Судың негізгі қасиеттері. Су – қасиеттері ерек-
ше зат. Сусыз тіршілік жоқ. Тірі ағзаларда су
қандай да бір басқа заттарға қарағанда көп болады. Орташа алғанда,
ағзада 70%-дан астам су бар деп есептейді. Бірақ сүйек пен құрғақ
тұқымда 50%-дан аз, ал медузада, ми жасушаларында немесе адамның
ұрығында 92%-дан көп су бар. Қандай қасиетіне байланысты су осылай
тіршілік үшін қажет болып табылады? Соны нақтырақ қарастырайық:
Беттік керілу – судың ұсақ бөлшектерінің бір-біріне тартылу
қабілеті.
Беттік керілу күші су молекулаларына бір-біріне тұтасуына ғана
емес, өзіне жеңіл заттарды ұстауына мүмкіндік береді: су бетіндегі
жапырақтар, майда тұқымдар, қағаз қайықтар және т.б. (44-сурет).
Осы беттік керілу күшіне байланысты сабын көпіршіктерін үрлеуге
болады. Салмақсыздық күйінде су шар пішінді болады. Судың беттік
керілу күші ең үлкен сұйықтық екені дәлелденген.