Пайдаланылғанәдебиеттер
1. Назарбаев Н. Қазақстан - 2030: Барлыққазақстандықтардыңөсіп-өркендеуі, қауіпсіздігіжәнеәл-ауқатыныңартуы. Ел ПрезидентініңҚазақстанхалқынаЖолдауы. Алматы, Білім, 1997. 176-6.
2. Жұмақанов Ә. Патриоттықжәнеинтернационалдықтәрбие беру жолдары //Қазақстанмектебі. - 1971.-№3.-206.
3. Сухомлинский В.А. О воспитании //Сост. С. Соловейчик 5-ое изд. - М., 1985.-870с.
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Отарбаева Қ.С. (Ақтөбе)
Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми–технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттың және жалпы адамзаттың құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған біілім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. [1]
Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез – құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. Бүгінде мектептерді компьютерлендіру толықтай аяқталды. Орта білім берудің 12 жылдық моделі енгізілуде. «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» делінген. [3]
Ал Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарламада «Е-learning» электронды оқыту жүйесі бойынша білім беру сапасын және басқару тиімділігін арттыру үшін оқу процесін автоматтандыру, педагогтар мен оқушыларды ең жақсы білім беру ресурстарына және технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсаты атап көрсетілді.
Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті қүру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде.
Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр.
Шетел тілін оқытудағы негізгі мақсат – шет тілді коммуникативті қалыптастыру және дамыту, оны еркін игеру. Шет тілі – қазіргі заманның талабына сай, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми–техникалық және мәдениет дамуының қайнар көзі. Тілді оқытуда интерактивтік тәсіл, ойындар, екеуаралық пікірталастар, сонымен бірге ақпараттық технология, интернет, компьютер қолданылуда. Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшіін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар.
Ағылшын тілі сабақтарында ақпараттық–коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімді жолдары:
- Оқушы дербес компьютер, аудио, видео құрылғылардың көмегімен мәтінді тыңдайды, бейнесюжеттерді көре алады;
- Аз уақытта оқушы көп ақпарат алып, уақытты үнемдейді;
- Қашықтықтан білім алу мүмкіндігін пайдаланады;
- Ағылшын тіліндегі мәтіндерді оқу арқылы есте сақтау қабілеті артады;
- Қажетті ақпаратты жедел түрде алады;
- Аудио кассеталар мен CD дискке қажетті материалдарын кшіріп жазып алады;
Оқытушы сабағында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оқушыға үйретуге тиісті ақпараттар мен білім қорын жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық – коммуникациялық технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі. Сабақ барысында светотехникалық және дыбысты-техникалық құралдарды пайдалану оқушылардың ағылшын тілінде сөйлейтін адамдардың тілін тыңдап, оны көзбен көре отыра ақпарат алуына көмегі тиеді. Бұл жағдай оқушылардың сөйлеу деңгейін жақсартады. Тыңдау арқылы олар сөйлеудегі қателерін жөндей алады. Аудио немесе бейне таспаларды тыңдағанда коммункативті жаттығулар жасалуы тиіс. Әрбір бейнефильмдерді көре отырып, жаңа сөздер мен сөз тіркестері кездескен кезде оларды қайталап, әрбір көріністен кейін сұрақтар қойып отырған жөн.
Мысалы: ағылшын тілін үйретудің тиімді әдістерінің бірі-шетел тілінде ән және өлеңдер үйрету.
Ән, өлең үйрету арқылы оқушылардың төмендегідей ақпараттық құзіреттіліктерін қалыптасады:
Ағылшын тілі сабақтарында әндерді пайдаланар алдында,алдымен оны мұқият таңдап алу қажет. Өйткені жаңа лексиканы немесе грамматикалық материалды бекіткен кезде әнге берілетін тапсырмалар оқушының деңгейіне қарай таңдалып алынады.
Сонымен бірге ағылшын тілі сабақтарында электрондық оқулықты пайдаланудың маңызы зор. Электрондық оқу құралы – бұл оқу курсының ең маңызды бөлімдерін, сонымен бірге есептер жинағы, анықтамалар, энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу эксперименттерін жүргізу нұсқаулары, практикумға, курстық және дипломдық жобаларға нұсқау және т.б. білім беруді басқаратын мемлекеттік органдар тағайындаған арнайы статусы бар берілген түрдегі баспаларды қамтитын электрондық оқу басылымы. Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар мен тарау бойынша тест жұмыстарын орындап, анимациялық практика тапсырмаларымен жұмыс жасауға дағдыланады. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады.
Оқу процесінде оқытудың ақпараттық – коммуникациялық технологияларын тиімді пайдалану және қолдану айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ, оқушылардың өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға өте маңызды.
Құзірет – оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс-әрекетіне қажетті білім дайындығына әлеуметтік тапсырыс. Құзыреттілік – оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Ақпараттық құзыреттілік – бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру және ақпараттық – коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті. Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудың басты мақсаты – оқушыларды ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану білімдерімен қаруландыру, олардың компьютерлік технологияны өз қызметтеріне еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру.
Ақпаратты қандай да арақашықтықта тез арада жеткізу, алыстағы ақпарат көздерін пайдалану мүмкіндігі интерактивтік іздеу жүйелері мен өз бетімен іздеу, содай ақ алынған материалдарды түрлі тіл тасушыларға ауыстырып салу мен т.б.сол сияқты интернеттің артықшылық көздері пайдаланылады. Интернет желісі шетел тілін үйренушіге аутентті мәтіндерді қолдану, тіл тасушыны тыңдау, олармен қарым-қатынас жасау табиғи тілдік ортаны қалыптастырады. Е.С.Полат «Қандай да болмасын оқыту құралы, ақпараттық-тақырыптық ортаның қандай да қасиеттерге ие болғанына қарамастан дидактикалық мәселелер, білім берудің нақты мақсаттарымен шартталған танымдық қызметтің ерекшеліктері бірінші кезекте болып табылады» деп көрсетті. Демек, интернет өзінің барлық мүмкіндіктері және қорларымен қоса, осы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асырудың құралы болып табылады. [8]
Сондықтан, ғаламдық желінің ақпараттық ресурстарын қолдануда оларды оқу үдерісіне енгізіп, дидактикалық түсініктеме беру арқылы дидактикалық мәселелерді шешуге болады.
- күрделі материалды тікелей пайдаланып оқу дағдылары мен біліктерін қалыптастыруға;
-желіден алынған материалдарды мәселелік талқылаудың негізінде монологтық және диалогтық айтылым білігін жетілдіруге;
-жеке түрде немесе жазбаша серіктеріне жауап жазу, реферат, шығарма және серіктердің бірлескен қызметінің нәтижесінде ойлау дағдысы мен жазу дағдысын жетілдіруге;
- актив пен пассив сөз қорын қоғамның саяси-әлеуметтік құрылысын, мәдениет дамуын білдіретін қазіргі шетел тілі лексикасымен толықтыруға;
- түрлі халықаралық қатынас жасау жағдайында тілдік үйретудің ерекшеліктерін, оқытылатын тіл елінің мәдениеті мен дәстүрлерінің ерекшеліктері қамтылған мәдени-танымдық біліммен танысуға;
Бұдан біз Интернеттің оқу бағдарламасына қатысты тәжірибелік сабақтың мазмұнына желі материалдарын қосу арқылы ендірілуде қолданылатын келесі мүмкіндіктерді атауға болады.
- оқытушының тәжірибелік сабақ өткізу үшін қандай да бір аутентті материалды таңдай алу мүмкіндігі;
- дыбыстық ақпаратты жазып алу мүмкіндігі;
- желіден алынған түрлі мәселелі ақпаратты ауызша талқылау арқылы пікірталас өткізу мүмкіндігі;
- тіл тасушыларының оқытылатын тіл халқының мәдениетінде оның қызмет ету ерекшеліктерін көрсететін идиомалар, мәтелдер, неологизмдер және т.б. тұратын нақты хабарламаларына лингвистикалық талдау жүргізу мүмкіндігі;
- тәжірибелік сабаққа қосу үшін электронды грамматикалық, лексикалық анықтамалардан, сөздіктерден, елтанымдық анықтамалардан алынған материалдарды пайдалану мүмкіндігі;
Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологияның мүмкіндіктері:
- Әр бір адамға білім алудың өзіне тиімді жолын таңдауға мүмкіндік беретін білім берудің ашық жүйесін орнықтыруға;
- Білім алудың техникасын түбірімен өзгертуге;
- Оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру;
- Электрондық білім беру пайдалану арқылы даралып оқытуға
Ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
1.Мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдау ( музыкалық немесе дикторлық дайындау, анимация бейне- клиптер, слайд –шоу).
2.Жүйенің басқару құрылымы – оқытушы өз ойын,көзқарасын,өз кезегіндегі материалдық ұсынылымын, әртүрлі аудиторияға бір ғана оқу мәлеметтерін ұсынуға мүмкіндік алды .
3. Білімді бақылау арқылы нәтиже алу, бағалау.
Ақпараттық технологияны шетел тілі сабақтарында пайдалану нәтижесінде төмендегідей жетістіктерге қол жеткізуге болады
1. Сөзжұмбақ, кроссвордтарды, кестелерді құру үшін дербес компьютерді қолдану арқылы грамматикалық және лексикалық оқу материалдарды өңдеу.
2. Ағылшын тіліндегі сөздерді сауатты жазу мен көркемдеп безендіруді үйретеді.
3. Дербес компьютерді пайдалану арқылы оқушылардың өзіндік және жұмыс жасауды игеру мен білім алуды кеңейту.
4. Интернет желісін пайдалану арқылы оқушылар электрондық пошта арқылы оқушылар хат-хабарлама алмасу және өзінің ойын еркін жеткізу.
Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі – ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен-күнге өзекті болып келеді. Тілді ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады. [5]
Сонымен қатар оқушылар интелектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік істерін дамыта алады, оқушының оқу белсенділігі артады, сабақтың негізгі кезендерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.
Сонымен бірге ағылшын тілі сабақтарында электрондық оқулықты пайдаланудың маңызы зор. Электрондық оқу құралы-бұл оқу курсының ең маңызды бөлімдерін,сонымен бірге есептер жинағы, анықтамалар, энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу эксперименттерін жүргізу нұсқаулары, практикумға, курстық және дипломдық жобаларға нұсқау және т.б білім беруді басқаратын мемлекеттік органдар тағайындаған арнайы статусы бар берілген түрдегі баспаларды қамтитын электрондық оқу басылымы. Оқу процесінде оқытудың ақпараттық–коммуникациялық технологияларын тиімді пайдалану және қолдану айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ,оқушылардың өз бетімен ізденісі,пәнге деген қызығушылығын арттырып,шығармашылығын дамытуға,оқу қызметінің мәдениеті қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға өте маңызды.
Сонымен, интеративтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын ала дайындалған оқу материалдар-презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпараттық объектілер-сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. [5]
Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз. Жалпы білім берудің мақсаты –терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру. Бәсекеге қабілетті болу тікелей білімге байланысты. Біз жаңа технологияға, жаңа өркениетті дамуға байланысты басқа өркенді елдердің көптен бері пайдаланып келе жатқан ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдардың қолданып отырмыз. Бұл-біздің Қазақстанның алға қарай жылжуының нышаны болып табылады. Ғылыми білім беруде интеративті тақтаның мүмкіндігі мол. Интеративті құралдарды қолдану арқылы оқушы білім кеңістігіне еркін бойлай алады.Оқу процесінде,оның ішінде практикалық сабақтарда ақпараттық коммуникациялық технологиялар.
Құралдарды қолдану мұғалімнің жеке-тәжірибесіне, шығармашылық ізденісіне байланысты. Интеративті құралдар оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Қорытындылай келе интерактивті құралдарды орынды қолдану оқыту сапасын жетілдіруге көмектеседі. Ақпараттық технологияны оқу-тәрбие үрдісінде қолдану оқушылардың өз мамандығына деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол.
«Қазіргі заманда болашақ мамандарды ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор екендігі біздің көздеген мақсатымызды айқындап тұрғандай.
Достарыңызбен бөлісу: |