|
-қосымша
АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН КЕҢЕСТЕР
|
бет | 45/62 | Дата | 06.02.2022 | өлшемі | 1,37 Mb. | | #30070 |
| 5-қосымша
АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН КЕҢЕСТЕР
ОТБАСЫДА БАЛАМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ҚҰРУДЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Жағымсыз ойларға берілмеу;
Күлкіге айналдырмау;
Тергемеу, сенімділік таныту;
Үйде тыныштық, сенімділік, қауіпсіздік ахуалын құру;
Ашықтық қағидасы бойынша үйдегі қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру;
Жеке тәжірибесін құру құқығын сақтау.
БАЛАЛАРДЫҢ ӨЗ-ӨЗІН СЫЙЛАУ СЕЗІМІН ДАМЫТУ
Мектепте:
Жетістікке жетудегі шынайы мүмкіндігін жасау;
Балаға деген үнемі қызығушылықты білдіру, оның бастауларын қолдап, қабылдау;
Оның өткен қателеріне қайта-қайта тоқталмай, мінезінің оң жақтарына көңіл аудару;
Үнемі сын көзбен қарамай, баланы үнемі қолдау, мадақтау;
Балаға шамасына сай тапсырмаларды таңдау арқылы оның өз-өзіне деген сенімсіздігінің, жаңа істің қателері мен сәтсіздіктерінің алдын алу;
Оның шамасына сай нақты мақсаттарды тұжырымдау және оның жетістіктеріне шынайы баға беру.
Отбасыда:
Өзара қарым-қатынаста жылулық байқатып, барлық жағынан қолдау көрсету;
Отбасыда эмоциялық жағымды ахуалын орнату;
Балаға деген үнемі қызығушылық таныту, оған қамқорлық көрсету;
Немқұрайлыққа қарағанда талап қоюшылықты қолға алу, бостандық қағидасына сүйеніп қарым-қатынас жүйесіндегі жылулық қатынастарын орнату;
Балалармен қарым-қатынастағы авторитарлық позициясын болдырмау.
Балалармен қарым-қатынасындағы қателіктерді мойындау.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|