 2005. – С. 278-279
3. Кирейчева Е.В., Кирейчев А.В. Психологический тренинг развития Я-концепции. – Ялта, 2006. – С. 80.11 с.


ҚОҒАМДЫ ӨЗГЕРТУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТОЛЕРАНТТЫҚ ТӘРТІБІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМДІ НЫҒАЙТУ ФАКТОРЫ
Тынышбаева Л.Ж. (Ақтөбе)


Қазақстандықтар елдегі тыныштық пен толеранттықты бағалауы тиіс. Бұл туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев Ақордадағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарымен болған кездесуде айтты. «Көршілеріміздің бізге /Қазақстанға/ келіп,жұмыс іздейтіндерін,олардың біздің елімізде тұрып қалғысы келетіндерін мақтан етеміз. Одақ ыдырағаннан кейін алғашқы жылдары жұрттың барлығы тарихи Отанына асықты,ал енді олардың барлығы Қазақстанға қайтқысы келеді.»-деді Нұрсұлтан Әбішұлы өз сөзінде.[1]
«Бұл жайт, біздің елімізде мамыражай және тыныш өмір сүруге болатынын көрсетеді. Біздің еліміз және барша қазақстандықтар осыны бағалауы тиіс»-деп атап көрсетті Елбасы.
Елдегі толеранттық пен тұрақтылық арқасында Қазақстан көптеген табыстарға қол жеткізді, халықтық тұрмыс-тіршілігі жақсарды, экономикасы дамып, барша әлемге танылды.
Толеранттылық – бұл жергілікті халықтың басқа ұлт өкілдеріне және басқа діндегі адамдарға түсіністікпен қарап,оларды қудаламауының белгісі. Жалпы толеранттық өркениетті қоғамға тән құбылыс. Мұндай қасиет тұтас ұлттың басына бір күнде орнай салмайтыны белгілі. Бұл-халықтың сана-сезімінің,дәстүрінің, рухани байлығының кемелденгендігінің айқын көрінісі. Осы тұрғыдан алып қарасақ, Қазақстандағы қоғамдық қарым-қатынастардың белгілі бір дәрежеге көтерілгенін байқаймыз. Елімізде ұлтаралық татулықтың салтанат құруы – мемлекеттің негізін құрайтын қазақ халқының саяси мәдениетінің биік деңгейге көтерілгенінің белгісі. Біле білсек, толеранттылық – үлкен құндылық. Мұны тәуелсіздікке қол жеткізген 20 жылдағы маңызды жетістігіміз десек артық айтқандық болмас еді. Біздің елімізде сан алуан ұлт өкілдерінің діні мен салт-дәстүрін жаңғыртуға барынша жағдай жасалған. Осындай ынтымақты тірлікке дүниежүзінің көптеген елдері қол жеткізе алмауда. Керек десеңіз, Қазақстан – Орталық Азияда ұлттаралық татулықты сақтап, алауыздыққа жол бермеген жалғыз ел. Бүгінде кең – байтақ қазақ жерінде 11 тілде жастарға тәлім беретін мектептер жұмыс істейді. Осыдан-ақ еліміздегі өзге ұлт өкілдеріне қандай жағдай жасалғанын бағамдай беруге болады. [2]
Барлық халықтар өркениетке бет бұрған бүгінгі әлемде адамаралық, этносаралық және конфессияаралық өзара түсіністік пен төзімділікті қалыптастыру қоғамның бейбіт те, орнықты дамуының кепілі ретінде бағаланды. Демократиялы қоғамда парасатты өмір сүрудің бірігей ережесі ретінде толеранттылық-әралуан көзқарастарға, наным-сенімдерге, салт-дәстүрлерге кеңпейілді байсалдылық таныту арқылы қайшылық асқынуының алдын алады,болуы мүмкін зардаптарды өршітпей, өзара түсіністікке қол жеткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   637   638   639   640   641   642   643   644   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет