Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет650/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   646   647   648   649   650   651   652   653   ...   679
Қолданылған әдебиеттер
1.«Әндер жинағы» Алматы «Қайнар» 1976 ж.
2.«Ауыл кеші көңілді» Х. Тілемісов. Алматы «Өнер» 1985 ж.
3.«Ақ жауын» С. Бәйтереков. Алматы «Өнер» 1991 ж.
ОТАНСҮЙГІШ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ–МІНДЕТІМІЗ


Ниязалина Ж.Ұ., Қожаниязова Г.Ж. (Ақтөбе)

Бүгінгі таңда көп ұлтты Қазақстан халқының болашағын қамтамасыз ету үшін жеткіншек жас ұрпақтарды елінің «Мәдени мұра» нысандарына, жалпы ұлттық құндылықтарды құрметтеу, қастерлеуге бағдарланған патриоттық тәрбие беру өзекті мәселеге айналуда. Бұл жөнінде еліміздің призеденті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» атты жолдауында «Оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет»,- деп атап көрсетті. Патриотизм - адамның мыңдаған жылдар бойы бекіген ең терең сезімдерінің бірі. Туған жерге, тілге салт – дәстүрлерге адал болып, олардан қол үзбеу түрінде патриотизмнің тарихи элементтері көне заманда қалыптаса бастаған. Патриоттық сезімнің обьектісі мен қайнар көзі - Отан десек, оның мазмұны:туғанжер,табиғат, оның байлықтары ,тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар. Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзінеайналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы.


Отан – бұл халық. Халық - бұл адам. Адамды сүю, оған жақсылық жасау, жанашыр болу – адамгершіліктің белгісі. Отаншылдық көз жетпейтін көне ғасырлардан келе жатқан құндылық. Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің негізгі міндеттері – қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік, қоғамға деген рухани-мәдени қатынас, еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігін сақтау, Қазақстан көп ұлтты мемлекет екенін негізге ала келе бүгінгі қоғам мүшелерінің Қазақстандық патриоттық сезімін қалыптастыру. Патриотизм мен ерліктің мәселелерін тарихи тұрғыда қарастыра отырып қазақстандық патриотизм жаңадан пайда болған құбылыс емес екендігін,оның ертеде пайда болып,өзіне тек республика тәуелсіздігін алған жылдары ғана ерекше назар аударылып отырғанын баса айтуға болады.
Патриоттық сезімнің нысаны мен қайнар көзі – Отан десек, оның мазмұны – туған жер,табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар. Олардың адам көкірегіне жылылық жақындық, туысқандық сезімдерін ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы болады. Бүгінгі Қазақстан жағдайындағы ұлттық патриотизмнің басты көрінісі – қазақтың ана тілінде сөйлеуі, балаларына ұлттық тәрбие беруі, ұлттық мінез жүріс тұрыс қалыптастыру, ізет, құрмет қайырым, мейірім тағы басқа сезімдерін дамытуы.
Қазақтың патриоттық – отансүйгіштік тәрбиесі тереңнен тамыр жайған. Қазақстан – арайлап атқан таңы бар, асу бермес асқарлары бар, дала, жазираны мекендеген халқы бар дербес республика. Адам шыр етіп дүниеге келгенде, кіндік қаны тамған жерін – Отан дейді. Адамзаттың парызы туған Отанын гүлдендіріп, сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу.Қазақстан - бүкіл қазақ халқының ата-мекені, кіндік қаны тамған жері. Тәңірі жер қайсар мал беріп, асты-үсті байлыққа тұнып тұрған осындай өлкені мекендеген халқының арманы жоқ болар, сірә! Сонымен бірге мектеп оқушыларына оқу бағдарламасынан тыс тәлім тәрбиелік жұмыстар жүргізу қажет. Олардың негізгі бағыты ұлттық санаға бағыттауы тиіс.
Бүгінгі таңдағы ең басты мәселе – ұлт жанды, елінің патриоты болар Қазақстан азаматын тәрбиелеу. Өз тарихын сыйлап, әдет ғұрпын қастерлейтін ұрпақ тәрбиелеу үшін өткенімізді ұғындырып, бүгінгі күнге ризашылық білдіріп, келешекке айқын мақсат қойып елдікті құрметтеуге үйретуіміз керек.
Сырт қараған адамға елімізде “қазақстандық патриотизм” мәселесі жоқ тәрізді елес береді. Біріншіден, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мәлімдегеніндей, қазақстандықтардың 90 пайызы, қай ұлттық өкілі болғанына қарамастан, өздерінің Отаны Қазақстан деп мойындайды. Екіншіден, Қазақстан бұрынғы Кеңестер Одағынан бөлінген мемлекеттер арасында ұлтаралық, саяси, мүдде аралық, конституциялық тәртіп, т.б. жағынан алғанда тұрақтылығымен ерекшелінген. Бұның екеуіде тамаша көрсеткіш өлшемдері. Әйткенмен, өкінішке орай осынау игіліктер қоғамның жекелеген мүшелері тарапынан саудаға түсіп, жиі- жиі кері мақсатқа пайдаланылады. Өзінің туған жерге, елге деген “шынайы” сезімін әсіресе ұранға толы пікірлеріне арқау еткен адамдарының халықтық патриоттық сенімдерін құралға айналдырып, дербес мүддеге жұмсағанын біз жақсы білеміз. Сондықтан, шын патриоттар мен жалған патриоттардың ара жігін ашу, олардың бір өлшеммен бағаламау қажеттігі туады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өзінің “Қазақстан экономикалық әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында” атты жолдауында қоғам мүшелерінің дербес қажеттері мен мүмкіндіктерін ашып қөрсететін мемлекет құру күн тәртібінде тұрғанын атап айтты. Яғни, республика халқы елдің тәуелсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. Соған орай, елбасы сөзімен айтқанда, “Біз баршаға мүмкіндік беретін қоғам: әрбір адамның жеке басы мен бостандығын құрметтейтін, өзіне өзі қызмет етуге жағдайы жоқ жандарды қамқорлыққа бөлейтін қандай еңбекті болса да қадірлейтін, ана мен баланы қорғайтын, зейнеткерлерге қамқор болатын, ардагерлер мен отан қорғаушыларды ардақ тұтатын қоғам құруды аяқтауға тиіспіз!” Бұл- Қазақстанның шынайы патриоттарының пешенесіне жазылған сыбаға. Дәл осы тұрғыдан алғанда, “қазақстандық патриотизмді” еліміздің әрбір азаматының санасына сіңіру- кезек күттірмейтін мәселе. Ұлтына, нәсіліне, сенімімен нанымына, саяси көз- қарасымен ұстанған бағыт- бағдарына, т.б. ерекшеліктеріне қарамастан республикамыздың әрбір азаматы өзі өмір сүріп, ауасын жұтып, игілігін пайдаланып отырған мемлекетін “Туған елім, Отаным” деп тануы қажет. Мемлекетке есімін беріп отырған ұлттық салт- дәстүрлеріне құрметпен қарау, оның тілі мен ділін, дінін сыйлау, заңдарына бағыну,рәміздерін ардақтап, жетістіктеріне шаттану- қоғамның әрбір мүшесінің парызы.[1]
Интернационалдық және патриоттыққа тәрбиелеу - күрделі педагогикалық үрдіс. Еліміздің тәуелсіздік алып, егемендікке жету қазақ халқының және республикада тұратын басқа да халықтардың ұлттық дүниетанымының өсуіне жағдай жасады.
“Қоғамда Қазақстан - біздің Отанымыз, бұл ұғымға өте көп нәрсе кіреді деген қарапайым ойды қалыптастыру керек” - деген Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзі терең ойдан туындаған пікір.
Қай ұлттан шыққанына қарамай, біздің ортақ үйіміздегі достық пен келісім ахуалын қолдауы құрамдағы ұлттар мен ұлыстар саны біздегіден де көбірек гүлденіп отырған мемлекеттер әлемде аз емес. Сонымен қатар, бұл елдерде патриотизм сезімі ерекше жоғары дамыған, қоғамда мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау қалыптасқан.
“Патриотизм”, - деген болатын Б.Момышұлы, Отанға (мемлекетке) деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман- саулығының қоғамдық- мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизмге мемлекет деген ұғымды, жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым- қатынасты білдіреді.
Патриоттық сезім жалпы адам баласына адами түйсік- қасиет, оның еліне, туған жеріне, өз тілі мен мәдениетіне, қамқорлықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын, түйсінуін, қуаттап- қолдауын пайымдайтын көрсеткіші болып табылады.
Қазақ совет энциклопедиясында “Патриотизм дегеніміз (грекpatrіotes-отандас, patrіo-отан,туған жер) Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш пен қуаты білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау, туған жерін, ана тілін, елдің әдет- ғұрпы мен дәстүрін құрмет тұту сияқты патриотизим элементтері ерте заманнан қалыптаса бастады”- деп атап көрсетеді.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері балалардың, жасөспірімдердің оқу- тәрбие ісіне ұдайы көңіл бөлініп келеді. Оқу- тәрбие ісінде назар аударып отырған тәрбие салаларының бірі- патриоттық тәрбие.Қазақстан Республикасы көп ұлтты іргелі ел.
“Жаңа қоғамның дамуындағы ең маңызды нәтиже- оның барысында қалыптасқан жаңа адам, оны ауыр күрестерде қорғай білген, өзінің күш- қуатын аямай, барлық қиындықтарға төтеп беріп, болашақты білген, барлық сын сынақтардан өтіп, өзі адам танымастай болып өзгерген. Өзінің бұрынғы қасиеттеріне саяси мұраттылықты қосып, өмір сүрудің тәжірибелерінен қуат алып, өзінің жеке басының мәдениетін, білімін кәдеге жаратып, мәреден көріне білген адам. Бұладамболашағыныңнағыз патриоты болуыменбірге, интернационалист болғанжәнеболадыда”-депатапкөрсетілген.
Өзіміздің тарихымызға үңілсек VІ ғасырда Жетісу, Алтай, Орта Азияны мекен еткен ру тайпалары бірігіп, Түрік қағанаты дейтін үлкен мемлекет құрды. Зерттеушілердің айтуынша “түрік” деген халықтың аты 542 жылдан белгілі болса керек. Түрік қағанатының қоғамдық-экономикалық, саяси- әлеуметтік өмірінде сол кездегі жаугершілік маңызды орын алады. Сол кезеңнің саяси-қоғамдық әдеби өмірін баяндайтын жазба ескерткіштер бізге жетіп отыр. Солардың бірі- “Күлтегін”, “Білге- Қаған”, “Тоныкөк” дастандары.
Құлып тасқа жазылған осы ескерткіштер Орхон- Енисей деп те аталады. Бұлардың авторы Иоллығ-тегін дейтін шежіреші екендігі белгілі болып отыр, бірақ қайда туып, қашан қайтыс болғандығы жөнінде еш мағлұмат жоқ. Автор түркілер тарихын олардың саяси аренаға шыққан кезі VІ ғасыр ортасынан бастайды, яғни түркі ордасын құрған дәуірден бергі 200 жылдық тарихты сөз етеді. Тас жазуларда ерлікпен тәрбие, тұрмыс- салт мәселелері, әсем айшық өрнектермен, жанды бейнелерге толық сезім толғаныс-тербеністермен баяндалады. Мәселен, “Бізге жеңіс әперген жер-суымыз- Отанымыз деп білу керек… Қандай қанағат болмасын, оның халқының арасында пәтуасыз (жалқау, оңбаған) табылса, онда сол халықтың қанша соры бар десеңізші!...” деп келетін сөз тіркестерінің тәлім- тәрбиелік мәні зор. [5]
Жас жеткіншектерді Отанын сүюге тәрбиелеу бір кезеңдік іс емес. Интернационалдық және патриоттық тәрбиені қалыптастыру процесінің өз идиологиясы және айқын жүйесі бар. Мектептерде жасжеткіншектерді Отанын сүюге тәрбиелеу қазақ халқының батырларының өмірі мен ерліктерін олардың туған жерін жауларынан қаймықпай қорғағандықтарын баяндау арқылы жүзеге асырылады. Қобыланды батыр, Алпамыс батыр, Ер Тарғын, Ер Көкше, Баян батыр, Қабанбай, Бөгембай, Райымбекбатырлар- қазақхалқыныңесінде.
Білім негіздерін меңгеруші шәкірттер үшін ӘбуНасырӘл – Фарабидің өзбасыда, еңбектері де теңдесі жоқ өнеге. Ол өзінің туған жұртын, кір жуып кіндік кескен кең даласын жанындай жақсы көріп, барынша қастерлеп өткен нағыз патриот ғалым еді. Сонымен қатар әлемдік озық мәдениеттің шоқ жұлдыздары: Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев еңбектерінің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі мол. Осы ғасырдың басында тәлімдік ой- пікірмен барша қазақ даласын дүрсілкіндірген Шәкәрім Құдайбердиев, Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов, Халел Досмұхамедов, Мағжан Жұмабаевтардың педагогикалық тұжырымдары өміршеңдігімен жұртты қайран қалдырады.[9]
Халықтың патриоттық сезімін қалыптастыру үшін алғышарттар пісіп-жетілуі керек. Сол алғышарттардың пісіп- жетілуін сабакқтаса адамдардың сана-сезімі артып, жаңа құндылықтарды, оның ішінде интернационалдық және патриоттық сезімді бойына молырақ, сезінетін болады. Қазақстанда мекендеген халықтардың тіліне, дініне, аз- көптігіне қарамастан тең құқықтығын, іс- жүзіндегі теңдігін жариа етіп, ешкімге де артықшылық жасамайтынын атап көрсетеді. Қазақстанды барша жұртшылықтың сүюіне жетелейтін бірінші саяси фактор- Конституцияның негізі.
Екінші арнасы- экономикалық негіз. Ұзақ мерзімді басым мақсаттар негізінде- экономикалық өсіп-өркендеуін алға қойды. Интернационалдық және патриоттық сезімді қалыптастырудың тағы бір алғышарты- халық пен мемлекет арасындағы өзара сенімді нығайту.
Қазақстандық патриотизм идеясының, халқымыздың сапасын кеңінен билеуі өз тарапынан республиканың, өсіп- өркендеуіне, жап-жақсы гүлденуіне Елбасы Н. Ә. Назарбаев стратегиясының іске айналуына қызмет ететіні сөзсіз.
Отан деген дерексіз дүние емес. Ол халықтан, жерден, судан, елдің дәстүрі мен мәдениетінен, әдебиеті мен өнерінен,тарихы мен бүгінгі тыныс – тіршілігінен құрылады.
Патриотты іс-әрекеттер деп- біздер, әлеуметтік ұнасымдық сарынымен елінің одақтық салт -дәстүрлерінің тарихи заңдылықтарын қорғауға бағытталған жеке тұлғаның және әлеуметтік топтың кез-келген әрекеттерін түсінеміз. Отанның, жалпы адам баласының ілгерішіл, әлеуметтік топ әрекетінің тарихи нысаналарға, қоғамның ілгерілеуіне, өзінің өмір сүріп отырған ортасына, дәуірінің ұстанған бағдарына сәйкестілігі жатады. Патриоттық әрекет сонда ғана сыртқы нышан беру деңгейінде қалып қоймай, патриоттық сананың “өлшемі”, “межесі” және тәрбиелеуші факторы болып қабылданады.
Патриоттық сана - сезім болса,ол – Отан құндылығы көрінісінің нәтижесі, өткендегі өмір сүрген ата-баба санасының қажеттілігі мен ұмтылысынан, құлшынысынан тұрған елдік салт- дәстүрлерді адамдардың санасындағы қажеттілігі мен қызығушылығы арқылы қабылдау. Патриоттық сана өзіндік құрылымы рухани біліктіліктің интеграциясынан тұрады, ал “жазықтың кесіндісін”, қоғамдық сананы барлық түрлерінің диалектикалық өрісін танытады. Бұларға Отанның ілгерішіл қорғанысы,ілгерішіл- қайта құру белгілері жатады.[1,6]
Интернационалдық және патриоттық идеясы өмірге бүгін келіп отырған жоқ. Адамдар қауымдасып өмір сүргеннен бастап, өз қоғамын, өлкесін, табиғатын сүйген, ұнатқан. Соларға деген айрықша сезімді бойыан сіңірген. Интернационалдық және патриоттық сезімі біртіндеп,саяси мән - мазмұн арта түскен.
Қазіргі заманғы Қазақстан мемлекетінің құрылуы мен қалыптасуы ежелгі Алаш жеріндегі мемлекеттік тарихындағы жаңа құбылыс.
Елбасы Қазақстандық патриотизм идеясын көптен бері алға тартып келеді. Өзінің халыққа арнаған жолдауында бұл идеяны ол ұлттық қауіпсіздік стратегиясының құрамдас бөлігі ретінде атап көрсетті. “Бесіншіден”- делінген Елбасы Жолдауында,- біз Қазақстанның барлық азаматтарының интернационалдық және патриоттық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз.
Президент Н.Назарбаев Қазақстан азаматтарының интернационалдық және патриоттық сезімін қалыптастыруда ұлт қауіпсіздігін сақтаудың стратегиялық элементінің бірі ретінде неліктен даралап көрсетті. Елдің елдігі, оның тұтастығы, тәуелсіздігі, қауіпсіздігі, мемлекеттік дербестігі халықтардың интернационалдық және патриоттық сезімінің, патриотизмнің қалыптасуында стратегиялық міндеттер дәрежесіне арнайы қарастырып отыр.
Интернационалдық және патриоттық тәрбие идеясы өмірге бүгін келіп отырған жоқ. Адам қауымдасып өмір сүргеннен бастап қандай ғылым болмасын адамзаттың ақыл- ойынан, өмірден, іс- тәжірибеден туындайтын аян.
Тәуелсіз елдің ертеңі сенімді де серпінді дамуы үшін, әсіресе атадан балаға мұра болып келген ерлік дәстүрі, патриоттық тәрбие өрісті жолда, қамқорлық аясында болуы қажет.
Ұлттық жауынгерлік, ерлік интернационалдық және патриоттық тәрбиесінің бастау көзі көне түркі халқының ерлігімен басталады. Патриоттық тәрбие өрісі- халықтың қымбат қазынасы.
Патриоттық тәрбиені дамытудың негізгі дара тұлғаның жоғарғы әлеуметтік белсенділігін қалыптастыратын, адамгершілік, имандылық, ерлік, еңбек және дене тәрбиесіндегі сапаларының бір-бірімен байланысын саралау болып табылады.
Бастауыш сынып оқушылардың мектеп жағдайында патриоттық іс- әрекет кезінде көз-қарасының қалыптасуына қоғамдағы өзгерісті түсіну, жалпы адм баласына әрбір азаматқа тән нормада не үшін жаңару керектігін ұғындыру және еліміздің мемлекеттік тәуелсіздігінің қасиетті нышандарын қастерлеу болып табылады.
Бастауыш сынып оқушылардың патриоттық іс- әрекетке дайын болуы, оның өзін- өзі тәрбиелеу, өзін танытудың жоғарғы сатысына көтерілуімен анықталады.
Патриоттық тәрбиенің құрамдас бөлігіне енетін рух тазалығы, еңбексүйгіштік, идеялық сенімділік. Дене шыңдалуының жетілуі психологиялық дайындық мектептегі сабақтарда беріледі. Оқушылардың алған білімдері біртіндеп сенімге айналады.
Алайда оқу процессінің мазмұны, уақыт жағынан белгіленген, бұл тәрбие мүмкіншілігін шектейді. Сондықтан тек сабақта патриоттық тәрбиеге байланысты барлық мәліметті толық беру мүмкін емес.Ал сыныптан тыс жұмыс әдістері мен формалары оқушыларды қызықты іс- әрекетке тартуға мүмкіндік береді және өздерінің жеке қабілеттерін көрсете алады.
Оқушыларға білім мен тәрбие беруде сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің бір бөлігі болып табылады. Олардың түрлері өте көп. Жаратылыстану пәндері бойынша әңгімелер мен лекциялар, топсеруендер мен танымжорықтар, зерттеулер мен байқаулар, сынып бөлмелерінде және жергілікті жерлерде жүргізілетін сарамандық және зертханалық жұмыстар, апталықтар, кештер, интелектуалды шоу, т.б. өткізуге болады. Біз өткізген сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты - баланы жан-жақты жетілдіру, халықтық дәстүрлерге деген құрмет сезімін дамыту және халық педагогикасы арқылы бойларында атамекенге сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Халық педагогикасы арқылы оқушылардың атамекенге сүйіспеншілігін қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстар мына бағыттар бойынша жүргізілді:
1. Халық педагогикасы арқылы окушылардың бойында атамекенді сүю, қастерлеу және қорғауға даяр болу секілді сезімдерді дамыту;
2. Өтілетін жұмыстарды халық педагогикасымен байланыстыра отырып, окушылардың белсенділіктерін арттыру және ұлттық рухта тәрбиелеу;
3. Сыныптан тыс жұмыстар өткізу арқылы оқушыларды атамекенге бақылау жүргізуге, атамекендеріне қатысты әдебиеттер, бұқаралық ақпарат материалдарымен жүмыс жасай алуға үйрету;[11]
Қорыта келгенде ұлтына сенімі, нанымы, саяси көз қарасы, т.б қарамастан, әрбір қазақстандық өзі өмір сүріп, күн көріп отырған мемлекетін «Отаным» деп тануы, оның негізін салып отырған қазақ ұлтын сыйлау, оның заңдарына бас ию, рәміздеріне құрмет көрсету, жетістігіне сүйсініп, мақтану, кемшіліктерін болдырмаудың жолын қарастыру-қазақстандық патриотизмнің белгілері болуы керек деген ой келіп шығады.
Отанға деген сүйіспеншілік, туған жерге құрмет, патриотизм тұлғаның дамуындағы ең жоғарғы деңгейді сиапттайтын аса маңызды рухани игіліктердің бірі. Ол адамның Отан игілігі үшін қызмет етуінен, қажет болса, сол мақсат жолында ғұмырын құрбандыққа шалуға дейін баруынан көрінеді. әңгіме болып отырған мәселенің маңыздылығы соңғ уақыттары “ұлттық патриотизм” және “қазақстандық патриотизм” деген тақырыптардың жиі- жиі көтерілуінен- ақ аңғарылса керек


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   646   647   648   649   650   651   652   653   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет