Қосалқы тарихи пәндер және олардың тарих ғылымында алатын орны


Тарихи география пәні мен міндетері



бет5/12
Дата07.02.2023
өлшемі41,3 Kb.
#167679
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ктп (копия)

Тарихи география пәні мен міндетері.

Тарихи география әлем елдерінің тарихы және географиясымен байланысты көптеген мәселелерді қамтиды. Тарихи география - дүние жүзі саяси картасының қалыптасуын, яғни мемлекеттердің пайда болуы, алғашқы , орта және жаңа дәуірдегі мемлекеттердің тарих сахнасына шығып, өмір сүруін (қысқаша), олардың тарихи уақыты мен саяси – географиялық орналасуын, сонымен бірге қазіргі дүние жүзінің саяси картасын: мемлекеттердің саны, көптүрлілігі, оларды топтастыру және типке бөлу, дүние жүзі елдерінің мемлекеттік – саяси құрылысын, халықаралық қатынастар, оның дүние жүзі картасына әсерін және мемлекеттердің геосаяси жағдайларын, сондай- ақ бұл тұрғыда егемен Қазақстан Республикасының геосаяси жағдайы мен сыртқы саясаты, ұстанған бағыт- бағдарын қарастырады

  1. Тарихи ономастика пәні мен міндеттері.

Ономастика (грек onomastіke – ат беру өнері) – тіл білімінің жалқы есімдерді зерттейтін саласы. Жалқы есімдерге кісі, жануарлар аттары, халық, ұлт, ру-тайпа атаулары, жер-су, аспан денелері жатады. Ономастикалық зерттеулер әртүрлі халықтардың көші-қон жолдары мен бұрынғы қоныстану орындарын, тілдік және мәдени байланыстарды, тілдердің ежелгі күйін және олардың диалектілерінің арақатынасын анықтауға көмектеседі. Топонимия (әсіресе гидронимия) көбінесе жоғалып кеткен тілдер мен халықтар туралы ақпараттың жалғыз көзі болып табылады.

  1. Генеалогия пәні мен міндеттері.

Генеология -жеке тектердің, отбасылар мен адамдардың шығу тегін анықтаумен, олардың туыстық байланыстарын негізгі Өмірбаяндық фактілер мен қызмет, әлеуметтік мәртебе және меншік туралы деректерді анықтаумен тығыз бірлікте анықтаумен айналысатын қосалқы тарихи пән.(Шежіре)

  1. Дипломатия мен құқық тарихы.

«Дипломатия» сөзі гректің diploma – қосарланған тақтайшалар деген сөзінен шыққан. Diploma – жазу түсірілген қосарланған тақтайшалар Ежелгі Грек елінде елшілердің ерекше өкілеттігін айғақтайтын сенім грамотасы ретінде берілген. Тарихи декректер бойынша Үндiстандағы құқытық ескерткiштердегi Ману заңы бойынша дипломатиялық қызмет соғыстың алдын алу және бейбiтшiлiктi нығайтуды көздеген, олардың қызметшiлерi мен баспанасы мемлекет пен құдай өзiнiң қорғауына алады деген. Батыс Еуропа елдерiнде: Римде, Греция, Португалия, Германия дипломатиялық мәселенi шешу әр-турден тұрды.Римде арнайы ұйымдар құрылды. Олар ораторлардан және хабаршылардан тұрды. Грецияда сыртқы қатынастардың дамуы нәтижесiнде қариялардың кеңесiнде жауапты тұлғалар тағайындалған, оларды Пресбейс деп атады, оның қолына тиiстi грамота берiлдi ол “диплом” деп аталды. Грецияда елшiлерге қол сұқпаушылық ресми түрде танылды. Елшiлiктер тұрған жерлер сол келген мемлекет юрисдикциясынынң құрамынан алынатын болды. Яғни сол жер аумақтары белгiлi мемлекет елгiлiгiнiң пайдалануына берiлдi. БҰл рәсiмдер:Рим, Лиссабоан,Венеция, Генуя,Франкфурт-на-Майне, Мадридте болды. Грецияда дипломатиялық қатынас жұмысын жүргiзгенде тақтайшаға жазылатын болды оны диплом деп атады. Араб Шығыс мемлекеттерiне:Египет, Судан, Иордан,Сауд Аравиясында елшiлiк мiндеттi түрде қорғаушылыққа алдынды, яғни сол келген мемлекеттiң қорғауында болды.Елшiлер мемлекет аралық байланысшы деп анықталды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет