ОқУ-Әдістемелік материалдар семей 013 Мазмұны Глоссарий Дәріс сабақтары тәжірбиелік сабақтар Студенттердің өздік жұмыстары глоссарий



бет2/18
Дата07.02.2022
өлшемі114 Kb.
#95243
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
ed2beab4-41db-11e3-9bd8-f6d299da70eeУчебн матер
ed2beab4-41db-11e3-9bd8-f6d299da70eeУчебн матер
Мектепке дейінгі педагогика – мектеп жасына дейінгі балалардың даму заңдылығын зерттейтін педагогика ғылымының құрамды бөлігі.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту – мектеп жасына дейінгі балалрды отбасында немесе мектепке дейінгі ұйымда тәрбиелеу және оқыту.
Мектепке дейінгі ұйым – мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдай жасайтын ұйым.
Тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін қалыптастырып, өмірге бейімдеу үшін жүргізілетін игі әрекет.
Тәрбиеші – оқу – тәрбие мекемелерінде балалармен тәрбие жұмысын жүргізуші.
Я.А.Коменский – чех педагогы, мектепке дейінгі тәрбиенің алғашқы жүйесін жасады.
Джон Локкағылшын педагогы, «Адам ақылы жөніндегі тәжірибе», «Тәрбие жөніндегі ойлар», «Ақылды тәрбиелеу туралы» атты еңбектері бар, онда: бала жанының табиғатынан ақ тақта сияқты тап-таза болады деп көрсетті.
Жан Жак Руссо – француз педагогы жалпы тәрбиенің теориясын жасады, баланың өмірін 4 кезеңге бөлді: туғаннан 2 жасқа дейін; 2 – ден 12 жасқа дейін; 12 – ден 15 жасқа; 15 жастан ер жетуіне дейін.
И.Г.Пестолоциишвейцар педагогы, баланың табиғи дамуына мән берген, педагогикада алғашқылардың бірі болып тәрбие мекемелерінде теориялық қызмет пен тәрбие іс-әрекеті бірлігінің маңыздылығын көре білді.
Роберт Оуэнағылшын қоғам қайраткері, қоғамдық тәрбие туралы ой айтқан, мектепке дейінгі мекеме құрды: ол «Сәбилер мектебі» деп аталды.
Фридрих Фребельнеміс педагогы, мектепке дейінгі педагогиканың жеке ғылым саласы ретінде бөлініп шығуына үлес қосқан. 1837 ж. Мектепке дейінгі мекеме ашып, оны алғаш «балабақша», тәрбиешіні «бағбан» деп атаған.
Марья Монтессори – итальян педагогы, ерте балалық шақтағы даму мәселесін қарастырған.
Иоганн Гербарт - оқыту мен тәрбиенің психологиялық негіздерін жобалап берді, баладағы адамгершілік қасиетті қалыптастыру үшін оның саналылығын көтеріп, онымен сыйластық қатынас жасау қажеттігін жариялады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет