Оразбаев Қ. И. О-65 Жалпы топырақтану



Pdf көрінісі
бет37/113
Дата28.09.2023
өлшемі2,94 Mb.
#182873
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   113
Байланысты:
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

4. Жер бедері (рельеф)
топыраққұраушы басты факторлар-
дың бірі, себебі құрлықтың бетіне келіп түскен жылу мен суды 
бөлуге тікелей әсер етеді. Сондықтан рельеф деп құрлық беті 
экспозициясының дәрежелері, түрлері және ерекшеліктерін 
айтады. Мысалы, жер бетінің сәл дөңес болуының өзі темпера-
тураның едәуір өзгерісіне әкеліп соғады. Таулы алқаптың тік 
белдеулік зонасы заңдылықтарының өзі де осымен байланысты. 
Салыстырмалы биіктік те атмосфералық жауын-шашынның 
бөлінуіне әсер етеді. Жер бетіндегі күн энергиясының бөлінуіне 
әсер ететін фактор еңістің экспозициясы (орналасу дәрежесі). 
Көбінесе топырақ құбылымына әсер етуші жер асты ыза суы-
ның өзі осы рельефтің ерекшелігіне байланысты. 
Рельефтің негізгі екі түрі бар : макро (үлкен) және микро 
(кіші) рельеф. 
Жалпы жер бедерінің ойлы-қырлы немесе тегіс жерінің 
көлемі үлкен (бірнеше жүз шақырымға созылған) болатын бөлі-
гін макрорельеф дейді. Микрорельеф деп көлемі шағын жер бө-
лігінің ойпаң немесе дөңес жерлерінің тіктік айырмашылығы 
бірнеше метрден аспайтын бедерін айтады. 
Бұл екі рельеф түрінің астында мезорельеф бар. Мұндай 
жер бедерінің ойпаттары мен дөңестері кезектесіп келеді, бірақ 
макрорельефтен айырмашылығы – құламалы беткейлері бол-
майды. Мезорельефке дөңесті дала, шағыл құмдар, макро-
рельефке таулы, тегістік өлкелер, микрорельефке шұқанақтар 
мен төмпешіктер жатады. 
Топыраққұралу үдерісіне рельефтің қатысы жанамалы 
болады. Оның рөлі – климат элементтерінің әсерлерін топырақ-
қа жеткенше өзгертіп отыруында. Тегіс жерлерде жауын-ша-
шын, жылулық, жарық бірдей, ал дөңесті, таулы өлкелерде ала-
құла болады. Сондықтан рельефті бейнелеп айтқанда, климат 
жағдайларын қайта бөлуші фактор дейді. Соларға сәйкес жер 


бедерінің әр бөлігіне тән топырақтар жаралады. Тегіс жерлерде 
топырақ түрлері біркелкі де, ойлы-қырлы жерлердің топырақ-
тары әртүрлі болады. 
5. Топырақтүзілуіндегі ерекше фактор 
бұл уақыт немесе 
геологиялық дәуір. Топырақта өтіп жатқан барлық үдерістер 
осы уақытқа байланысты. Қоршаған ортаның топыраққа әсері 
және топырақтүзуші фактрорлардың жаңа топырақ түрін түзуі 
белгілі бір уақыт аралығын талап етеді. Мысалы, географиялық 
жағдай бірқалыпты болмай өзгеретіндіктен, уақытқа байланыс-
ты топырақ эволюциясы жүреді. Сондықтан, геологиялық дәуір 
топырақтың жаратылуы мен эволюциялық даму кезеңін көрсе-
теді. Топырақтың абсолюттік және салыстырмалы жастарын 
бөледі. Уақыт факторына В.В.Докучаев көп көңіл бөліп, то-
пырақ шағы немесе жасы деген түсінікті ілімге енгізіп, оны жер 
бетінің мұз немесе су астынан шыққан мезгілінен бастап есеп-
теген. 
Бұл ілімді академик В.Р. Вильямс дамытып, жоғарыда 
аталған топырақ шағының түрлерін бөлген. Абсолюттік топырақ
шағын жер беті қаптаған мұздан босаған мезгілден есептейді. 
Орыс жазығын, үлкен Днепрді мұздық кезеңде басқан мұздар 
оңтүстіктен солтүстікке қарай жылжығандықтан ең алдымен 
мұздан оңтүстік аймақтар, содан кейін тундра босаған. 
Сондықтан, В.Р.Вильямстың айтуы бойынша, оңтүстік пен 
солтүстік топырақтарының жаралу жасының (шақтарының) 
айырмашылығы бірнеше мың жылдарға тең. 
Ал салыстырмалы жас белгілі абсолюттік шағы бар ай-
мақтың ішінде, рельеф және аналық жыныстардың айырма-
шылығынан пайда болған топырақ түрлерінің шағына сәйкес. 
Рельеф элементтері және түрлері салыстырмалы жас немесе егде 
келеді де, топырақтары соған сәйкес болады. Мысалы, өзен 
жайылмаларының топырағы мен жайылмадан жоғары жерлердің 
топырақтарын салыстырсақ, біріншілерінің топырағы жаңа 
құрылған жас шақты, екіншісінің топырағы салыстырмалы егде 
жасты болады. 
Сондай-ақ солтүстік Каспий ойпатының топырағы теңіз 
суынан жуырда босаған. Сондықтан оның салыстырмалы жасы 
бар деуге болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет