Ақша айналымы – бұл өз қызметтерін орындайтын жəне
тауарлардың сату-сатып алынуына қызмет көрсететін, сонымен
қатар, тауарлық емес төлемдер мен есеп-айырысуларды атқа-
ратын ақшалар қозғалысы.
Ақша айналымы қолма-қол жəне қолма-қолсыз нысандар да
жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта, дамыған елдерде ақша айна-
лысының басым бөлігі қолма-қолсыз нысанда ұйым дастырылады.
Ақша жүйесі – бұл қоғамда тарихи түрде қалыптасқан жəне
мемлекеттің заңдық тəртіппен бекіткен ақша айналысын ұйым-
дастырудың ерекше формасы.
Ақша айналысының аса маңызды түрдегі көрсеткіші болып
ақша массасы (жиыны) табылады.
Ақша массасы – бұл экономиканың шаруашылық айналы-
мына қызмет көрсететін жəне жекелеген тұлғаларға, фирмаларға
жəне мемлекетке тиесілі қолма-қолды жəне қолма-қолсыз түрдегі
төлем құралдарының жиынтығы.
Ақша массасы экономикада біртекті (стандартты) болып та-
былмайды. Оның құрамына сатып алушылық жəне төлем
дік
құралдармен қатар, депозиттік сертификаттар, чектер, жинақтау-
шылық шоттар жəне басқа да құралдар ретіндегі компонент-
тер кіреді. Бұларды «квази-ақшалар» (ақша сыңайлы) немесе
өтімділігі бар активтер деп атайды.
Бір-бірінен өтімділік дəрежелері бойынша ерекшеленетін ақ-
ша массасының құрылымдық элементтерін
ақша агрегаттары деп атайды.
Ақша агрегаттарының мынадай түрлері бар: М 0 = айналыстағы қолма-қол ақшалар;
М 1 = М
0
+ жинақ банктеріндегі, коммерциялық банктердегі
халықтың жəне кəсіпорындардың талап етілгенге дейінгі депо-
зиттері, халықтың жəне кəсіпорындардың есеп-айырысу шылық
жəне ағымдық шоттардағы қаржылары, саяхатшылардың чектері;
М 2 = М
1
+ кіші жедел салымдар;