Орындаған: Кенжеғара Аружан Қазақ халқының ұлы тұлғалары. Жамбыл Жабаев


«Абай жолы» эпопеясы туралы айтылған бұл пікірлердің бәрі – М.Әуезовтің ерекше талантына, халық алдындағы еңбегіне берілген өлшеусіз құнды баға



бет3/31
Дата03.06.2020
өлшемі0,7 Mb.
#72157
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Кенжеғара Аружан

«Абай жолы» эпопеясы туралы айтылған бұл пікірлердің бәрі – М.Әуезовтің ерекше талантына, халық алдындағы еңбегіне берілген өлшеусіз құнды баға.

Бұл роман арқылы жаңа ғасырдың жарқын жолына қадам басқан ұрпақтың бүгінгіні танып білуі кешегі тарихымызды жете білуімен сабақтасатыны дәлелдене түседі.

Момышұлы Бауыржан

(1910-1982)

Момышұлы Бауыржан (1910-1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері-Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені. Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі болады. 1941 ж. Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады. 1941 жылғы күзгі, қысқы кескілескен шайқастар кезінде өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шықты. 5 рет қоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік құрамымен аман-есен дивизиясына қосылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет